ер жанып.

Ағаш мынау, бұтағы оқ
Жүрегімді жүреді еміп —
Әр түн сайын сауығып ап
Жауларыма жіберемін.

III
Дәл екеуміз тұрған жерде,
Аспанда емес бірақ анау,
Ашылып бір алтын қақпа
Бізді жарыққа шығарар-ау.

Шығыс жақтан жаңа дәуір
Келе жатыр күнін алып,
Жазу үшін жараны ауыр
Шат-сәулесін құйып алып.
Жендеттерден басқаларға
Жетуі анық, тиюі анық.
Күңгірт ойлар түнде туған
Асыл ойға таңда айналды.
Дегенмен сол «күңгірт ойға»
Қанбай қалдық, қанбай қалдық...

***

Сонша бақыт бердің маған сен бүгін,
Тағдырымның бергені ме жорта бұл?
Бүгiнiмнiң шаттығына сенгелі,
Ертеңімнің қайғысынан қорқамын.

***
Бұйыра алмай сөзге ендi таңым атар секілді,
Жүрек бірақ байсалды, әрі қатал секілді.

Ессіздігім кетті асып шеңберінен жүз күнгі,
Әрең бағам көңілді асау аттай тізгіндеп.

Қасіретіме менің тек қараңғылық жетпеді,
Көз жасыма қан қашан араласып кеткелі.

Түнгі шырағдандарым жанып бітуге айналды,
Айрылыса-айрылыса налып бітуге айналдым.

Таңғы самал ап келді жаңа хабар қастерлей,
Алып кетті оны өзі асау аттай бас бермей.

Әзір қалғи тұрыңдар, жұлдыздарым көктегі —
Қайғы-дағы тұрақсыз: дайын тұр ол да өткелі.

БҰТАҚТАҒЫ ГҮЛДЕР.

Баққа өскен ұрланып, баяғыдай,
Қанды гүлдер тұр жанып баяғыдай,
Шекарамыз секілді баяғыдай,
Мені бірақ көрмейсің баяғыдай.
Дүние — жыртық қап сынды баяғыдай,
Түк тұрмайды ішіне баяғыдай.
Жалт етті де найзағай болды ғайып,
Орнында уыс күл қалды баяғыдай.
Күл-қоқымнан ұя сап, шаңмен бояп
алданған жұрт, сендерді аядым-ай.
Сыбырлайды сезімім бір сөзді сол:
«Кездеспейміз бүгін тек баяғыдай».
Бәрін шарлап шаршадым, аяғым-ай,—
Ойша ғана, шарлау ғой баяғыдай.
Маған ай да, жұлдыз да көрінбейді —
Түрме үстінде түнгі аспан баяғыдай.

СЕНІ ҰМЫТПАН ҚАШАН ДА...

Сені ұмытпан қашан да:
Көп жаз өтсін, көп күз кеп,
ризамын тағдырға айрылысу жоқ бізде!

Ғұмырымды қияр ем бір сен үшін,
Жердегі
күллі асылдың ішінен саған теңін көрмедім.
Сенемін мен, о, сенем:
талап қылса уақыт кеп,
менің азабымды сен көтересің бақыт деп!
Әлде нендей бір ірі мақсат үшін мен тіпті
құрбан еттім мен бәрін,—
тұтқын болдым, ентіктім.

Ажал сірә қашады-ау аянбаған кісіден,
қорқытуға біреуді мен түрмеге түсіп ем:
өлім ғана қорықты!
Одан өзге жоқ ешкім,
өлім қорыққан жерден өзім қорқар емеспін.

Махаббатың - кеудеге орден емес тағатын,
белгісі емес рудың,
Махаббат — қос қанатың
қанаттыға ғұмырдың киындығы болатын!..

Бәрі — карта ойыны: ұтылдың ба, қайта ойна,
одан әрі?
Арғысын, мен де қумын, айтам ба?!

АЙЫПТАУ

Сүйіскеніміз үшін айыптайды мына жұрт,
Айыптауы әсердің – даңқ болып жұғады.

Адалмыз ғой біз осы?
Адал жүрдік қашан да,
Не өтірік-өсектен, не қиянат жасаудан.

Менің барлық айыбым: болатыным тез ғашық,
Ғашық болу сұлуға — айып па екен, ойлашы!

Жо, жоқ біздің жүректер күдіктенгенімен көп,
Ыстық, адал сезімін көрген емес үнемдеп.

Қатал қолы тағдырдың сүйгендерге батпайды!
өсегінен қауымның басқа бір сөз ақтайды!

Сүйгендерге кім қарсы жүре алады бос қаңғып?
Түрмесі де ғұмырдың сүйгендерге бостандық.

Фаиз, сүйген жар жәйлі жырмен жебеп өзінді,
Жатсаң да тар түрмеде, күлімсіреп көзің жұм!


О, ШАҢҚАН ҚАЛА!

Жасыл, жасыл!— Сәскенің жалынында жапырақ,
Жалғыздығын түрменің ұмытам ба жатып ап?!
Жан ауруы толқын бір: жармасамын жалына, -
Бір көтеріп тастайды, батырады тағы да.
Мынау түрме сыртында шаңқан қалам бар менің,
О, үмітім, дәрменім!

Жол көрсетер кім маған?
Қалай жетем мен саған,
Қол-аяғым бұғауда, асыл қалам
аңсаған?

Мынау түрме сыртында әсем қалам бар менің,
О, үмітім, дәрменім!

Түрлі қыздар бар онда, түрлі етектер жолағы...
Шам жақсаңдар, жігіттер, ұстаңдаршы жоғары:
Орным менің кешікпей сол арада болады.

Сол қалада бір әппақ сүйген қызым бар менің,
О, үмітім, дәрменім!

* * *

Келші сәулем, бақ гүлдесін — алған
демің көктем боп,
Келші жылдам, өтінемін, өтінемін көптен-көп.

Жылы сөз айт мен туралы түрмедегі ағайын,
Жетсін ол сөз сүйіктіме желмен көлкіп, молайып!

Сенің демің секілденіп есті самал мас қылып,
Желпіндірді бұрымыңның қара бұйра тасқыны.

Тұтқын жанға ауа қиын, жүрек шаншып барады,
Кісенімді күміс белбеу сықылды етіп тағамын.

Қапас түрме бір бұрышын көз
жасыммен жылыттым,
Көздің жасы белгісі деп орындалар үміттің.

Сәулем менен күтіп еді көрсетсін деп сүйгенін,
Не көрсетем — қойса егер біреу оған үйленіп?

Файз, енді сен өтетін жалғыз жол боп — анық бұл –
Түрме менен дар ағаштың аралығы қалып тұр.

ҚАРАҢҒЫ ЖОЛДА ӨЛЕМІЗ

Этель мен Юлиус Розенбергке.

Қасіретің үшін қан кешкен,
азабыңды тең бөліп
Алып едік о баста қорғаушың боп көне жүз,
Дар астында ешкімнен көрген емен кем болып,
Қараңғы жолда жауыңа қарсы тұрып өлеміз.

Күңгірт күнінде түрменің өмірді қорғап балта тұр,
Лүп етсе самал - келеді қолаң шашыңның иісі.
Ар үшін болсақ өлетін — ажалымыз да бал татыр,
Жөнелсек деп ек өзіңмен, о, Отан-ана, сүйісіп,

Кір жуған жердің аспанын күркіреп келіп жау ап бір,
Тістеніп түскен ек жолға, түтін жапқанда даланы.
Қайғы мен кектің өзі де болуы керек сауатты,
Караңғы жолда алысып, өлуің үшін саналы.
Түскенде жолға, Отаным, ант етіп саған, шірендік,
Ал сол бір жолдың ақыры түрмеге келіп тірелді.

Жеңісіміз біздің