ман-сау жеткен жалғыз газет! Ең болмаса екі-үш рет оқытып тыңдай
алмады-ау жұрт.
– Қап! Бұларың болмаған екен! Әй-әй-әй,– деп Мәсәлім басын шайқады. Жаңағы
қара домалақ келіншек бір қызарды, бір көгерді. Бәрінің назары сонда.
– Қап! Бұларың болмады,– деді Сисенбай.
– Қап! Қап! – деді Ибрай
– Бай-бай-бай! – деді бір әйел.
– Ой-бай-ай!– деді бір әйел.
– Бе-тім-ай! – деді тағы біреу.
– Осыны қоялықшы,– манадан үнсіз отырған Сақал-Сатым жұрттың бәрін тежей,
тыя сөйледі,– со газитте не жазылғанын білдік қой енді, жеткен жоқ па? Газит іштеңені
аспаннан алып жазбайды, айтпайды. Оның сөзі – біздің сөз, Сисеке, мына сіздің
сөзіңіз, менің сөзім. Тем-ақаң әйтіп қойды, Тем-ақаң бүйтіп қойды секілді өсек-аяңды
біз жайғалы қашан! Екі етегіміз далақтап, ас ішіп, әңгіме айтудан өңге түк білмейміз.
Тем-ақан, жаман басшы дей аласыз ба? Жоқ. Тем-ақаң ішіп-жеп қойды дей аласыз ба?
Жоқ. Ақылсыз, әлсіз дей аласыз ба? Е-ее, ойланып қалдыңыз ба? Ойланған жөн.
Мақұл, соғымға мүйізді мал сойыпты, оны да бүтін жеген емес. Сол да сөз боп ба?
Енді кеп казит-казит деп шуылдайсың түге! Не жазылғанын білесің. Казиттің айтқаны
шын ба? Шын. Тағы не құның кетті, ағайын!..
– Сәке, сіздер қызықсыздар осы,– деді Мәсәлім Сатымның сөзін бөліп және
сонысын ерлік, алғырлық санаған кісінің өзін-өзі риза кейпімен,– Мәсәлә Темірәліде
емес, кәзитте, кәзитке шыққан сөзде болып отырған жоқ па?! Оны әрқайсыңыз-ақ
естігіңіз, тыңдағыңыз келеді. Халық кәзитке сенеді, кәзит халыққа сенеді!
Осы арада Мәсәлім отырған жерінде қомданып-қомданып қойды. Қанатым болса
ұшып-ақ кетер едім, қайтейін, осынша ақыл мен тіл берген Құдайым бір қарыс
қауырсынын қимапты деген кісі секілді, әрі өкініп, әрі өзгелерді мүсіркей, кешіре
қарады. Сақал-Сатым ананың бөгелгенін пайдаланып, тағы бір сөз қыстырды:
– Міне, өзіңіз айтқан, мәселе: кәзит халыққа сенеді! Жөн-ақ. Халыққа сену деген не?
Қатын-қалаштың аузындағы ұсақ-түйек сөзді жиып ап, басын қосып, сол халықтың
өзіне қайта тыңдату болғаны ма?..
– Сіз енді өйтіп қатын-қалаш деп сөкпеңіз, – деді бір әйел.
– Қатын болсақ та прабамыз сізбен бірдей, – деді бір әйел.
– Пиадал! – деді тағы бір әйел.
– Сонда сіздер қалай дейсіздер,– деді Мәсәлім, Сатымды әбден тұқыртқысы кеп,–
кәзиттің жазғаны өсек пе? Өсек деген өтірік емес пе еді?
– Жоқ, газеттікі шын, өтірік емес.
– Онда өсек болғаны қалай?– Сатым мүдіріп қалды. Елдің сөзінің өсек екені рас,
оған көңілі жетіп отыр. Өтірік деп тағы айта алмайды. Малдан шығын болғаны рас па,
рас. Шоқал санатқаны рас па, рас. Кісі сабағаны рас па, ол да рас. Шынында мұның
не дауы бар енді? Жо-оқ, бәрібір дау айтуға болатын сияқты. Жарайды, малдан
шығын болды. Неге? Не себепті? Шоқал санатты. Неге? Не себепті? Өлген малды,
әрине Темірәлі ұрып өлтірмеген. Дегенмен... дегенмен ол басшы ғой, өлтірмеудің
қамын жасамай ма? Жасамады деп кім айтады? Қолынан келгенін аяған жоқ. Қолынан
не келді? Қысты жұмсарта алмады, күнді жылыта алмады. Әйтсе де малды шығынсыз
шығарудың кілті жалғыз қыстың, аты – қыс. Сол қыстың әйтеуір бір келерін ол білді,
жарты жыл бұрын білді. Сол үшін жаздай пішен шаптырды, күздей қора жөндетті.
Одан артық не істей алады? Пішеннің тапшы болғаны, кейбір жерлерде малдың жем
жеу ерекшелігіне көңіл бөлінбегені де рас. Сол пішен неге тапшы болды? Шөп
дайындау жоспарын 180 процент орындаған колхоз емес пе бұл? Соның 65
проценттейі шоқал боп шығыпты дегенді естіген. Сонда, осының бәріне жалғыз
Темірәлі кінәлі ме? Кінәлі. Бірақ жалғыз емес. Кінәлі болғасын көппен бірге болғаны
не, жалғыз болғаны не, бәрібір, кінәлі. Көктемде қой шығынының біразын жасырып
қалуға болатын еді. Біраз басты ерте төлдегендері-ақ жауып жіберетін. Пішен
жөніндегі ақпардың да өтірігін өзі шығарды. Бәрін ашып берген өзі. Аудан
алдындағы беделіне ме, партия алдында адалдығына сенді ме, әйтеуір, сенді. Газеттің
мына мақаласына қарағанда мұның арты – түрме. Сонда сенгені не? Беделге сенуге
болмай-ақ қойсын, адалдыққа сенуге де болмай ма? Мәссаған, сөз болғаныңа!
Алдымен Темірәлінің адалдығы не адалдық, қандай адалдық? «Пәленбай бас мал
шығын болды, себебі, қыс қатты, пішен жетпеді, былтырғым өтірік екен, адалдықпен
алдаппын, биылғы шындық осы? Бұл адалдық үшін аудан: «бәрекелде-ее, басқарма,
адалдықпен мұнша тұяқтың тұқымын құртыпсың, жасырмағаның, адалдығың үшін
рақмет!» деп арқасынан қаға ма?! Ақыр түбі сол адалдығының арқасында басы кетпей
ме? Демек, бұл басын мүлде ойламайтын кісі болды. Темірәлінің өзі ойламаған басты
өзге кісі ойлап қарық қылмайтынын Сатым жақсы түсінді. Әйтсе де... әйтсе де әркімнің
бір нәрсе төңірегінде ойлауға, ненің болсын түбін, шындығын іздеуге, тіпті, кез келген
жәйтке сенуге, сенбеуге де хақысы бар ғой? Бар, бар. Олай болса, газеттің мақаласына
Сатым да сенбейді. Сенбегенде өтірік үшін сенбейді емес, шындық үшін сенбейді.
Факті терсе, сөз жоқ, газеттікі дұрыс. Ал адамшылық, ар алдында ше? Онда газет тым
солақайлау, белсенділеу кеткен. Мақала өзінің Темірәліге таққан кінәсін, айыбын
жеріне жете