Азулы итті байлау жөн, шынжырла тез, сүйт,
пенде,
Тас та бірақ байлаулы лақтырмайсың иттерге.
Бір жігіттің атағы сенің арқаңда өсіп тұр,
Есесіне: жауларың одан сайын өшікті.
Жауыз болса кімде-кім, арсыз болса — сол бүгін
Екеумізге сот құрып көрсетті-ау ит қорлығын.
Жауыз кетсе — орнына жауыз келіп жаныштап,
Журмін әлі сағынып, ал, мен болсам алыста...
Іш қазандай қайнайды, терезесі түрменің
Саған шығар жалғыз-ақ жолым құсап тұр
менің...
Кісен үні мезі ғып құлағымды жеп
бітті,
Кісен жәйлі сол менде ой дегенің көп тіпті.
Ойлай берсең жаныңды еңіретіп барады,
Еңіреген күндермен өмір өтіп барады!
Баяғыша: тирания болған жоқ ел арылып, —
Отырсақ та түрмеде біз біргеміз бәрібір.
Темір-тордан, жалыннан тірі шықсақ егер біз,
Баяғыша, шіркін-ай, қаусатып бір жеңерміз!
Сондықтан да, Отаным, өзге түгіл, түбінде
Көрінер-ау жеңіл боп сенен алыс
жүру де.
Қуғын көрсем мейлі мен, ертеңгі күн, сенемін:
Сонау таудан айналып менің күнім келеді.
Бұл аспанда әзірге жұлдызым жоқ жоғары,
Бостандық жоқ қолымда, ертең кәміл болады.
Отан сүйген жүректің мүмкін емес солуы,
Отан сүйген жігіттің мүмкін емес өлуі!
МАХАББАТ ДЕГЕН СӨЗ БҮГІН...
Барлық тілде махаббат деген бір сөз қатып тұр.
Айтылған сөз дегенің — атқан оғы
уақыттың.
Бұрын күнә «болған сөз», айтуынша дананың,
Бүгін бізге бақыт пен сенім, шаттық болады.
Деседі жұрт: қарт бақсы баққа келіп алыстан
Боратыпты өлеңін ақыл айтып данышпан.
Бірақ еріні тәтті одан Шырын менен Ләйлінің,
Тәтті махаббат шығар — тəттілігі қайғының.
Сүйіктіңмен бірге өтсе сонша қысқа-ау түн деген,
Онсыз өткен түн емес, түрме шығар,
үндеме.
Сенің әппақ білегің ақ толқындай, қоймай кіл
Оралады, мойныма, оралады, ойнайды!
Бағыбан гүлін қызғанып, мерген қолы дірілдеп...
Бұлбұл емес бақтағы, сиқыр болды бүгінде.
Аққан уақыт қалт тұрды, жалғыз сәтке іркілді,
Көктем келе жатқандай жасыды қыс бір түрлі.
Солай, Фаиз! Түрменің қабырғасындағы жыр,
Махаббаттың кәусары болды бүгін
ағылып.
ЕШТЕҢЕ ҚАЙТЫП КЕЛМЕЙДІ
Бір сынғаны — сынғаны,
Хрусталь сынса;
Айталық:
Өткен күнді бұлданып
Ала алмайсың қайтарып,
Өтірікті ұстап есіңе
Көріп ең ұзақ сен қашан?
Өлген достың несіне
Жыладың -
тірілте алмасаң.
Жоғалды мүмкін жүрегің?
Ішіңнің түкпір-түкпірін
Шараппен жуып жүр едің -
Оныңды енді ұқты кім!
Қайрымсыз тағдыр тындырды
Бергенін баста «құдайдың».
Көзеңді теуіп сындырды,
Шашылды шарап ылайлы.
Сынықта кейбір әлі де
Жұғыны қалған шығар-ау.
Жастық шақ өтсе, әрине,
Ұғымы қалған шығар-ау?
Кедейлік, аштық - әділет боп...
Жүректі құртты-ау, әй, тегі.
Тас түссе ауыр, Әйнектің
Сынығы қалмай қайтеді?!
Қоқымда осы, әуелгі
Асылың, мүмкін, бар шығар?
Құдай екенсің, ал енді
Сол асылыңды аршып ал!
Тысырсыз еніп түнде ұры,
Сыпырып кетті-ау барыңды.
Құтылдың әрең — тірлігің,
Жоғалттың бірақ арыңды.
Бүтіні қымбат шынының, —
Сынды да қалды,
Бәрібір
Шашырады маған сынығы —
Қан ақты, тамырым жарылып.
Шарт сынған сол бір шөлмекті
Қайтадан бүтіндемексің:
Кіміңе сонда сенбексің,
Кім еді сенің көмекшің?
Ақылды жұбата алмайсың,
Сезімді жұбата алсаң да.
Алдандың екен – алдайсың!
Өтірік сөзге тамсанба.
Шыныны жи да іріленіп
Отқа сал, жалын шайқаған —
Не кетсін ұшып күл болып,
Не әйнек болсын қайтадан!
...Армандай қымбат тілек бір,
Сұрасаң мұнда — береді:
Қазнасы үлкен жүректің
Таусылмай әлі келеді.
Күн кешті арсыз ұрлап тек,
Ұрласын бәрін,
Бәрібір
Қалса да теңіз құрғақ боп,
Жартастың қалар жарығы,
Тонауға берсе теңізді,
Тонаушылар, қасықтап
Асылдарын ең ізгі
Тауысар еді сатып та.
Ерлер бар бірақ бұрқанса,
Аман-сау келу қиындау:
Ұрыға сонан бір тамшы
Келеді байлық бұйырмай.
Айтыс та, атыс, шабыста
«Аққа – құдай жақ» содан.
Айнала жеңіс!
Табыстан
Өлмейді екен жақсы адам.
Жаныштап арды біреуі,
Біреуі жағып алтын от:
Бәрі де тірі жүреді
Кәдімгі Шығыс халқы боп.
Шырақтың көтер жарығын,
Батырлар мінсін күшіне -
Күрес бар тағы, тағы бір:
Басқа бір тағдыр үшін ол!
* * *
Бір жаушы жүр аспанда
ашуланшақ, томырық.
Қара жаңбыр осқылап, жас жуды бұлт өңірін...
шарап іш те, құдайға не жақпаса соны ұмыт!
Түссін, кәне, Ай жерге шатырынан жап-жасыл,
Шарап құйсын шалдарың өздері әбден қанғасын.
Қан ойнасын тамырда жалын болып қып-қызыл!
Бір сұлуды алдыма ап отырайын
жұтқызып!
Сағат, минут, күн мен түн -
теңгерілсін жылдарға...
Берем саған барымды - ер соңымнан, жүр қарғам!
Шегі қайда қайғының жете алмассың жарылсаң,
Бірақ бүгін өзіңде, тек өзіңде бар ынтам!
Демек, менің қайғымды ызалы ойым тияды;
Жаңа мезгіл қуатын жаңа ұғымға құяды.
Өзімізді өзіміз ұмытып тек күн кештік,
Ал, жаулардың жүрегін жарып құртты күндестік.
Қара жаңбыр төксінші!
Тойып іш те, қалай да
Жатып алып құдайға не жақпаса соны ойла.
ТҮРМЕДЕГІ КЕШ
Дүние жымып, шұбырған
Құс жолы, кетпей тұра тұр!
Жел құлаққа сыбырлап
«Махаббат, — дейді, — мына түн».
Түрменің өзін түрме ғып
Ағаштар қамап бекiндi.
Барлығын көңлің тұр көріп,
Шығуға жол жоқ... не тірлік!..
Жұлдыздар тамып,—
Топырақ
Бұрқ ете қалар секілді.
Аспанның қара шатырын
Прожектор қиды қайшылап.
Ақырын, жүрек, ақырын
Сүйгенің келмес, қой, шырақ.
Әкеліп тәтті ой нұр-сәуле —
Түрмен