соғыспен алынған жеңіс емес түк,
Дәл сонда шығар сорымыз?
Отырсың, құлақ, нені естіп!
Құлаған жоқпыз бірақ біз шағым айтуға дейін кеп —
түрмеде де отырмыз мылтығымызды бейімдел.

Өлгендер даңқы салады тіріні қайрап ерлікке,
Өзіңді сүйген жүректер бұлқынбай қалай қалады.

Тістеніп түскен ек жолға көзіңнен қайғы көрдік те,
Жүректі біздің ыс қапты,
түтін жапқанда даланы.

Бірақ жас шыбық үшін біз көп жердің тоңын жібіттік,
Жас батыр үшін даңқтың жасадық алғаш адымын.
Өспес деймісің бір емен, тумас деймісің жігіт бір,
Тоганды бұзыл бір бұлақ ақпас деймісің адуын!


* * *
Көп күйбеңнен, аялаудан құтылармын бір күні,
Қайыршылық, қаяу ойдан құтылармын бір күні.
Сыйламай-ақ қойсын Сайтан шарап құйып
тозақта,—

Ақыл айтқан езбелерден құтылармын бір күні.

МЕНІҢ ТЕРЕЗЕМ

Тот басқан темір кірестер әйнекті бөліп-бөліп тұр,
Әр кіресте -
қан із,
Әр кіресте — өлік тұр.
Бiр кiресте: түнгі жел дір-дір етіп сөнеді.
Ай сәулесін, бірінде, үлбіретіп сөнеді.
Бір кіреске кешкі бұлт қанатын соғып құлады,
Топшысынан аққан қан бір кірестен тұр ағып.

Әрбір күн сайын рухтың сұлулығы мен байлығы
Өрттей боп сөніп барады –
Нөсері құйып қайғының.
Түнгі бұлт бірақ жойылып, —
Таң ата ойдан айығып,
Шыға да келдік түрменің «тентегі» болып байырғы.

КЕЛ, ТЕЗІРЕК АФРИКАМ МЕНІҢ!

Уа, жет жылдам! —
Барабанның даусы құлағыма тұр жетіп,
Уа, жет жылдам!
Тулаған қан қызуы жүз градусқа тұр жетіп.
Уа, кел жылдам, Африкам менің!

Уа, кел жылдам! Басымнан өшірдім қатер ойларын,
Уа, кел жылдам! Қайғыны жеңілмеске қоймадым.
Уа, кел жылдам! Ауруды темір-уыста ұстадым.
Уа, кел жылдам! Күдіктің торларын жыртып тастадым.
Уа, жет жылдам, Африкам менін!

Балқытып құйып бұғауды — айбынды қылыш жасадым,
Балшықтай илеп құлыпты — оқ өтпес сауыт жасадым:
Уа, жет жылдам, Африкам менің!
Найзалар жарқ-жұрқ етеді батпақты көлдер үстінде,
Төсекке қайта құладым атылып тұра түстім де.
Қарайып қалған анау бір жауымнан аққан қан ба едің!
Уа, кел жылдам, Африкам менің!

Сенің далаңды, Африка, жырларым менің жүр кезіп, —
Ұйқасымен толқын билейді,
Джунглидің үні бар онда.
Ұлыңмын сенің, Африка, жыр жазғаныммен түрленіп,
Арыстаныңның ашуы айбын болған маған да.
Уа, кел жылдам, Африкам менің!

Джунглиіңнің дабылымен, жет жылдам
Арыстанның адымымен, жет жылдам,
Уа, Африкам менің!

ӘН
Мейлі тиран басқан жер: көлі шөл боп курасын,
Мейлі тұтқын пақырлар бостандығын жырласын!
Мейлі ісі жөнсіздің өзі де үнсіз қалмасын!
Мейлі тиран тағдырын қатал сотқа жалғасын!

Көзің көрсе өлімді — өлтірушіден қорықпа!
Мейлі бүкіл қару, күш шықсын қатар жорыққа!
Кәне, ешкімге көрсетпе көздеріңде
жас барын!
Айқайлаңдар қаттырак
Қорқақтықты таста әрі!
Жендеттердің қолына біздің қан-ақ жұқсыншы,
Мейлі жаулар қорғасын жеке-қара бастарын:

Мейлі біздің даусымыз естілсін тек түрмеден,
Мейлі өшкен от өшсін,
Қайта жанбас, үрлеме!
Тірегіміз бар біздің – бір дауыс пен бiр Дене!

Дауыстаңдар қаттырак!
Ең соңғы сот тұр алда!
Белгісіз бір шындық тұр —
Бергісіз мың құранға!

ҮМІТ ЕГІНІ

Осал-ау осы дегенді
Жинайық тез даладан
Нашарын жұлып,
Себейік
Беретінін жаңа дән.

Қиын, дос, үміт дәні бұл
Құнарсыз жерде өне ме.
Сөнеді шабыт жалыны,
Еңбегің тағы өледі.

Боразда салып, тыңнан бір
Егейік тағы,
Шын айтамын:
Көз жаспен жерді суғарып,
Аққан қанменен тыңайтайық.

Алдансақ тағы...
Жігіттер,
Көп өнім күтсек бекер біз:
Күн кешіп тағы үмітпен,
Тағы да еңбек етерміз.