?
Көрейінші маңдайдан!

ДАУ-ДАМАЙ

Сен көресің тек таңды,
Мен көремін түнді әлі.
Ол түнді көріп боп қалды,
Менің осы таңды көріп тұрғаным.

ОПТИМИСТ

Бала кезде ол, шыбындардың қанатын,
қырықпаған болатын.
Қуған емес қалбыр байлап құйрығына мысықтың,
Сіріңкенің қорабына ойнамаған қоңыз сап,
Құмырсқаның илеуін де бұзбаған –
Қызғанам!
Өсті солай ер жетті,
Өзі ешкімге істемеген
Көп сұмдықты, ойлауға да төзбеген
тапты, татты өзгеден.
…Соңғы сағатында болдым қасында:
«Оқы,– деді, ол – жыр жәйлі»,
Синхрофазотрон жайлы,
теңіз жайлы, күн жайлы,
Жер серігі хақында,
«Жыр оқы,– дейді,– сырнайлы».
Шексіз деймін ғалам бұл,
Қарағанда ұлылығына адамның.


КӘРІЛІККЕ ЕТ ҮЙРЕНДІ

Кәрілікке үйреніп келемін – жұмысқа қиын ең,
Қағуым қалды бір есікті соңғы рет,
Қоштасу қалды бір досыммен соңғы рет,
Сағаттар ағады – толқын боп үйіле, түйіле…
Нені ұқсам мен – соған көңілім толмады,
Мен саған бір нәрсе айтпақ ем – болмады.
Менің ой әлемім сигарет түтініне ысталған,
Ғұмыр бар қысқарған. Бол қанша жігерлі
Хабаршы ғып өлім жалғыздығын жіберді.
Қызығам, қарттығын сезбеген кісіге қызығам,
Басындағы ойына, қолындағы ісіне қызығам.

ТӨРТТАҒАН

Туыс пен дос өлігін шашып келем дән сын-ды:
Стамбулда, Прагада, Одессада қалды өлік.
Жердің шары – Отаным, бәрі-бәрі таусылды,
Мен өлгенде жермен жап, топырақпен сал көміп.

ОТАН ТУРАЛЫ

Елім менің, елім, елім,
Сенде істелген бөркім тозып құтарды,
Сенде істелген бәтіңкім де –
ұлтанынан жұқарды.
Сен кигізген бешпетімнің сау-тамтығы қалмады.
Қалдың, Елім, көңілімнің желікпесінде,
жүрегімнің демікпесінде,
буырылында самайдың,
әжімінде маңдайдың.
... Елім менің, елім, елім.

* * *
Біздің үйден шығар ма екен табытым?
Қиын екен коридордың тары тым.
Табыт қалай шығар екен?
Қинайды:
Үшінші этаж, ал лифтіге сыймайды.

Мен өлгенде болар ма екен шуақ күн,
Қар жауар ма балаларға ұнап бір.
Жұрт қаумалап шығарғанда мені ептеп,
Әлде жаңбыр құяр ма екен шелектеп?

Егер мені машинаға салса ашық,
Балалардың келер екен қаншасы?
Оркестрі ойнай ма, әлде жоқ па оның
Керегі не, болмай өлем өкпелі.

Төнер маған ас үйлердің әйнегі,
Қолын бұлғар балкондарға
жайып қойған көйлегі.
Ұзақ ғұмыр тілеймін мен сендерге,
Көршілерім, ренжімей қой мені.

* * *
Кел, – деді маған сүйіктім,
Қал, – деді маған сүйіктім,
Күл, – деді маған сүйіктім,
Өл, – деді маған сүйіктім.
Келдім,
Қалдым,
Күлдім,
Өлдім.

ЗИЯ ОСМАН САБА

ҚОЛДАР

Қолдар өткен түрлі-түрлі мектептен.
Әрбір қол өз тағдырына лайық
түрлі-түрлі боп кеткен.
Әне бір қол сұлық жатыр,
жұмыстан
әбден кеуіп, құрысқан.
Енді бір қол – нан табар қол, күс мүлде,
ал анау қол әппақ болып айқасып,
жатыр іссіз шермік қарын үстінде.
Ақжем болып қапты бірі тағы әне,
қырық жылғы көніне май жағады...
жұмсағырақ шығар одан табаның.
Отын жару, от жағудан, жазып ал,
менің жарымның қолы да қажыған.
Жайса қолдар – алақандар болады,
үзім нан мен тиын-тебен тілеген,
түспес төмен тіленшінің қолы әлі.
Түрлі қол бар, неге олай деп ұрыспа,
бір қолда – нан, бір қол қара қайыс боп
түрмесінің темір торын тұр ұстап.
Ал, менің ше?
күрекпен нан, майды әкелсе бір қолым,
қалам ұстап, қайғы әкелді бір қолым.
Қолдар, қолдар!
Бәрібір мен өздеріңмен біргемін.
Шапалақтасаң қолыңды:
бейне қанат, талпынған мың балапан.
Тас қып жұмсаң қолыңды:
жұдырық қой, талай тұмсық қанатар.
Жайып қалсаң қолыңды:
беретұғын, алатұғын алақан.
Қолдар, қолдар! Қайда сілте – аттанам!
Түрлі қолды кейде мен –
бір ағаштың бұтақтары деп қалам.

Қолдар бар-ау медет тілеп Алланы да алдайтын…
Ұнайтыны маған барлық қолдардан:
берген қолдар, бірақ қайтып алмайтын.


ТІЛЕК

Мен бәріңнің бақытты
болған кезіңді көрсем,
дігір қағып уақыт тұр.
Мен бәріңді көргім келеді әсем ғып,
Жаңа өлеңдей әсерлі.
Осынау бір шуағында көктемнің,
сені, жүрек ауруымен ауырған,
сені, жастай жоқ қып алған үмітін,
Чиновниктер-бауырлар,
енді бір саты өссең деп ем, жігітім!
Оқушылар кластарға келесі,
көшсе шіркін тоқтаусыз.
Еркек, әйел, жас пен кәрі – бәрі де
дегеніне жетсе деп ем,
жігіттер
қыздарына ұнасын деп тіледім.
Жасыл бұта көлеңкесінде ақ бұлақ
бұрынғыдан қаттырақ
ағады деп білемін.
Шын ғашықтар – ұялшақ қой,
болғаны:
бір-бірінің қысысады қолдарын.
Тереземнен көрейінші сендерді
үйлеріңде болыңдаршы, адамдар.
Радиоңды тыңда, өсек айт,
Мен де енді...
Сорлы болып өмір сүру маған да ар.
Қақпаларды ашып-ашып тастаңдар,
Кеме шықсын теңізге,
бала шықсын ойынға,
ал, ән сала қойыңдар!
Сендер бақытты болсаң,
менің де ойым бар...

РИФАТ ЫЛҒАЗ


* * *