ттерін
мақтай жөнеледі. Даусын айтсайшы, даусын!– деп, таңдай қағады. Екпіні үй
жыққандай және қалай айтады! Сахнаға шыға кеп, шырқай жөнелгенде көк
желкеңнен өкшеңе дейін бүлкіп қоя береді. Болмайын, ермеймін деп-ақ отырасың.
Қайда-а, саған! «Көкжарын» тауысып, «Үлкен айдайға» ауысқанда, әсіресе,
ғаламат-ау. Ол домбыра ұстағанда-ақ қалай қопаңдап кеткеніңді өзің аңғармайсың!
Сәлмен, сөзіне қарасаң осылай. Саттарға ғашық дерсің. Ал, неге екені белгісіз, өзін
жаратпайды, тіпті, жек көреді. Кеше Жанботаны оңашалап: «Қой, бала, соныңды
шақырмай-ақ қойшы» деген. Інісі түсінген секілді еді. Әншінің келгеніне қарағанда
шақырған болды. Саттар ондай оясыз жігіт емес. Райисполком хатшысы әншінің
абұйыр, әдебін біле тұра әдейі тиіседі. Жаңағы әзіл-сымағы соның, өзінің
Сисемалиевті онша жаратпайтындығының нышаны болатын. Қанішкен басшылары
қарауындағы кісіге көзқарасын, ниет-пиғылын осылай, сөз келісінде қалжыңдаған
боп жеткізетін. Бұл тәсілді, әкім-қараның қабағын бағуды кәсіпке айналдырған
селоның кішкене кеңсешілдері жазбай таниды. Ар жағын, жаңағы ілме сөзге нысана
болған сорлыны сонсоң өздері-ақ құртып береді.
Әнеугі, концерт күннің ертеңіне осы Сәлмен Саттарды шақырып ап, ұрсып
қайтарды. Не үшін ұрысты? Сайтан біле ме оны?! Әйтеуір ұрысқысы келді,
ұрысты. Сыйлы аға, беделді қызметкерге ләм дер жай қайсы. Саттар үн-түн жоқ,
сүйретіліп шығып кетті. Бірақ ештеңе ұғына алмады. Шыға бере естіген сөзін
жолдастарына айтқан. Олар қыңыр тартты:
– Келінін қызғанып жүр-дағы! Сенде несі бар!– Сөйтіп, әркім іш пікірін
жасырып, сол арқылы аша отырып шайға кірісті. Бүгінгі отырысқа әнші
келіншегімен шақырылған. Жалғыз келіпті. Сонысының өзі біраз адамға күдікті
көрінді. Сәкең Саттардың бетіне айрылысар дос құсап қимай бір қарады. Сосын
күрсініп салды. Өзі мұның екеуін де аңғарған жоқ…
– Су қосып па едіңдер?
– Осы кейін келген кісіні жазаға тартпаушы ма еді?!
– Әкел, үйдегі ең үлкен ыдысты!– деп дауыстады біреу.
– Қазан, қазанды әкел!– деді екіншісі. Енді біреу:
– Штарап!– деп айқайлады.
Аудандық атқару комитетінің председателі Сымтеміров манадан әркімнің аузына
қарап бір күліп, үнсіз, жантайып жатқан. Бір кезде астындағы төсектен асып,
дастарқанға түсіп кеткен қарынын жинады, сосын, екі қолымен ауаны қармай
ұмтылды, жан дәрмен күн отырды. Сосын мынадай билік айтты:
– Әлгі,– деді айнала күле қарап, қоңыр қошқыл бетінің еттері бөлек-бөлек боп
түсіп кетті, көзі қысыла-қысыла қалың екі қастың астында болар-болмас екі сызат
қана қалды,– әлгі үлкен кісіні, кемпесті шақырыңдар. Қуаныш иесі – өзі отырсын!
Бастар шұлғыса кетті, біреуге біреу ұрлана, құпия көз тастап, сонша үлкен бір
қылмысты ұялса да, амалсыз, құлай мойындаған жұрттың кейпіне енді.
Жағымпаздық па? Жо-оқ, бұлар ондайды білмейді, үлкенді, сөзді сыйлайды.
Бірауық бәрі Сәлменге қарады, Сәлмен дәл мына сәтте қарапайым, кішік болуға
жан салып отырған, содан болар, тізесінің үстінде жорғалап барі жатқан тарақанға
көз тастады. Оң қолының ортаң саусағын бүгіп, аңдып кеп, тарақанды шертіп
жіберді. Тарақан алдында, тас табаққа құюлы тұрған шайға түсті. Шай ыссы емес-
ті, бауырының бәрі – аяқ, кішкентай мақұлық сүт қатқан қоңыр боз шайдың бетін
сызып, жүзе жөнелді.
– От шорт! Әтәңә нәлет, паразит!– Сәкең тарақанды екі саусағымен шымқып
алып, іргесіне қарай сілке лақтырған, қолы сандықтың қырына тиіп, қақсады да
қалды:
– Аһ! Аһ! Иттің дүниесі!–Тырнақтары жылтыраған сулы екі саусағын аузына
сала қойды. Сосын:
– Әбекең байқап қапты. Ұят бізден. Жеңешемді шақыру керек!– деді
– Иә, шақыру мақұл.
– Қазақ жолы солай.
– Адамшылық жолы да содан бөлінеді.
– Жә, білгірсімей отыр.
– Манадан бері білсең қайда қалдың?!
– Бәсе, бірдеме жетпей отыр еді.
Көңілденіп алған жұрт Әбекеңнің естілігіне, тапқырлығына бұрынғыдан бетер
таң. Бірінің бірі құлағына ерінін тақағанымен, сөздерін әдейі, ана кісі естісін деп
қатты айтады. Сымтеміров көпшіліктен мына секілді қызу қолдау тапқан соң, оң
тізесінде жатқан қарынын сол тізесіне аудара салды, сосын бұғағына иегін көміп
жіберіп, тағы да:
– Келін қарындас қайда? Келсін!– деп кесті.
– Бәрекелде-ее! Мен де соны айтуға батпай отыр ем.
– Алды кең ғой бұ кісінің!
– Иә, о баланы – Сәлмен бұ сөзінің соңын жұта сап, екіншісін қапты – әлгі,
кішкентай бөпесі жылап қалар? Құрғатып отыр ма?–деп, Жанботаға көз салды
Жанбота тұра, ана жаққа жүгірген. Шешесін үлкен қонақ шақыртып жатса,
құрғамайтын бала бола ма, Талжібек омырау түймелерін түгендеп, сипай кеп, шай
құюшының жанына тізе бүкті. «Мені қайтеді, Құдай. Керек кісілері отыр ғой!»
Осы сөздерді ішінен айтып, қара кемпір жайғасты. Мәжіліс осы тұста тіпті қыза
бастады. Гу-гу сөз, әзіл, күлкі. Әр қайсы көп ішіп, көп сөйлеуге ат салысатындай.
Ішімдіктің бойға тарауына шыдамай қайбіреу өзін өзі зорлап күмпілдетеді. Қайтсе
тез масығуға болады? Көбі-ақ соның амалын іздейтін тәрізді. Біреу өңешін созып:
«Тос, тос сұрайым» деді. Сөйдеді де ешкімнің рұқсатын күтпестен: «Мынадай жас
иіс таптырған баласы бар, жез