і де әсем ет дейді.
Келгендер темір құрсаумен,
Кылыштан аман кетпейді.

Сөндірсін шамды мейлі олар,
Ендігі шамың - ой болар.

ТҮРМЕДЕГІ ТАҢ

Түн әлі біткен жоқ. Ай келіп басыма
Тіл қатты бір сиқыр дауыспен ашына:
— Таң атып келеді. Ұйқылы-ояу боп,
Сайлардан түн өріп барады-ау баяулап.
Сүйікті сұлудың бейнесі бұлдырап,
Бір елес, бір елес бұлдырап тұр бірақ,
Біртіндеп барады көмескі тартып Ай,
Шаршаған сықылды жарқырай-жарқырай.
Жұлдыздар жоғалып, қайтадан оянып,
Түн байғұс таңменен қоштаспай қояды.

Қараңғы, қара ғой ауласы түрменің —
Жамандап жатсам мен - достарым жүр ме
еді?!

Таң нұры бірінің маңдайына ағыла,
Сүйгенін ойлайды біреуі тағы да.

Қоңырау соғылды. Ауыз үй ақырын
Аяқтың тысырын әкетті сапырып.
Күзетші дауысын қабырға қағып ап,
Өршітіп барады тағы да... тағы да.
Шошынып оянған жел-байғұс аңғал бұл,
Түрменің шуылы шошытты жандарды.
Әр жерден терезе әйнегін ашып қап,
Әр жерден бір жүрек ұмтылды ғашыққа.
Кісеннің сыңғыры кісіге ауыр боп,

Қасірет дегенің кетті ғой дәуірлеп!
Ұйқыдан оятты — Қинады жанымды,
Қуаныш дегенде құдай да жаңылды:
Қызықтың орнына қайғылы ту берді,
Күлкінің орнына таусылмас у берді.
Алыста бір үміт бұлаңдап барады -
Түлкіден айрылған тазыша қарадық...

***

Қалай өмір сүруді молла үйреткен жоқ маған,
Шүкір бірақ құдайға, бір күнім жоқ тоқтаған.

Сенің қайғың үшін — мен кінәлімін Отаным,
Сенің қайғың мені осы тұтқын еткен, соттаған.

Мені қинауға сен де жалықпадың Отаным,
Қиналудан мен де сол — жалықпадым Отаным!

Жоқшылық пен қасірет қалды бізде тұрақтап,
Аяушылық күтпедік біз ешкімнен бірақ та.

Қалып па едің, Фаиз-ау, қалып па едің қалада
Сатылғандар сананы біледі деп бағалап?!

ЖҰПАР ЕСКЕН ЛЕБІНЕН ДОСЫМ МЕНІҢ...

Маған әтір сыйлаған бейтаныс келіншекке.
Әтір исі аңқыған қолын созып
түрмеме
кіріп келді сол досым,
отыр едім іргеде.
Еркелетті жүректі — мұқамасын деді ме,
Сырты бар да іші жоқ — мұқабасың деді ме?
еркелеттi менi аса,
сасық демі түрменің
әтір исін қосып ап есті шәйпап, түрленіп;
Дүниенің барлығы қайта жаралғандай боп,
тұтқын – менің тағдырым қайта қаралғандай боп;
жарқ етті бір қуаныш: қара шашы, жанары...
әтір исі аңқылдап айналаға тарады.
Майда лебі мейірімнің сақтап тұрса гүл исін,
Тоғыз қабат тор-бұғау, сен де сөзсіз құрисың!
Махаббат пен достықтың жапырағы жап-жасыл,
Зұлымдықтың отына, сезіп қалдым, жанбасын.
Егер осы келіншек кездессе егер
өзіңе,
Хафиздің жырын айт, тура қарап көзіне:
«Көз көргеннің — бәрі ескі,
Жатады тек жаңғырып
Махаббаттың әуезі, достық үні мәңгілік!»

ДҮНИЕДЕ АЙЛА АЗ БА...

Өмірде мына аз ба айла
Азаптау үшін ерлікті.
Деді сот: «Күнәң жаздайғы...-
Көтеріп тұрған жер мықты».

Айыптау деген — түсінік,
Түсінбеу сенің не теңің:
Айыптау үшін кісіні,
Екі ауыз сөз жетеді.
Сенімнің жолы — шын әппақ,
Сен үшін қысқа ол, жарығым.
Жол алдың екен — шыдап бақ,
Алдында дар тұр бәрібір.

Есер мен жауыз жатқаны...
Оларға емес түрме түк.
Түрмеге салып баққаның
Иттікке еткен құрметің.

Жазадан гөрі мазаққа
ұқсайды екен!
Есінеп,
Естіні салды азапқа,
Айыру үшін есінен.

Көз салма жендет қолына,
Ойнатып қылыш мәз болған:
Болмайды сірә оныңда
Бас кесуден өзге арман.

«Үндеме» дейді ой маған,
«Айқайла» дейді жүрегім.
Жендеттің қанмен ойнаған
Келеді көргім түр-өңін...

Телміріп саған қараймын,
Атпаған таңым арайлы!

ЖАЛҒЫЗДЫҚ КЕШІ

Білмедім қалай, мен осы жалғыз боп қалдым бүгінде,
Күлады көңіл, көз жасы кірпікте қалды жұғын боп.

Білмедім қалай, жарқ етіп жоғалдың тағы жай болып,
Қайғылы ой батты көк бұлтқа дөңгелеп барып Ай
болып.

Махаббатымды жырға орап әкелгем саған сүйіктім,
Әр сөзі бірақ жырымның екеумізден де биік тұр.

Жалғызсың, Файз, жолда бұл.
Түнгі елес кетті жайына —
Сенгіш сұр-жігіт сен қалдың,
Қыз кетті сүйген байына?!..

***

Кеш болса болды сүйіскен мына бір топырақ ішінен
Естілді-ау сенің есімің:
Жоқ шығар мұнда қызар түк.
Ал, анау есер жол бермей —
Соқтығып дүйім кісіге
Жарасынан аққан қанымен барады ізін қызартып.

КҮЗГІ ЖОЛДА

Келемін мен көктемді іздеп тал ұстап,
Сүйіктімді іздеген бір пішінде,
Шақырамын атын атап дауыстап,
Соның өзін бақыт санап ішімнен.

Уақыт та айыра алмас мені одан,
Сүйген жүрек сүйгенімен бір соғып.
Күзгі жолға жаутаң-жаутаң қарап ап,
Ол да мендей аңсап, тосып жүрсе еді!
Дәл осы бір құпияммен мақтанам,
Құпия емес,
Құпия сыр — жат маған.

Гүлдер солып, сұрланғанда бұлт төніп,
Сол бір бейне көрінеді жарқырап.
Сондықтан да...
Сондықтан да жұрт мені
Жарқын жырлар жазды дейді халқына.

КЕЗДЕСУ

I
Ағашындай аурудың бір
Түн біздерден биік тұр ғой.
Жапырағына сол ағаштың
Жұлдызды аспан ұйып тұр ғой.
Жүздеген Ай - көлеңкесі,
Бар жарығын жылап бітті.
Ағашындай аурудың бір
Бізден алыс, жырақ тiптi.

Сарғыш жапырақтар ғана,
Кымбат алтын теңгелерден,
Тамды сенің шашыңа кеп
Шық тамшысы дөңгеленген,
Жүзіне ұйып дір-дір етті —
Жанарыңды мөлдіретті.

II
Осы бір түн сыймай миға,
Мен жасаған шимай-жырлар
Қанды өзен болып ақты.
Көрмеген соң көзім менің,
Адастырды сезімдерім.

Ақ білегің бұлғаңдайды...
Қайғы болса дүниеде,
Ол – осы түн туған қайғы
Теңемейік бекерге алып,
Қайғы бейне метан газы, —
Біз «уһ» десек кет