кезде серуенге шыға қал.
Алақанда – рахаты ескектің,
түнде біткен іс шаттығы – көңілде.
Тартасың-ау кәрі ескекті төстеп бір,
түс көресің өңіңде.
Қарсы жүзер сонда саған балықтар,
сырғанайсың жуас толқын жонында.

Төк ауыңды, қалтқыңды қалықтат,
сұйық ақық секілді су,
қолың бар –
сүзіп қара, сол шақта:
шағаланың үнсіз жатқан шағында,
Қара дауыл шықса атылып аспанға,
Бұл не тағы? Су перісі? Құс па әлде?
Сым ішек пе? Труба ма?
Сасқанда
айқайлап кеп жібересің:
е-е-е, е-ей!
Не отырыс, қарғы жардан теңізге!
қатын-балаң күте ме үйде әлі де?
Түкір оның бәріне!
Көрмеймісің, маңың түгел – бостандық?!
Ескек бол сен,
не су бол,
не дауыл бол долданып,
ақ желкен бол,
бол балық,
жүз, сайранда,
күш жеткенше
еркін жығыл, еркін жық –
Міне, саған Еркіндік!

ЭПИТАФИЯ №1

Бұл дүниеде қиналды ол
бәрінен де қаттырақ
сүйел шығып башпайының астына.
Ажарсыз еді, онысына ренжіген жоқ, бірақ,
сүйел шықты башпайының астына.
Кездерінде бәтіңкісі қыспаған
Құдайды ойлап бас қатырған жоқ әрі.
Күнәлі де кісі емес ол – күшті адам,
бірақ халі аянышты болады.
Бәрінен де әпәндім-ай, әпәндім,
Қырсығыңа Сүлеймен боп атандың.

ЭПИТАФИЯ № 2

Ешбір сұрақ мазалаған жоқ оны,
«Ту би ор нот ту би»1 деген де.
Түнде ұйқыға жатқан,
таңда өледі,
содан оны көтеріп ап жөнелген.
Намазына жиылған жұрт көмеді,
мұны естісе алажағы бар жандар
бұ қазаның құны біраз арзандар.
Алғаны жоқ, қайдан болсын берері.

1 Бола ма, жоқ па? (ағылшынша)

ЭПИТАФИЯ № 3

Винтовкасы тапсырылды қоймаға,
әлдекімдер киімін ап боқтады.
Дорбасында қиқымы да, жоқ нанның,
ыдысында ерін ізі жоқ тағы.
Кеткен сынды жел үріп,
кетті ол мәңгі,
есімі де жоқ есте.
Екі-ақ ауыз жазған сөзі желігіп:
«Өлім деген – Құдай еркі емес пе,
Өлмесе адам неге керек шүкір ғып,
біз де бәрін сол шүкірмен бітірдік».

ОЛ ЕМЕС!

Қалай айтсам болады
қасіретімді сендерге!
Қысымынан қайғының
сөз қалмады менде емге.
Қырсығымды бұл ерен
тек жауыма тілер ем.
Жарасы ма жүректің?
Ол емес қой, ол емес,
Қайғы – қара тамақ па?
Ол емес!
Не болды деп, сұрайды
көзге төніп көп кісі.
Сондай қайғы мендегі...
енді шыдар жоқ күшім.

ӘЛДЕ НЕ БАР...

Теңіз мұнша бола ма әсем күнде де?
Аспан мұнша бола ма әсем күнде де?
Мына заттар осындай ма күнде де?
Терезенің әйнегі ше?
Үндеме!
Қайда саған, қайда саған!
Бар мұнда
мен ұқпайтын бірдеме.

НЕГЕ!

Неге бұлай:
біреу тұрып «порт» десе,
көрем ылғи діңгектерін кеменің.
«Теңіз» десе тағы біреу,
көз алдыма ақ желкендер келеді.

Ал, «март» десе – мысықтарды мауыққан,
«шындық» десе – жұмысшыны көремін.
О, Құдайдың толғандырып қойғаны-ай:
неге сенеді қарт диірменші Аллаға,
осылардың бірін жөндеп ойламай?
Сауалым көп, сауалым:
желді күні неліктен
жаңбыр қыли жауады?

СУ ТЕГІН

Біз өмір сүреміз
теп-тегін,
Бұлт – тегін,
теп-тегін оттегі.
Тау тегін,
Жаңбыр мен лай тегін,
Машина көргенім үшін мен
бір тиын бермеймін,
ішімнен
мың шүкір етемін әйтеуір.
Қайтемін:
Витрина елесі – теп-тегін,
Сонда сен нан менен ірімшік
деп пе едің:
теп-тегін?
Біз өмір сүреміз
теп-тегін.

МЕНІҢ СОЛ ҚОЛЫМ

Тойған күні араққа
ұмытқам өңгені,
сен есіме түсесің,
менің сол қолым,
менің қор қолым,
менің сор қолым.

ІСКЕК ЖАЙЛЫ ӨЛЕҢ

Бұл не оған бомбасы ма атомның?
Лондондағы бір жиынға барса еді?!
Бір қолында іскегі бар,
айласы –
қиылған қас боп көріну,
бір қолында айнасы.
Өңге әлемде шаруасы қанша оның?!


ТЫНЫС

Мынау шайқас тез бітсе екен дейсің де,
тағы айтасың: аш қалмасақ екен деп.
Ұйықтап қалмай
түскі асқа ояу жетер ме ең.
безектейсің шаршамасам екен деп.

Айт одан да, уақыт алма бекерге:
– Өліп кетсем екен!– деп.

КЕНЕТТЕН

Бәрі болды кенеттен:
Айықты аспан кенеттен,
Күн сәулесін төкті жерге кенеттен,
Дүние жасыл бояу тұтты кенеттен,
Бәрі болды кенеттен.
Кенет жерден көтерілді бу әппақ,
Алма ағашы түйін салды кенеттен,
Қызыл алма пісіп шықты кенеттен.
Кенет,
кенет,
Бәрі кенет жасалды:
қыздар – кенет,
жігіт – кенет,
Дала, жолдар, мысықтар.
Кенет жерде пайда болды махаббат,
келді кенет қуаныш.

ҒАЛАТ КӨПІРІ

Көпірде тұрмын мен,
Сендерге қараймын қызықтап:
біреулер еседі қайығын,
е