алып, қан-қақсап
отырмыз ғой, қашан көрдің деймін, жер жұтқыр?!
– Бұрнағы күннің алдыңғы күнінің алдыңғы күні. Садықдзан. Садықдзан.
Оһо-хо, семіз қойдың көк қырлы құйрығын араластыра «нағашы, аса» деп.
Дзүрегіңе тимей ме деп күледі кеп. Дзүрегіме қайдан тисін менің. Айдалайын
дзиендзаң, оһо-хо-хоһ. Дзомарт, дзомарт.– Сағиттың үш бұрыш көздері
аумақтанып, осы сәтте қара-шығында от ойнады. Дүңк-дүңк жұтынды. Қарт
сақалының ұшын қайырып апарып ерніне қыстырды. Ауыр басын болар-болмас
изеп алды. Неге де болса өзінше түсініп, өзінше баға беріп үйренген қыңыр тамыры
білеудей боп маңдайына тепті. Кішкене сары қызды өзіне тартып, төбесінен
иіскеді.
– Кемпір,– деді, сосын, сәбидің кекілін сипай отырып,– кемпір, барыңды ас. Інің
әңгімесін жата-жастана айтар. Тезірек пісір, хабарын тезірек естігің келсе, сөйт.
– Кұдай-ай, қайдағыға қайдан көрініп жүр? Ел құрып, су құрып? Әлгі келіні
түскірге хабар тимеді-ау. Білмейді ғой ол сорлы, соры қайнаған! Жат солай, менің
өлігімнің үстінде айтарсың!– Кемпір орнынан ақсай тұрып, ана жаққа жөнелді. Інісі
қопарыла түрегеп:
– Дзезде! Айдалайын дзезде,– деді.
Жездесі ішінен Сағиттың сөзін ешкімге айтпауға ұйғарған. Бір жері ашық қалса
мына хабарды әлдекім естіп, біліп қоятындай күпісін қымтана, жастық ағашына
қисайды, сөйтіп бүгін де жол түспеді, сылтау табылды. Әйткенмен балалардың
ойнауына еркіндік тиді...
* * *
Бес күн өткен соң Сағит зым-қайым боп шықты. Әжекең құдыққа, қара інгенді
суғара кеткен, кемпір сиыр сауып жатқан-ды. Кішкене сары қыз жүгіріп келді:
– Мама, мама деймін, нағашым кетіп қалды.– Баланың көзі мөлтеңдеп, еңіреп
жіберуге шақ тұр. Кемпір гүрп-гүрп сауылған сүттің дыбысымен ештеңе ести
алмады. Жамалдың жыбырлаған ернін ғана көрді. Әбден қақтап саумай тұрмайтын
әдеті. Желінді тағы екі-үш рет жұлқи тартып көріп, енді ештеңе тамбасына көзі
жеткен соң, шелегін ұстап қызына қарай жүрді. Сүтті қоя сап, сәбидің аузына
төнді. Мол сүттің көбігі қапелімде басыла алмай, быж-быж етеді. Титтей Жамалға,
періп жіберетіндей таянып кеп:
– Сен нағыл дедің?– деді. Жамал кірпігі жыпылықтап, шегіншектей берді.
Мамасының ашуланып тұрмағанын сезген соң ғана, батылданып:
– Нағашым кетіп қалды,– деп, мұрнын қорс еткізіп бір тартты.
– А-а-а? Не дейді, Құдай-ау, қайда кетті?
– Былай қарай,– анау Ақсор жақты нұсқаған,– былай қарай кетіп қалды.
Ертең келем деді.– Аңқау кемпір аң-таң.
– О несі? Кеткені несі? Мана таңертең «Садықдзанның тойын өзім өткізем,
қолынан бүйтіп ет асаймын,–лүүф»,– деп күмпіп отырған жоқ па еді?
Ол кететінін келген күнінің ертеңіне-ақ сездірген. Кемпір-шал ыңғай бермеді.
Неге асығады. Айтқаны шын болса көзімен көрсін! Дегенмен ас пен астың арасы сәл
сиреп кетсе Сағит тұра қорбаңдайтын:
– Дзезде, сау болыңыз, мен дүзрем!
Әжімгерейдің ет шоланынан қысы-жазы сүр арылмайтын. Қашан көрсең, сары
ала қазы, құйрық тамылжып тұрады. Сағит қонақ болған төрт-бес күн ішінде сол
тазарып-ақ қалған: төбеге айқыш-ұйқыш қағылған тал-сабаулар мен ет жаюға әдейі
керілген жіптер арса-арса боп шыға келді. Мұны қонақ мана таңертең өз көзімен
көрген еді. Оның кетіп қалғаны жайлы хабар қартқа пәлендей әсер еткен жоқ. Қайта
дәл осылай боларын күн ілгері біліп, күтіп жүрген кісіше:
– Кетті ме? Сүйтер, сүйтеді ғой,– дей салды. Сағиттың айтуынша, Садықжан
оған Астраханда, орам бойында кездеседі. Жанында екі серігі бар. Сағитпен
шұрқырай көріседі. Ауылға келе жатқанын, бұ хабарды қарттарға жеткізіп,
қуантуды нағашысына, Сағитқа тапсырады. Содан мұның өзі, Сағит, үкіметтен
«дзеп дзүрген қара наны мен пішінәсін» (печенье дегені шығар) тастап, тартып
отырады.
– Дзезде, мен дүзірем! Қара нанымнан қалам. Пішінәма барам!– Бірақ, қанша
қопаңдағанмен, қонақты етегінен іліп, жібермей қойған бір күш, құдірет бар-ды. Ол
ет шолан. Ет шоланның халі әлгіндей болды. Әжекең шуда жібін түйіп, сақалын
салалай:
– Сүйтер... сүйтеді ғой,– деп қайталады.
5
Сағит хабарының өтірік екенін Әжімгерей келген күннің ертесіне-ақ сезген,
өйткені, анау Садықжанды көргенін ылғи дастарқан жайылардың алдында
қайталайды. Осыны шет жағалатып айтып қарап еді, кемпірі түсінбеді, түсінгісі
келмеді. Қартқа онысы әлсіз де болса үмітті сағынған көңіл байғұстың өзін өзі
алдарқатуы, жұбау, желеуі сияқты аңғарылды. Сондықтан кәрі ананың аз уақыт
қуанышын, келесі күндерден, ащы шындықтың ашылатын күнінен қорқып мақұрым
жасауды қажет таппаған. Сонымен, акыры, Сағиттың кеткеніне емес, келгеніне
өкінді, соған қайғырды. «Құдай-ай, өлеріміздің шағында есі, жөні дұрыс кісі де
алдамады-ау» деп қамыққан.
Атың өшкір қу соғыс! Лағнат-қарғыс аралас бұндай сөздер талай адамның
аузына түсті. Бұрын жұрт азаматымды әкетті деп қайғырса, енді сол алғанын
қайтармады деп қарғайтын болды. Соғыс қасіретін қыр елінде дәл сондай, 1946
жылдың көктеміндегідей анық жақын сезінген кез болған емес-ті. Майданға май, ет,
нан, шұлық, қолғап, тон, ірімшік керек деп жанталасты. Мұндай ұраны, тілек-
талабы бар алдыңғы жылдары соғыс жұртқа,