у қиын соғар, қиын соғар – ойланшы
ал,
Өз жаныңнан итке біткен қу нәпсіні жоймасаң.
Жалмап алып жату деген – аң біткеннің заңы
ғой.
Дүниедегі ең тәтті зат – жаман адам жаны ғой.
Бақытты жан түн ұйқысын төртке бөліп
талмай түк
Ілім іздеп, тым құрыса, өзін-өзі алдайтын.
Хақ тағала шындығының дәмін бір сәт
татқан жан
Сыпайылық жасар жұртқа –
сонысы үшін мақталған.
Кім жарықтан айырмаса қараңғыны –
сорлы бұл,
Басы қатар салыстырып албасты мен хор
қызын.
Орға құлап жатырсың ғой құламас –
өзіңнен,
Басың болса өр мен жолдың айырмасын
сезінген.
Қыран-дағы мұндай еркін ұстамас ед бойды аса
Егер оның қанатына бір кесек тас байласа;
Жарығым, ол кеткен кезде кеңістікті бір аңсап
Бәрібір ол көк жүзіне көтерілер қыранша.
Құлқыныңды тежей алсаң – періштелік
сол-дағы,
Шын періште болу оңай – адал жүрсең
болғаны.
Жыртқыш-нәпсі періштенің ақ
қанатын тақққанмен
Жер тоятын таусып алмай,
Шыға алар ма аспанға ол?
Ұяламыз біз Құдайдан сені адам деуге де, –
Періштенің пәктігінен үміт еттің сен неге?
Сыңар езу ат мініпсің,
Түскен жолың – теріс жол.
Алып кетер бір қиянға –
Ал бекем бол, берік бол.
Атылады арындап кеп – асау еді не деген,
Қорықпай-ақ айтайын мен: мойыныңды үзіп
береді ол.
Қарыныңды толтырғанша тыға берме тамақ көп –
Дейді ғой жұрт: адам емес, тағам салар табақ
деп
Сенің үшін адам деген немене бұл, ойланшы –
Шынында да емес қой ол азық-түлік қоймасы.
Көкірегіңде Құдай жәйлі ойға да орын жоғы
анық.
Қойма құсап тұрсың толып екі иініңнен деп
алып.
Ұйықтаудан өзгені ұқпас саған біткен тоқ
қарын,
Бар денеңнің бәрі – қарын,
О, Құдайдың соққаны!
Қарыныңның көнбе ырқына, соза берме
шегіңді,
Шек бітелсе ештеңені көре алмайды көңіл де.
Қарын деген – тозақ қой бір,
Құдайыңды шал мейлі–
Жұтқан сайын ышқынады: «Мұның әлі аз»
дейді.
Иса-пайғамбарды ажал алып кете жаздапты,
Ал, сен оның көк есегін қастерлесең –
болмас-ты.
Ақымақ! Сен дінді алтыннан кем
тұтасың десе кім –
Пайғамбардың өзінен де артық саған есегі.
Ұқпаймысың мисызым-ау;
Тәңір әбден атқан ба? –
Аң атаулы жемтік іздеп түспейтін
бе ед қақпанға!
Сен де сондай.
Жолбарысша жортып жүріп жолдағы
Құрған торға түсіп өлсең – ол да аброй
болғаны.
Ал, егер де тышқан құсап ірімшіктің
қиқымын
Аулап жүріп өліп кетсең – өлім емес,
күйкі бұл!
ӘҢГІМЕ

Біреу бір күн білмес өзге кәсіпті,
Хорезм шах ауылына асықты.
Кез кеп патша ұмытылды басқа мұң.
Иілді де сүйді етегін патшаның
Баласы айтты:
не керек құр әңгіме,
жауап бер сен сұрағымның бәріне.
Құбыланы хижаз жақта дедің сен,
Болмады ма сол бағытқа иілсең.
– Сеніп болмас тіршіліктің тезіне,
Өзгереді құбыланың өзі де.
Құдай ісін атқаруға асықпа,
Қолдан келсе қасиетіңді ашып қал.
Жайбасарлық басыңды алар қаран ғып,
Сол басыңды сақтап қалар сараңдық.
– Ал сараңдық арсыздыққа бұйырған,
Бір қап ұнға тең бе екі түйір дән.
Өзендерде толы сулар бар уақта,
Бөлермісің көңіл салқын шәрбатқа.
Дауылдаған сезіміңді баспасаң,
Адасарсың мынау албырт жаста сан,
О,Құдайым, сараңдардың кес қолын,
Білдің бе одан жақсылықтың өскенін.
Сараңдықтан ада болса босағаң,
«Құлыңмын» деп айтпас еді еш адам.
Туса сол бір Құдайымның құт күні,
Қайыршылар болмас еді-ау тіпті де.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ

Айналсаң сен жазықтағы төбеге,
Сай-жыраға асқақтамай немене!
Ей, данышпан, құпияңды біл сақтап,
Көзден жасың ақса-дағы бұршақтап.

* * *
Болат қанжар – қынсыз жатса – қауіпті,
Батыр ғана киер болат сауытты.
Кім қабағын қатты шытса долдана,
Үндемеуге шыдайды тек сол ғана.
Түк талғаусыз жатса ағылып сөздерің,
Асылынан не ұғасың өзгенің?
Ешкімнің де сөзін бөлме әсте сен,
Ал, өз басым дәл осыған бәстесем!
Сөз дегенің – дүниедегі ең асыл,
Көп сөйлесең – қорлағандай боласың.
Нәзік гүлдер – шыдай алмас салқынға,
Аз болған соң ардақты ғой алтын да.
Мылжыңдарға назарыңды жорта бер,
Бірақ оның ықпалынан қорқа гөр.
Дарыта алмай жүргеніңді жүз атып,
Жалғыз атып, саласың ғой құлатып?
Тілің сенің айтады ылғи бір есім; –
Тек сонымен сөйлесіп кеп жүресің.
Көрер көзі әрнені құр елес қып,
Қояды ғой атпасаң да ел естіп?
Құпияңа – жүрек қамал бір берік,
Берік пе өзі? – әр күн сайын жүр көріп…
Кім ақылды – тек сол ұстар сөзді нық,
Айтар болсаң – айтпашы тек тоздырып.
Ей, ақылдым, құлағың сал –
қой деймін,
Сөйлер болсаң – Сағди құсап сөйлей біл!

* * *
Білемін мен адамдардың үш түрін,
Дәл соларды жамандауға күштімін:
Бірі – патша, оның аты – залымдық.
Патша десең тартады ішке қанын жұрт.
Патша есімі – әлдеқашан сызылған,
Жуған оны жылап аққан қызыл қан.
Енді бірі: ұятсыздар не түрлі,
Олар жәйлі сөйлеу де ұят секілді.
Тағы бірі – өтірікші,
өсекші –
Соларды ақыр өлген адам десекші!
Өтірік бұл кез – мамандыққа айналған.
Қор болдың ғой, қор болды ғой?
қайран жан!..

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

АМАН-САУЛЫҚ ҮШІН АЛҒЫС АЙТУ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

Сыйламапты біреу туған анасын,
Ана байғұс жабығыпты жан асыл,
Депті бір күн: «бола ма екен жаным-ау,
Белің шыққан бесігіңді танымау?
Арасында шүберек пен мақтаның
Көз алдымда, тырбың қағып жатқаның!
Дәрменсіз ең сен ол күні, әлсіз ең,