енді еске.
Олар үшін емес мынау түн-дағы,
тірлік те жоқ тірлік үшін белдескен.

Неменеге асқақтайды шыққан күн?–
Оларға енді бәрібір.
Күн не, түн не өлікке,
соқыр тиын қараңғың мен жарығың.
Алыс-алыс қалаларда қап қойған
сүйіктіңнің қажеті жоқ түкке енді.
Өлік үшін бітті бәрі түп-түгел,
бітпесе өмір тірілерге бітпейді.

Аштық пен шөл, кек пен намыс жоқ енді,
үзім нанды қызғанбай-ақ қойыңдар.
Тоңбайды олар, керегі жоқ киімнің,
қылмыс та жоқ енді олар мойындар.

Ең әдемі оты-дағы маздақтың
жылыта алмас енді олардың бүйірін.
Естімейді қанша айқайла, –
Жыла, туыс, ағайындар иіріл.

Доспысың сен, қасқырмысың, жаумысың –
айырмайды біріңді.
Олар үшін самолет не, кеме не –
немене?
Бітті бәрі. Бәрі де
«өлді» деген жалғыз сөзге ілінді.

ҒАШЫҚТЫҢ ТҮСІ

Терезеден айқай салам түн сайын:
– Сүйем сені, естисің бе, қайдасың?
Арамызда қонақ үйлер,
көп қатарлы дүкендер,
ығыстырып қойып, сені іздеймін,
сені іздеймін түн сайын.
Арамызда теңіздер мен кемелер,
Кеме мінем,
жаяу жалғыз су кешем.
Самолетке ай астында көрінген
Жармасамын, бұлттарды ашып-ашып қап
жүрем ылғи сені іздеп –
ғашықтығым емей саған немене?!

ОСЫНДАЙ ЕЛДІ СҮЙЕМІН

Сүйем мынадай елді:
аспаны көк, жапырағы жап-жасыл,
гүлі қызыл, құсы көп.

Сүйем мынадай елді:
қайғысы мен қазасы жоқ бір атым,
адамдары тату-тәтті тұратын.

Сүйем сондай елді мен:
«сен», «мені» жоқ, бай, кедейі жоқ тағы,
қыста үйі, сәбиінің күртесі бар мақталы

Сүйем осындай елді:
өмірінен өзге асылы жоқ елді,
өлімінен өзге азасы жоқ елді.

НЕУЗАТ ҰСТҰН

СҰРАҚ

Дән де бір ер
топырағында өзінің.
Өзен бір ер
арнасында өзінің.

Кетеді екен нағыз батыр боп пенде
өз бағына алма, жүзім еккенде.
Одан асқан ер болмайды жалғанда
сол жүзімді ауызына салғанда.

Бар сезімім қатындарға шығын боп,
бар ақылым ақындарға шығын боп,
түйін салмас алма ағаштың түбінде
мен отырмын бүгінде.

* * *
Анатолийде ауыл бар,
сол ауылда бір үй бар көретұғын түсінде.
Ол үйде бір әйел бар,
шайтан отыр сол әйелдің ішінде.
Амал жоқ айтам: сайқал...
Шайтан!.. Шайтан!

АС ҮЙДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР

Ас үйде осы жырды жазып отырмын,
құмыра, табақ кесел етті мықты ойға.
Ас қайнайды мың адамдық қазанда,
ей, аспазшы, тұзын ащы ғып қойма!

Ас үйде осы жырды жазып отырмын,
түнгі үш жарым,
Испания қамалында, сұлудың,
Қара шашы жайылды.
Шайханашы, шығара құй шайыңды.

Неге ас үйде өлең жазам мен осы?
Менің айым, күнім қайда шырақ-ау?
Мені көп ой жылытады буымен,
бетті шарпып бара жатыр бір алау.
Терезеден мияулайды мысықтар,
көздерінде соқыр бақыт, соқыр мұң.
Ақмет ән сап,
Жұма шайды қайнатты,
мен ас үйде өлең жазып отырмын.

ХАЙУАНАТТАР ПАРКІ

Мұңды көзбен мұнша неге қарайсың?
Не бере алам – түсінесің сен оны.
Зауқың соқса,
ет бере алам мен саған,
біздің қолдан сүт беру де келеді.
Жұмыртқа да бере аламын,
қаласаң
Бақыт жайлы қиялымды ал тамаша.

Арыстан деп атайды ғой жұрт сені,
рас, рас арыстансың сен асыл.
Саған деген көңілім ақ, сабазым,
назарыңды неге төмен саласың?
Арыстан боп жаралғаның – айыбың?
Мұңды көзбен мұнша неге қарайсың?
Бәрін, бәрін бере аламын,
Әне, алдыңа тастадым,
бәрін берем бостандықтан басқаның.


ҚАНДЫ ЖҰМА

Неткен апат, неткен ажал десеңші!
Тасыған қан тамырларда құтырды.
Бостандық пен бақыт жайлы жазылды,
Жалғыз ауыз жырым болса ұтымды.

Азияның өз қолы бар,
бес мың жылдай болды оған,
саған деген құштарлығым сықылды.
Неткен ғана қанды күн еді сол өткен,
қырғын болды ай астында болмаған,
Түркия аспанынан – бұл анық:
тамшыдай боп тысыр-тысыр құладық.


Күнімді алып аспаннан,
көрінбейтін күнімді алып аспаннан
сүйеп қойдым көкжиекке – іргеге.
Өмір сүрем өміріңмен сендердің,
мен – сендердің өліміңмен өлген ем.
Қайта-қайта тірілумен жүрген ем!
Тариығым-дөңгелегім, дөңгелен!

Неткен шаршау, неткен ғана күйректік!
Қорқынышты қабіріне сүйреп тық!
Мықтап тұрып бір жеңуді үйрендік,
ал, жауларға жеңілуді үйреттік!

Азияның өз қолы бар,
бес мың жылдай болды оған.
Неткен қанды жаңбыр еді ол өткен,
бейне жаңбырдан кейінгі жер құсап
шыға келдік көгеріп біз кенеттен,
болу керек енді сақ,
айтатыным сол ғана.

Өліп қана мықты болған жұрт едік,
Өлімнің бар абыройын бүркеніп.
Неменесін іркемін:
кірпіктерге кірсіз тамшы тұр келіп.

Деміңді алар кім тартып?
Қолымдағы бостандықты кім алар?
Өткен күннің кітабынан оқы