Ештеңеге жетер шамаң жоқ еді,
Енді маған ірі болғың келеді?!
Бірақ… ертең жатқан шақта молаңа
Саған тағы керек болар сол ана.
Еске аларсың сонда анаңды, үйіңді –
Құрт-құмырсқа мүжігенде миыңды?»
Көрсең-дағы соқыр шалды жолда алыс
Жөнін сілте, көрсете гөр қолғабыс.
Ал, әйтпесе, су-қараңғы отырған
Сенің-дағы айырмаң жоқ соқырдан.
Ақыл-есті кім сыйлады саған дәл?
Құдай ма, әлде сенің сорлы анаң ба?
Жасырса Алла сенен шындық жарығын,
Саған онда күн мен түннің бәрібір.
* * *
Жаратушы шеберлігін көрсеткен, –
Саусақты да жасап түрлі бөлшектен.
Саусақ деген сүйіктісі дененің,
Ұстамайтын ештеңесі жоқ оның.
Қалауыңша жүру үшін жерде еркін,
Түтіктерді бойыңа көп берген тым.
Еңкейсін деп, иілсін деп ерікті,
Тізе, шынтақ, белді тағы беріпті.
Жүреді деп Аллаға ылғи тәжім ғып,
Омыртқаны жасағаны –
әзірлік.
Омыртқаны тізген сонсоң асығып,
Сенің денең кетпесін деп шашылып.
Тигр, Ефрат, Ніл секілді арналы
Күре тамырлар қу денеңді шарлады.
Көз де берді.
Тек адамның ісі ғып,
Жүрек берді – алсын деп көп түсінік.
Сезім де бар, көзің де бар, бар даусың,
Екі аяқ бар – «А» әріпінен аумайсың.
Жерге салып жайылады мал басын
Керегіңді қолыңмен сен аласың.
Ұлы екенсің – еңсеңді әсте құлатпа,
Құдайыңа сыйынып жүр бірақ та.
Құдай сені, болсаң-дағы жасырақ
Шөппен емес, нанмен отыр асырап.
Ал, сен оған… үлкенсінбе, түрсінбе, –
Алла саған ақыл берді өзін
мақтап жүрсін деп.
Тікірейме, жаның тура болсын тек.
Бар денеңе тұратұғын жол сілтеп
Миың болса - өзі берген миыңмен
Жөн емес қой жаратқанға шүйілген.
Жауыңды сен таспен де атып жығасың,
Бірақ достың жанын қалай ұғасың?
Құдайына сыйынады сол кісі,
Кімнің бүгін келмей тұрса өлгісі.
* * *
Бал дегенің көп ауруды жазады,
Ал, ажалға қарсы тұрмас о-дағы.
Бал пайдалы тірі жүрген адамға,
Өлілерді ешбір дәрі жазар ма!
Нан да нәрсіз тоқ отырып жеп көрсең,
Бал да дәмсіз жаның шығып кеткен соң.
Кеңес берем: «жарылсын дос, бас мейлі,
Жараңа анау киіз күйдіріп бас», деймін.
Көп қатерден қашсаң –
құтыла аласың,
Бірақ ажалдың шеңгелінде қаласың.
Тірі күнде жеген тамақ, ішкен ас
Рахат қой, рахат қой, ішке рас.
Тамақ деген табиғатында керек қой,
Асы жоқ үй – үй емес бір кеуек қой.
Құрғақ киім керек нөсер-жауынға,
Су да керек шөлде қалған шағыңда.
Ыстық керек, суық керек,
сол қайғы:
Біреуі сәл артық кетсе болмайды.
Алған демің жел боп терді кептірмес,
Ыстық күні тамағыңнан ет жүрмес.
Кім өкпелер қарынына-табаққа,
Жүрек байғұс тоқтап қалған сағатта.
Тек дананың тарқап кеткен базары
Қайта қызар жеткен кезде ажалы.
Мешкейлікпен күш жиям деп ойлама,
Күшті берген Құдай шығар қайда да.
Ал, Құдайға аш жүрсең де бәрі бір, –
Бір сыйынып жіберші енді, жарығым!
Табына гөр бейнесіне Алланың,
Өзіңді ұмыт –
өзгенікі қалғаны.
Табынған соң құл болдың сен, қолдасың,
Ал, құл біткен ойламайды өз басын.
Құдіретті деп құрметтесек Құдайды,
Ол да бізден құл болуды сұрайды...
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ӨКІНІШ ЖӘНЕ АҚЫЛДЫ ӨМІР КЕШУ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ
Жас едік біз. Думанды кеш. Баладай
Мәз болысып отырдық бір жағалай.
Көңілді ән, көтеріңкі күлкі көп
Ұшып жатты ақ кептердей дүркіреп.
Отырды шал.
Түк ұқпадың со қарттан,
Шашы аппақ – қорлық қинап ағартқан.
Жаңғақ құсап жабылыпты ерні оның,
Түспепті әсте күлкінің де өрнегі.
Бір шыдамсыз жетіп барып жас жігіт:
«ауызыңды мұнша буып тас қылып,
Не отырыс, көтер басты – денені,
Тойла бізбен, іш, көңілден!» –
деп еді,
Ауыр бұрып қатпар-қатпар мойынын,
Шал тіл қатты: «Жараспайды, қой інім!
Нәзік самал гүлді ғана тербетер –
Мен алқынам, алтын тосты сен көтер.
Жасыл шалғын – ойын, сауық мекені,
Сарғайса ол – тойдың сәні кетеді.
Жастық шақ пен көктем ғана гүл атар,
Ал, кәрі ағаш – жапырағын құлатар.
Той, думанды ұмытқанбыз – көп болды,
Не ғыласың еске салып өткенді!
Қыран-дағы қаталдық қой, сол үшін
Қатпай тұрып ойнап, күлу борышың!
Дастарқанға жаңа отырдың – іше біл.
Ал, мен болсам тойып шыққан кісі едім.
Кәрілік шіркін топырақтай тұр басып,
Мен сенімен жарытпаспын сырласып.
Шаш ақ қырау. Қыс түсті ғой, болмайды,
Тозған баққа бұлбұл құс та қонбайды.
Тоты құстар құйрығын мың құбылтсын,
Қыран едім, топшым бүгін сынып тұр.
Мен – егіп ем, орғаным жоқ түк одан,
Сен – көк шалғын, көз біткенге ұнаған.
Өз бағымда жаңа гүл жоқ,
Тайды ғой!
Тозған гүлден букет жасамайды ғой?
Көп жыл болды – жүгімін қу таяқтың,
Екеу еді – үшеу болды аяқ бұл.
Аяқ деген – қанаты ғой жігіттің...
Келеді енді соның бәрін ұмытқым.
Алтын түске тоғытып жас гүл-бағын,
Батарында сарғаяды күн-дағы.
Үміт деген жасқа ғана тән шығар –
Үміт ыстық – оған қалай шал шыдар?
Бірақ сол бір түнді ойласам... бос денем
Балқып кетіп әлі күнге жас төгем».
Лұқпан-Хакім айтқан екен: «Сүрме өмір,
Жаңсақ аттап баса алмасаң бірде-бір».
Енді... ертең дүкенімді жабам да,
Пайда, байлық салам бәрін табанға!
Барлық кінә ақ шашқа ауар, аққа ауар,
Ал, шал болса – күнәсімен мақтанар...
* * *
Ей, адамдар!
Кеудең сенің қапас түрме, тор әрі –
Жаның – бір құс талпынады,
Ұшып кетпек болады.
Қиын бірақ құс байғұсқа
Бұтаққа ырғып бір шығу,
Шыға қалса дайын тағы,
Тағы қапас, тұншығу.
Өмір деген