йлер, қайғы бар-ау тұнған бір.
Әділетсіз дүние, неткен есер мына өмір!
Жылаймын да күлемін, жылаймын да күлемін.
Моторлардың шуылы, су мен тұман аралас,
Не істей алам мен осы? Осыны ойлап көшеде
Қаңғырады қара бас.
Маңдайымды темірге басып көрем – мұп-мұздай,
Қатал өмір қоймайды-ау қасіретін жұтқызбай.
Шығу жайлы кинодан, мамам жайлы, кетеді
басым зеңіп, бәрінің ойлағанда бекерін.
Сәби едім мен кеше, мұңсыз едім, ендеше
Неге тудым, аспан-ау, әділетсізді жеңбесем?!
Сақал өсті,
шаш өсті… сүйем осы қызды мен...
демалыс күн, күн ыстық, толғандыра береді:
терезеде тұр бала – көзінде бар керегі,
жанарында жақсы үміт сәби қиял аунайды,
бала күнгі Лермонтов суретінен аумайды.
Машинкаға жыр басам, газетке де үңілем,
Құлағымда – құс үні, саған айтам мұны мен,
Мен ақынмын – болғаны, сөкпе мені, сүйіктім,
Кез-келген зат береді маған қайғы-күйікті.
Қайыршының өзін мен пана тұтам, ес етем,
Сонда менің жылағым келетіні несі екен?!
Кез-келгеннің қараймын жанарына, жүзіне,
«Халық» деймін үңіле, «бала» деймін үзіле,
жас келеді көзіме, ескіліктің қалдығын,
кітап кеміргіштерді, эстеттердің барлығын
бір сықпыртып алам да кешіремін соңынан,
сонсоң жеміс сатып алам алапестің қолынан.
Осы жайлы ойланам, жүз қуаныш, мың қайғы
аспанындай көктемнің тез алмаспай тұрмайды.
Ақтарыла сыр айтам, күтуді мен жек көрем,
автобусқа отырам, сығылысып көппенен.
Қызықтаймын шыбынның, ызың қағып ұшқанын...
Қайнап кетем әйтеуір дүкеніндей ұстаның.
Бір кезде мен осылай тентіреуші ем көктемде,
Уолт Уитмен өр ақын еске түсіп кеткенде.
Ол жырларда тың бір зат болатұғын әйтеуір,
Әлде не үн сыңғырлап қалатұғын әйтеуір.
Тағы отырмын толғанып, шыққым келіп көшеге,
Мына түрік тынымсыз жігіт екен деседі.
Алған әсер кеудені қысып бара жатыр-ау,
Шыбын жаным шырылдап ұшып бара жатыр-ау.
Кинолардан бұл бәлкім алған әсер шығар-ау,
Аспан жерге түскендей, жел еседі бір алау.
Қанша айтсам да ол жайлы таусылмайтын бір
керім,
Жалғыз қыз боп жүрмесін өмірім деп жүргенім?
... Бензин исі, егістік, саусақтары әр қилы
Қисық қолы әкемнің... нанның исі аңқиды.
Кетіппін ғой сәл мызғып, тағы жаңа кино ма:
Жап-жас сұлу балконда күліп қойды илана.
Сонсоң тағы мұңайды, ойлады ма өлімді,
Ойлады ма құдайды?! Мұңайғаннан не пайда,
Қызметіңді ет қатай да!
Алай-түлей көкірегім тыныштық жоқ, мен осы.
Секілдімін өлетін, ұсталатын немесе.
Полиция қамап кеп кітабымды, мүлкімді
Сүйгенімнің суретін алып кетер сықылды...
Шошып ояна келем, көңлімді әзер басамын,
Көл-көсір боп жатады жанарымнан жас ағып.
Ой арзандап содан соң шыға келем құлпырып,
Ыңырынып қоямын жеңеміз деп бір күні.
Ей, ақымақ айбалта тұр төбеңде,
ей, есуас, есек миын жегендер!
Жеңеміз біз,
жеңеміз, шыда, аш-арық, үздігіп...
Жүз мың рет қайталап келеміз ғой біз мұны!
Бұл жүз мыңға тағы да қосылады жүз мыңдар...
Моторыңды қыздыр тек,
Тездет, уақыт, қыздыр, бар!

ГЕВАР ӘНІ

Тау мен өзен жырын айтқым келеді,
Зеңгір көк пен шалқар дала өлеңін,
Жасыл жапырақ жырын айтқым келеді,
Жақсы үміт пен құштарлықтың өлеңін,
бар ақыннан бұрын айтқым келеді.
Гевар жыры – арыстандар өлеңі,
Арыстанның мұңын айтқым келеді.
Бөлме, төсек, аяқ, табақ дегенің
көңілімді бөледі.
Қорқыныш, күдік, әдет-ғұрып дегенің
көкірегімді тұншықтырып келеді.
Кеш боп қапты-ау,
Махаббатым (батыр ғой)
тау басынан түсіп келе жатыр ғой.
Қараңғылық қоюланып барады,
Әлде қайда титтей бала кекілді
елін аңсап, жас төгетін секілді.
Ойлар қамап, шаттық аңсап жетім бұл,
Көрінгенді қас көретін секілді.
Қалың әскер көлеңкесі (батыр ғой)
таудан төмен құлап келе жатыр ғой.
Соқырлар мен жетімдердің өлеңін
Өле өлгенше айтып өткім келеді.
Аурулар мен әлсіздердің өлеңін
айтып өтем дегемін.
Жалғыз ұлын көмген ана дегенің
құлағыма ащы зар боп келеді.
Түрмедегі, айдаудағы қайғыны,
ғашық болған жүректердің өлеңін
ғұмыр-бақи жырлап өткім келеді.

Неткен қиын, неткен азап десеңші,
Баскесердің қолында үнсіз тістенген.
Туған халқым – баскесердің қолында...
біздің қолдан қашан ғана іс келген.
Оһ, Құдай-ай.
неткен көп еді, тірлік, сенің арманың!
Керісінше болып жатыр бәр-бәрі.
Қанды шайқас, бостандықтың өлеңін,
Халық үшін тігілген ту өлеңін,
Теңдік пенен қайрымдылық өлеңін,
Ар мен ұждан өлеңің
айтып өткім келеді.
...Осы менің Гевар әні дегенім.

СОҚЫР

Өмір,–
қайғы-мұңмен жүректі толтырады,
Сәуірдің ақ бұлтындай толқымалы
Күн қауысса бар көрініс өліп, жартас
Қарауытып жағада сол тұр әне.
Көршідегі шілаяқ көтерем ұл
ағаш атын шу-шулеп жетеледі,
Самал,–
ұмыт бір заты қапты,
іздейді судыратып жапырақты.
Ақымақтық адамды өлмейді деу,