дым
қанды айқастың қаншасын,
қасіреттің қаншасын?
... жүрегім, неге шаншасың?!

Азияның өз қолы бар,
бес мың жылдай болды оған,
Анатомиядан бәрі таралған.
Отыра алман тыныш жұмсақ киізде,
Неткен қырғын болып еді ол,
Неткен жұма – қанды жұма, жарандар.
Өкінішті ой тыншытпайды мүйіздеп.
Ойлап көрші, берілмей-ақ сезімге,
мына біздің цивилизация кезінде.
Сенен, сенен... қорқынышым зор тағы
айырылып қалам ба деп қорқамын.
Жо, жоқ, жалған тәртіп бұл,
Қанды жұма, сен де жалған деп білем:
Қалай ғана құтылмаймыз тепкіден?!

Ақыл-естің ақ сызығын жүргізем
көк аспанға,
адасқанға жол осы.
Сәбилерді танк таптап,
келесі
күн алдында өлілердің денесі.
Мен әрқашан таң қалам,
адамдардың жүрегіне жамандыққа қанбаған.
Өліп қана мықты болған жұрт едік,
тек өлімнің абройын бүркеніп
Неменесін іркемін:
кірпігіме кірсіз тамшы тұр келіп.

Қасірет пен қазаңды біз бір ұқтық,
бәрін ұқтық түрік қып...
Әйтеуір біз біріктік!

СУАТ ТАШЕР

БІР КҮННІҢ АСТЫНДА

Торғайлар, ей, торғайлар!
Күнге қарап бәріміз бір ұмтылдық.
Бірге ұшайық,
күнге сәлем берейік,
Әндетейік біз бірге,
Әніміз де ұқсас екен бір түрлі.

Бір ағаштың бұтағына қонақтап,
туыс,
дос боп бір шығайық жорыққа.
Қорықпа сен қанаты жоқ екен деп,
Сақалым мен мұртымнан да қорықпа.
Менің де бір қу тамағым табылар,
бірақ әттең өзгешелеу жағы бар...

Жүрген жоқ па ек жылынып,
Жылуына жалғыз күннің – ұят қайда?
Сені көздеген мерген
Маған да оқ атпай ма?

ТҮЙСІК

Екі аяқ бар –
жүрмесең,
екі көз бар –
көрмесең,
қызыл тіл бар –
айтпасаң,
екі қол бар –
шаппасаң:
Ойлап көрші, қарағым,
қара тастан қанша айырмаң болады?!


АХМЕТ ӘРІП

СЕНІҢ МАХАББАТЫҢ

Маған деген махаббатың суымады,
Көрдім көпті,
таусылмапты татар дәмім, суым әлі.
Түн емес еді – түнек еді ол, түнек еді,
Соны ойласам әлі күнге көз-тамырым суырады.
Аяқтағы бұғауымды кім батыл боп сындырады?
Құлағымнан кетер емес
кісендердің сыңғыры әлі.
Жатсам – ұйқым, тартсам шылым жөн еді онда,
сол бір түні, сол бір қара зобалаңда.
Аман қалдым мен одан да,
Әлі күнге аман келем,
сақтап жүрген сенің осы
Махаббатың маған деген.

* * *
Білесің бе, тас қабырға, сен осы?
Темір есік, темір төсек, сыр ескі,
шөп көпшігім, тор-терезем, кісенім,
Мен – кім үшін күрестім?!
Білесіңдер ме сендер?
Келген біреу артымнан
көк жуа әкеп беріпті.
Қалампырдың исі аңқыды шылымнан,
Демек, біздің жаққа көктем келіпті.

ҚАРАҢҒЫЛЫҚ МЕЗГІЛІНЕН БҰРЫН
ТҮСЕДІ ТҮРМЕГЕ

Караңғылық ерте түседі екен-ау
Түрмеге.
Қанша мықты болсаң-дағы, әл жетпес
Бүргеге.
Қанша күшті болсаң-дағы, бәрібір
сол шақта,
Қайғырасың, өмір сүргің келе ме –
жан сақта.
Іші-бауырың іріп бара жатады
қайғыдан.
Ақыл, сезім дегенді ойлап шығарған
қай Құдай!

* * *
Караңғылық ерте түседі түрмеге,–
білмеп ем.
Секілденді барлық есік жабылған,–
бұл неге?
Мөлт-мөлт жасы төгілгелі тұр гүл-бақ,
о несі?
Анау тұрған үш бұтаның біреуі
емеспін бе мен осы?!

* * *
Шылымымды тұтатамын әрең мен
саусақтарым дірілдеп.
Бір сорғанда жарты сигар таусылды,
Мен – тұтқынмын бүгін де.
Сен де мұндай осал ма едің деп күлме,
төзе берем күрсініп.
Бірақ ымырт түрмеге ерте түседі...
сүйем сені, тіршілік!



АТАОЛ БАХРАМОҒЛЫ

БІР КҮНІ СӨЗСІЗ...

Ереуілшілерге ердім бірде ерігіп,
Шаршадым мен, көктем келді,
осы жазда мылтық болмақ серігім,
Кітап біраз жиналыпты,
азып кеттім, айнала шу, қозғалыс,
Жаспын әлі – сүю тәтті, тіл ұмтылар сөзге алыс,
Ой – жеп-жеңіл,
қайғы – арзан, ізденеміз ынтығып,
Ей, банкирлер, Құдай қосса,
біз жеңеміз бір күні,
Ей, ақымақ, айбалта тұр төбеңде,
ей, есуас, есек миын жегендер!
Он сегізде сүйіктім сөз айтады есті бір,
Сағыз шайнап, бейбіт күн жоғын жоқтап,
кешқұрым
Серуендейміз көшеде, гүл көп өскен жылдары
Күрес болады әдетте, айнымас заң бұл-дағы.
Бір бомбымен барлығын қалай ғана құртады?
Мен жеңілдім, сен жеңдің, шекем міне, ұр тағы.
Қалай ғана жеңіске жете алады жауыздар?
Осы жайлы мен ұзақ ойланамын, ауызға
Сигаретті қыстырып, ауыстырам көйлекті.
Біз жеңеміз бәрі бір, жеңеміз-ау бір күні,
Зорлық, аштық, жоқтықты көмеміз-ау бір күні.
Бірақ, қатты қажыдым, пальтом кірлеп кетіпті,
Вьетнам жайлы жырларым сенімімді бекітті.
Жер шарының екінші бетіндегі достардың
Қамын ойлап келемін шылым шегіп, бос қаңғып.
Көпірлерден өтемін, аспан бұлтты, күн жаңбыр,
Қарауытып тұр ү