з қымыздың
ыдысқа жұғын болудан басқа қауқары жоқ екен, кенет, ерніне апара беріп, көтере
тастады. Сонсоң манадан бергі сөзім де, ойым, отырысым да осымен тәмәм болды
деген кісіше, түрегеп, ешкімге назарын да салмастан шығып жүре берді. Үйдегілер аң-
таң боп біріне-бірі қарасты. Мәсәлім «үщщу!» деп ысқырып қойды.
8
– Қиям! Аузын ұям!
Сейсімет бұлан-талан. Мойын тамырлары білеу-білеу. Көрананың ортасында
ойқанып әрлі-берлі жүр. Ыдырынып әр нәрсені бір ұстайды, ұстайды да лақтырады,
жұлып алып, жұлқып тастайды. Не іздеп жүргенін өзі де білмейтін болса керек,
әйтеуір, бірдеңе іздейді. Іздегенін табайын деген ниеті де байқалмады, өйткені,
ештеңеге көзі түспейді, өзінен-өзі быт-шыт, ыпыр-тыпыр. Онсыз да күйкі, жұпыны
мүлікті олай-бұлай шашып, алашаның үстін ат көпір қылды. Сол тоз-тоз дүниенің
арасынан, ақыры, көк бешпет-шалбарын тауып алды. Пішенге киіп жүрген алды-арты
түгел жамау қара жолақ шалбардың сыртынан әскери галифені киді. Жалаңаш иініне
жабыса қалған көк бешпеттің түймелерін бір салып, бір ағытты, өз омырауын өзі
жұлқылап біраз жүрді, кенет, ер-тұрманын ала сыртқа ұмтылды. Таралғы-үзеңгісі мен
айылын шұбата, сүйрете ат қазықтың басына апарып аудара салды. Таптала-таптала
тозып, құмнан гөрі шаңға айналып бара жатқан жердің топырағы бұрқ ете түсті...
Өзі серең-серең етіп қазықты бір айналып шықты. «А» әрпі құсап талтайып тұра
қалды.
Үй жаққа қарап:
– Мәйуә, атты әкел!– деп дауыстады. Мәруә тарапынан жауап болмаған соң,
шылбырын шумақтап-шумақтап, ноқта жүгенді қарына іліп алды, Ерназар шошағына
қарай адымдай жөнелді. Күн түс қайтып бара жатқан. Құм бір түрлі сары қызғылт,
шыжып тұр. Шағылдың бергі қабағында сауын биелермен бірге жусап тұрған атына
қара су боп әрең жетті. Бара ноқта жүгенді кигізіп жіберіп, жайдақ, қарғып мінді де
кейін тартты. Оның мұнша апақ-сапақ болуының себебі бар-ды. Бұлар күндегіше
пішеннен түске таман оралған. Әдет бойынша асты Сейсімет үйінен ішті. Қымызға
Сисенбайдікіне жиналды. Барлық бәле сол қымыз дастарқанының шетінен басталды:
Пішеншілер салқын қымыздан бірер тостағанды салып ап сарықтарын басты. Келесі
тостағанды босату үшін бірдеңе айтпаса болмайтын сықылды, отырғандар бірі-
біріне қарап әлденендей әңгіме, сөз күтіседі. Әркім-ақ сөзді алдымен және тауып,
орынды бастап кетуге тиіс. Мұндай көсемдіктен дәмесі бар кісі тостағандағы қымызды
жұрттан бұрын таусып, аузын жұрттан бұрын босатуға тырысады. Мұрты болса
мұртын, мұрты болмаса – ернін сүртіп, сақадай сай отырған мақұл, Сисекең екі
тостағанды бірінен соң бірін сіміріп тастап, тамағын бүлк-бүлк еткізіп жұтынып та
үлгерген. Енді тек бастап кету ғана... Дәл осы сәтте қайдан сап ете қалғаны белгісіз,
қамшысын сүйретіп Сандыбай кіріп келді.
– Орта толсын, азаматтар!
Дастарқан басындағылар ығысып, қонаққа қақа төрден орын босатты. Үйдегілер
жадырап, қозғалақтасып қалды. Әжімгерей тәрізді қисық желке қарттар болмаса әлі
де біраз жұрт қадір тұтады. Осыны сезген сайын Сандыбай да сыздай, салмақси
түседі. Қанша салмағың болса да мыңқ етпей, етпеттеп жатып көтеретін халқың барда,
шіркін, шіреніп қалғанға не жетсін... Қонақ қолындағы бұзау тісін оң жақ босағаға
жылан лақтырғандай ирелең еткізіп тастай салды да, еркін басып кеп қоныш қапты
етігімен төрге шықты. Сисенбай ғана өзінің Сандыбай отырғанда сөз бастай
алмайтынын, соның, Сандыбайдың сөзін қоштап қана бедел табатынын сезіп, іштей
басылып, жүдеп отыр. Дегенмен жұрттың бәрі ниет білдіріп жатқасын, әдетінше, ол да
жалпақтады.
– Орта өзіңмен, толсын!
– Қош келдіңіз!
– Жоғайыяқ отиыңыз!– Бұл сөздердің барлығы қонақ, отырып болғасын айтылса
да орынсыз болған жоқ. Себебі: Сандыбай секілді үлкен адамдарға әркімнің-ақ қалай,
қашан болса да ниет білдіруі парыз. Қонаққа үй-іші жайшылықтағыдан гөрі де өзін
бейілдірек, беріліңкірей қабылдаған сияқтанды. Демек, бір тосын әңгіме, не белгілі
жайдың өзін ешкім батыл ғып бастай алмай отырғанын сезе қойды. Өзінің дәл осы
араға ғана керек кісі екенін түсінгенде тіпті жарыла жаздады. Алдына қойған
қымыздан асықпай екі-үш жұтты, ашырқана рахаттанып, мұртын сорды. Сонсоң
барып:
– Азаматтар, Темірәлі басқарманың халі нешік, не болды өзі? – деп сұрады. Жұрт
манадан бері айта алмай, бата алмай отырған мәселелерінің мұнша оп-оңай, кенеттен
басталып кеткеніне қатты қуанды. Япырай, бұндай да тапқырлық болады екен-ау!
Міне, ақылды, алғыр адамның ісі! Ешқандай бүкпе-қақпасыз бастады да кетті!
Жұрттың бәрінің күткені осы емес пе еді! Үй толы жан құмға сіңген су құсап өз-
өздерінен тынып, дыбыссыз қоңырайып отырғанда... Әй, қайран Сандыбай-ай, керек
кісісің-ау!
– Білмейміз, өзіңіз айтпасаңыз,– деді Ибрай.
– Иә, өзің білесің ғой, өзің айт,– деді Сисенбай.
– Темиәлі бишайа құйыды ғой,– деп күрсінді Сейсімет. Бір әйел:
– Әп-әсем кісі еді,– деп күмілжіді.
– Құруын құрыды,– деді Сандыбай,– ол бейшара қара табан балықшы боп келіп,
ақ бауырсақ пен ат арқасын қайдан көтерсін! Тәрбие көрмеген бибақ қой. Баяғыда
кісіні патша қою үшін емшек сүтімен тәрби