Бақытсызға қайрым қылған жан көрсең,
Қолда оны, қорғар сені ол да ертең.
Аяй көрме құлдан көңіл құрметін,
Құлдың патша болмасына кім кепіл.
Езілген мен жаншылғанды аяп бақ,
Қуа көрме оны үйіңнен татяқтап.
Тым өзгергіш уақыттың құлқы бұл –
Пешка шығып, ферза болар бір күні.
Кім тағдырды айыптаса кезінде,
Тағдыр оның айыптайды өзін де.
Жақсылықты біреу емес, ел себер,
Қорға соны – жақсы болғың келсе егер.
Әлсіздерге теңіз-сынды жомарт бол.
Ойлап көрші: кеше патша болған жан,
Бүгін міне, қайыршы боп қорланған.
Қара ойлама бағынышты адамға,
Бағыныштық келер бір күн саған да.
ӘҢГІМЕ
Бай тұрыпты бір адам, бай тұрыпты керемет,
Сараң бопты бірақ та – байлығы оның не
керек.
Жиса-дағы байлықты, жиса да алтын шелектеп,
Түнде шошып оянған: ұры түсіп келед деп.
Алтын, күміс – сандықта, ойламады ол:
жұмсайын,
Жиған сайын қалтырап қурады өзі күн сайын.
Ұлы бар-ды сорлының, ұлы бір күн білді оның
Сары алтынды сараңдық қайда тығып
жүргенін.
Алтынды алды жас мырза – байлық желге
тасталды,
Алған ақша орнында кесек-кесек тас қалды.
Қызулы қол ұстады – кетті ақшадан мөр
тайып,
Кете барды қазына сағат санап ортайып.
Құртып ақыр әкенің бар жиғанын тентек ұл, –
Кей базарда сатылды шапаны мен бөркі оның.
Сараң әке жас төгіп, Құдайды да жүр боқтап,
Ал, баласы – тойлардан қайтып келед
бұлғақтап.
Болып алды қайғышыл әке деген, бай деген,
Ал, ұлы оған сөйлейді бір жымиып жәйменен:
«Әкежан-ау, алтынды бізге Құдай қиды ғой,
Болуы үшін қол шашпа, көңіл жомарт, сыйлы
боп.
Құр көмбеге құйса егер сары алтынның
жарығын,
Алтын ба ол, тас па әлде, емес пе екен
бәрі бір.
Қара тасты сығып сен алтын алдың неге енді –
Тойда мықтап бір ішіп сегітпесең денеңді.
Жұмсамасаң ақшаны... мен сеніммен айта
алам,
Жиған барлық алтының тасқа айналар
қайтадан!»
Ей, сараң бай!
Сен тіпті өкпелеме балаша,
Қатын-балаң тезірек өлуіңді қаласа!
Мықтап тұрып үй ішің бір тояр ед сен өлсең –
Сондықтан да тезірек тозағыңа жөнелсең!
Адам емес сараң жан – айдаһар ғой тастағы,
Жинап-жинап өлетін қарғыс атқан ақшаны.
Ал, бір күні кеп қалар өзге айдаһар ақырып,
Басар сонда сараңды қарақұстан жапырып.
Ол қалтырап ұстаған ақша-дағы сол күні
Шығар қолдан бұлқынып, бейне бұлақ
Толқыны.
Құмырсқаша жинаған байлығыңды қолдағы
Адам құсап төгіп-шаш.
Тойып ішсең – болғаны.
Әзірге өзің біреуге ас-жем болмай тұрғанда...
Ләззат ал осынау ақылы бар жырдан да, –
Ойласаңшы ағайын!
Қойдың жанды қинап шын –
Қап-қап алтын жиғанмен, түйір ақыл
жимапсың!
ҮШІНШІ ТАРАУ
МАХАББАТ ТУРАЛЫ
Мәжнүннен сұрапты бір күні:
«Өшпес мәңгі маңдайыңның тыртығы,
Сорлы жан-ау, көрсеңші бір тұрақтап,
Не іздейсің – тамұқ па, әлде жұмақ па?»
Ал, Мәжнүн: «Сүйгенімнің артынан
Еріп келем, керек емес артық ән.
Қайда болса сәулем, менің жарығым –
Маған жұмақ, тамұғыңның – бәрі бір».
* * *
Періште де, аң да, мейлің бар адам
Махаббатқа шын сеніммен қараған.
Жүрер жым-жырт, сонша күшті болса да,
Ақылды олар – мас болса да соншама.
Ұмытыпты олар мүлдем өз-өзін,
О, жастық шақ, махаббатқа төзе біл!
Мас қой олар! Адасу да сөз бе еді,
Құлақ керең, түк көрмейді көздері.
Үйрек үшін – шалшық қызық бір елес.
Қызғын жанға – жану деген түк емес.
Олар әуес ылғи көзден тасаға,
Оларды іздеп,
күнәкәрлік жасама.
Қашады олар, қашады олар бұл елден
Бір қауіптің қабағымен түнерген.
Маржан тастай тығылады қабына, –
Біреу тауып ала ма деп тағы да.
Мақтанбайды ол, теңіз құсап күн бұрын,
Ашып салған кеудесінің күмбірін.
Сен де иесің дәл осындай жүрекке, –
Бұл дүниеге артпа, Сағди, құр өкпе!
* * *
Ай жарқырап боз аспанға төгіп нұр,
Жерге тыныш сәуле құйды көгілдір.
Сұрады Айдан: «Жарықсың ғой сен ерен,
Күндіз неге көрінбейсің төбеден?»
Бір жымиып алды сонда Ай, кенет:
«Қайтерсіңдер бос сұрақпен әурелеп –
Мен әлемге түнде ғана келемін,
Сақтау үшін Күннің ұлы беделін».
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
СЫПАЙЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Құдай сені топырақтан тұрғызып,
Жасады ғой мәңгі-бақи құл қылып!
Жауыздық пен мақтаншақтық – құлшылық.
Неге керек от болам деп құлшынып!
Жауыздықты құдай оттан жаратқан,
Сен адамсың,
Жатыр саған тарап қан.
От болам деп ойламаңдар, адамдар, –
Ет пен сүйектен жаралған.
* * *
Тамшы жаңбыр құлап түсті айдынға
Теңізде үн жоқ...
Белгілі ғой жай мұнда.
Тамшы сол бір құлап түскен шағында:
«Түк емеспін мен теңіздің жанында!»
Сыпайылық түспесе қашан да арзанға –
Тамшы жаңбыр айналыпты маржанға.
Сол тамшыдан маржан өсіп толыпты,
Ол маржанды тәжға тағар болыпты.
Еңкейем деп биік болып шығыпты ол,
Әлсіз болып күштіні бір жығыпты ол.
Бала иілсе – жас қосылар жасына,
Тал иілсе – жапырақ өсер басына.
* * *
Кеуде