ң – бір елдің
кірпігіңе тірелді.
Саңқылдайсың,
сыбырлайсың,
сайрайсың
түнгі қоңырау – телеграф секілді
тына алмайсың күн шыққанша.

ӨТІРІК

Жақсы күннің ақынымын мен, қалқам,
Бақыт көрсем – өлең айтам айғай сап.
Кедей көрсем – кейін болар байды айтам,
сұлуларға қалың малы жайлы айтам,
тұтқындарға амнистия жайлы айтам.
Әкелері қан майданда мерт болған
ұлдарға айтпай жақсы сөзді – қайда айтам?!

Қызыл тасқын сөз кетеді-ау көпіріп.
Әттең қиын...
Қиын екен өтірік.


АЛҒЫ КҮН

Бәрі, бәрі алғы күнде жатады:
Қуанышым көл боп толқын атады.
Сәл шыдай тұр,
сәл шыдасаң бір түрлі
бәрі, бәрі оңдалатын сықылды.

* * *
Жағалаудың ақ шарқатты толқыны,
ұяттымын алдыңда,
мен қашанғы болар екем бақытсыз?
Қайыршылық, жұмыссыздық – ал, таңда.
Саған бұрады жүрегім,
тиын жоқта қалтамда.
Ертең… ертең жұмыс табам
бір мықтыға сәлем берсем имене,
ал, бүрсүгін?
Үйленем.
Қазір үйде күтем сені, алтыным,
ақ шарқатты толқыным.

ҚҰТЫЛУ ЖОҚ

Түсінікті, құтылу жоқ өлімнен,
Жер сілкіну апатынан,
Әжімнен,
Шаш ағару, шаш түсуден,
қарттықтан…
тоқта, тоқта, аптықпа!
Құтылмаймыз қалай ғана япыр-ау
Жұмыссыздық қырсығынан,
аштықтан?
Түсініксіз, неге біз,
аурулардан емі бар
арыла алмай келеміз?!

МАХАББАТ ЖЕЛІ

Аһ, достарым, тыныш едім, не болды
қаңбақ етіп денемді
бір жел-құйын көтеріп ап жөнелді.
Аһ, не болды,
мені енді
жел көтеріп жөнелді.
Ойламаудан болды бәрі бас қамын,
ақыныңның ерлігі мен дастанын,
жел әкетті достарым,
махаббаттың желі әкетті достарым.

ӨЛГЕН ДОСТЫҢ ХАТЫ

Тірлік етем, баяғыша
сенделемін, ойдың отын жағамын.
Тек билетсіз жүрем поезд, автода,
Зат алсам тек – саудаласпай аламын.
Үйге қонам түнде ылғи
(көкіректі қайғы қысқан сағатта
терезені аша алсам-ау тек әттең)
Әттең, әттең қаси алсам желкемді,
гүлді үзіп,
қолын қыссам достардың,
болмас еді басқа арман,
Ойлай-ойлай осыны,
көкірегім өртенді

ЫЛҒИ МҰНДАЙ ЕМЕСПІН

Менде де бір әсем кештер болады;
Қызметтен уақытында оралам,
ораламын сыраханадан аман,
жан-қалтамда жалақым да түп-түгел,
балаларға ұсынамын базарлық,
сөйлетпеймін қарт анамды азар ғып,
жауларым да тұрмайды көзіме елестеп…
Менде де бір әсем кештер болады,
ылғи мұндай емес тек.

ХИРОСИМА

Дүниеге бөлек-бөлек келдік біз:
атам, әкем және мен,
ұлым, қызым,
күйеу балам – бәріміз
дүниеден бірге өттік,
бірге ұрындық тасқынға,
біздің мола қираған бір шатырдың астында.

КҮТЕМІН ДАУЫЛ

Құс ұшпайды аспанда,
жапырақ судырамайды.
Толқындар тыныш, түбінде.
бір атылуды қалайды.

Болат-тыныштық шыңылдап
құлағымды қажап тұр.
Күтемін дауыл, жүрегім
жарылуға аз-ақ тұр.

ЕРТЕҢГІ КҮН

Протогиппус – жылқының арғы атасы,
Диноторум – пілдердің арғы атасы.
Ертеңгі ұрпақ бізді де атам дер-ау,
ертеңгі жұрт бізді де адам дер-ау.

СОРЛЫ АҒАШ

Бір ағаш бар, булығып
тыныш тұруға шыдайды.
Соны көрсем, таң қалам,
Күнде жаңбыр сұрайды.

Айырмайды күн, түнді,
төрт мезгілінде жылдың,
жаңбыр, қар, жел астында
өз-өзінен езілді.

Қарғамайды қайғыны,
танымайды шаттықты.
Бірақ сәуле түскенде
абдырады, аптықты.

Кітап берем мен оған:
тыныштығынан айрылсын,
Әуселесін көрейін
әуелі бір қайғырсын!




* * *
Балық үшін теңіз керек демеп пе ек,
сүю үшін қайғысыздық керек тек.
Уәйімсіз жату үшін шалжиып,
алу керек мал жиып.
Бірақ түктің керегі жоқ, туысым,
ақындарға ақыл үйрету үшін.

ҒАЛАМАТ ЗАТ

Ғаламат зат – өмір сүру дегенің:
болса аспан-күн айық,
Жүрсең сау боп тыңайып,
кір болмаса кеудеңде,
шын айтуға келгенде,
таза болса арың да,
наның болса қолыңда,
сенім болса достарға,
елің болса айтқаныңды қостарға,
жүрсең ылғи алғы күннен бақ күтіп,
ең мықтысы: сенсең бақыт дегенге,–
бола ма екен басқа арман…
Ғаламат зат – өмір сүру дегенің.

ЦИВИЛИЗАЦИЯ

Өзіңе бір қарашы, ұят-тағы
түк ұқпайсың тас-қазық сияқтанып.
Киіміңді корген жан құсып өлер,
Құрсын, құрсын көрсетпе, түсіме енер.
Қылық жасап қатынша бұраңдайсың,
бір орында тыным ап тұра алмайсың.
Бешпет киген кімсің сен, айналайын,
цивилизация дегенің қайда ағайын?
Мойныңдағы шұбалған таста арқанды,
аттама анау столды, дастарқанды.
Тарелка мен нан керек тірі жанға
қасық ұстауды үйренші құрығанда.
Англия нейлоны... бастон, жібек
Модылардың базары басталды үде