дағдарды. Ақылды кісінің сөзіне ұқсады ма? Сасқанынан оң жағында жатқан
қамшысына жармасты. Тарам-тарам кішкене саусақтары дір қағып, қамшының
бүлдіргісін білегіне орап-орап алды, үй иесі таңданған сияқтанды:
– Кетесің бе? Неге асықтың?
– Жоқ, ә, әншейін, жай... жай,– Қонақтың одан сайын берекесі ұшты. Жалма-
жан білегіне оралған бүлдіргіні қайта тарқатты, қамшыны өзінен алысырақ, іргеге
таман лақтырып тастады.
– Е, сүйт, екеуміз әңгімелесіп отырып шай ішейік, кемпір-ай – деді қарт,–
самаурын салшы! Сисенбай отыр ғой!– Сисекеңнің төсі бірте-бірте қайқайып бара
жатты. Әлгіндегі хал-күйін дереу ұмыт етті. Иегіндегі сақал түгіл, арық, ұңғыл-
шұңғыл жағына біткен жалғыз-жарым қылдың өзі елеуреп, мен мұндалай
тікірейеді. Әлсін-әлсін қолын тарақтайды, сақалын сипайды, әлсін-әлсін тамағын
кенейді. Бір мезгілде жантая беріп, шалқасынан түсті. (Артында үлкен қызыл ала
жастық тұрған, қыбын бағып отырған шөтке-қара қонақтың ниетін аңғарған соң
білдірмей, сүйреп ала қойыпты). Одан, өрмекшінің ауына іліккен қара шыбындай
жанұшыра тырбалаңдап қайта тұрды, қайта жасыды, қайта шіренді.
– Мә-ә-ә-, бәлем, атамды қара, құлап атыр!
– Кызық-ай, атам нәнбәй болып!– деп шуласты кішкене қыздар. Кемпір-
самаурын көтеріп шыға берген-ді, қайырылып, жекіріп қалды:
– Тек, қырылғыр, шулама түге!
– Өй, сайтандар, жастықты қайсың алдындар,– Әжекең өзі ілгері ұмтылыңқырай
отырып, жастығын ысырып, қонақтың беліне таяды,– шынтақтай отыр, Сисенбай,
кеңескенге қолайлы. Иә, мал-бас аман ба? Заман бұзылып кетті дедің-ау сен жаңа!
Аталы сөз! Ұлағат болатын әңгіме. Не үшін айттың, не көріп айттың, сөйле,
құлағым сенде!–Жымиғаны болар, мұртының астынан сол жақ езуін сәл ғана
тартып қойды.
Әжімгерейді жұрт көп кінәлайтын: жасы жетпістен асқанша баққаны мысқыл.
Ешкіммен іші жібіп сөйлеспейді. Ойыны қайсы, шыны қайсы айыру қиын. Ылғи
кісі-нің осал тұсын аңдиды. Кәдімгі кері кеткеннің кекесіні мен кесір тілі. Мұны
айтушылардың ең осалы – осы Сисенбай да, ең мықтысы өзінің кемпірі-тін. Ал,
қазір екеуі де мәз, екеуі де таң. Қалай ол? «Жаңа өмірдің» Сисенбайын осынша
қолпаштап, осынша құлағаны? Ендеше, Сисекеңнің тегін қарт болмағаны да!
Қайдан тегін болсын, отырысты көрмейсің бе! Болмысы отырғаннан гөрі жатқанға
көбірек ұсайды. Екі алақанын қабаттап әкеліп, оң құлағы мен жастықтың арасына
қыстырыпты. Көзін бір ашып, бір жұмады. Ара-кідік: ім-м, ие-е-е, мһе-е-е деп,
ыңырана толғанады. «Заманның бұзылғаны» туралы ойдың шет-шебіне жете алмай
жатса керек. Паңданғаны сонша, енді бір сәтте ұйықтап та үлгірді.
Түсінде Қуантай марқұм мен Әжімгерей қартты қатар қойып, айтысып отыр
екен. Екеуіне кезек-кезек ұрысады, кезек-кезек ақылын айтып, арқаларынан қағады.
Аналар: «Сисеке, сіздікі дұрыс, тауып айттыңыз, аталы сөз, ұлағатты әңгіме» деп,
шұлғығаннан бөтен дәнеңе айтпайды, бірақ, мұның көзі тайса болды, бір-біріне
қарап жымыңдасады, ұрттары бүлкілдеп бұған естіртпей өзара сөйлеседі.
Сисекеңнің жыны келеді. Екеуін екі бұрышқа тығып, оқсатып бір сыбауға оқтала
берген, оянып кетті!
– Құлағым сенде, Сисенбай!
– И-ә-ә, заман бұзылып,– деп Сисекен қырғыш-жағын қайзаң-қайзаң еткізіп,
басын есіней көтерді,–заман бұзылып барады ғой, Әжеке.
– Оны айтқансың?!
Әлгінде көрген түсін ойына тағы бір келтіріп, түгендеп алмақ боп, көзін қайта
жұмған. Қуекең мен Әжекеңнің жаңағы, түсіндегі кейіптері көзіне елестегенде аузын
тамсанып-тамсанып қойды: неткен тәтті түс!
– Иә-ә-ә, заман бұзылды ғой, бұзылды! Зорлық, зомбылық!..
– Әлгі баласы құрғыр қайда кеткен? Уһі, ұршығы түскір-ай, кілт ете түсті ғой,
Сисенбай, қолыңды өзің жу, су кұятын кісі жоқ саған.– Қонақ манадан бергі
маңызын, тәкаппарлығын кілт естен шығарып, есікке қарай қалбалақтай жөнелген,
үй иесі орнынан жер таяна тұра беріп:
– Қой, әй, кемпір, мен бармын ғой, отыр, Сисенбай,– деп салды. Сисекең
төсегіне қалбаң етіп қайта қонды, екі-үш рет бөксесін ырғап, енді тұрмастай ғып
орнықтырды. Сосын екі-үш рет тамағын кенеп еді, ақылды кісінің қалпына қайта
енді.
Алғашқы екі шыны-аяқ үнсіз ішілді. Әжекең қанша күткенмен, қонақтың
аузынан: «ім-м, заман бұзылып кетті ғой-дан» бөтен ештеңе ести алмады. Сисенбай
ақыл, ес дегендерді қатты құрметтейтін. Ол үшін арсыз, имансыз, тұрлаусыз
сықылды сөздер бұйым емес, ессіз, ақылсыз, қалтарыссыз демесе болғаны.
Сондықтан, есті, ақылды-ларды күндейді, пір тұтады, ессіз, ақылсыз, қалтарыссыз
адамдарды сүйеді, бірақ менсінбейді, арсыз, имансыз, тұрлаусыздарды іздейді,
бірақ таппайды, танымайды. Ондайларды іздегенде бөтен сезімі жоқ, тек көрейінші
деп іздейді. Көрер ме еді өздерін?! Түрі, түстері қандай болады екен? Сөздері ше?
Оның ақылдылық жайлы түсінігі де пәлендей тайыз, не пәлендей терең емес:
жанындағы кісі қалай түсінсе, ол да солай түсінеді. Бөлек түсінік, бөлек пікір
болмай-ды. Ел таныған Қуантай, Әжімгерей іспетті қарттарды көргенде елпілдеп,
еріп жүре береді. Бірақ жоғарыдағы себепті ішінен оларды онша ұнатпайды, қайта
реті