"Шығыс сазы", өлеңдер жинағы

"Жазушы", 1968

ОЛ ҚЫРСЫҚТАН СЕНІ ҚҰДАЙ ҚҰТҚАРДЫ

Ол қырсықтан сені құдай құтқарды,
Қайғыны сен жөргегіңнен үйреніп,
Өміріңнің несібесі у болып,
Тұрар еді жүрегіңе түйреліп —
Ол қырсықтан сені құдай құтқарды.

Ол қырсықтан құдай сені құтқарды, —
Өкінішің өрттей жалап жаныңды,
Естеліктің уы жәйлап қаныңды,
Өз күшігің қабар ед өз қолыңды —
Ол қырсықтан құдай сені құтқарды...

Ол қырсықтан құдай сені құтқарды, —
Сұлулықтың туы құлап бір ынтық,
Жанарыңды жалған үміт құбылтып,
Қарар едің, болмағандай бұрын түк —
Ол қырсықтан құдай сені құтқарды...

Ол уақыттан сені құдай құтқарды,
Жиренер ең өз-өзіңнен, денеңнен,
Жиренер ең сөзге сену дегеннен,
Жазғырумен, жазғырумен өлер де ең,
Бүгінгіге дейін күйген біреуді,
Дәл бүгінге дейін сүйген біреуді!..
Ол уақыттан сені құдай құтқарды!

КЕМЕЛ ШАҚ

Іздегеніңмен, көп пенде,
Ойшылды таба аласың ба?
Басталудан кеткенде,
аяғына бара аласың ба?

Дүниенің сәулетінен де
азап шегіп, ақыры
тағы бір әуре тілеуге
барар еді-ау батылың!

Көрем деп бәрін алжыдың,
көруге неге ұмтылдың!
Бар күрсіну,—
қалдығы,
тұншыққан көп ыңқылдың!

Жылауға кеудең тіліне
уақыт таба аласың ба?
Жаралы жігіттігіңе
уату таба аласың ба?

Құмарлық қайнап бітті ме —
сөзге айналдырсаң-ау бір!
Көкірегіңді түп-түгел
көзге айналдырсаң-ау бір!..

ТҮНГІ ЖЫР

Дел-сал маңай қалғып кеткен сияқты,
Күңгірт аспан тас төбеден тұр төніп,
Жанары оның жұлдыз-жасқа тұр толып,

Үп етші, жел, исі аңқысын бақтардың!
Кел, махаббат, жетші қалқам, жаңа бір
Көктеменің жұпарынан жаралып!

Әсем гүлдің ғұмыры да қас қағым,
Әсем қыздың ғұмыры да қас қағым,
Саған ашпақ бір сырым бар... келші енді!
Бір сүю бар, күрсіну бар... келші енді!

Жалғыздығым жанға батты... жатпаймын,
Маған батқан саған неғып батпайды?!

Жүрегімді, ойнайды өлең, түртіп тек,
Гауһар-тамшы үзіледі кірпіктен.

Аспан байғұс, мен секілді, қайғылы,
Сондықтан да түседі әрең ай нұры...

Күрсіну бар, бір сырым бар... келші енді!
Бір сүю бар, күрсіну бар... келші енді!

ҒАЗАЛ

Ақ жүректі алдаумен күттіруге болмайды,
Өр рухтың тізесін бүктіруге болмайды.

Сенің, сенің қайғыңды қуып салдым
құмайтқа,
Ол өзімнің қайғымнан құтылуым болмайды.

Күй, қарындас, шарапты, жылытшы бір жымиып,
Сенің бейлің болмаса, шарапта дәм болмайды.

Көктемінде осы бар гүл ашылып біткен жоқ,
ашылмаған гүліңді жасыруың – болмайды.

Шөлiмдi бас, қарындас, босат мені азаптан!
Сүймеу сені мүмкін бе?
Сені сүймеу — болмайды.
Уақытқа қарсы өсіп қажеті не, серт
түгіл
Кектің өзін кеудеде ұзақ ұстау болмайды.

Болатыны болсын да, ақынсың ғой Фаиз-ау,
Ғұмыр бойы бір қызды сүйіп өту — болмайды.

КҮТУ

Мезгіл өтіп барады.
жоқсың, жоқсың сен әлі,
Сен жоқ жерде қуаныш менде қайдан болады?
Ойдың қара бұлттары ақ жанымды жабады.

Сендегі көп қайғының жаңғырығы мендегі, —
Құдай бізге қайғының өзін бүтін бермеді.
Сен толқынсың махаббат теңізінде ойнаған,
Мен бір сорлы жартаспын тосып тұрған кеудені.

Жалт етесің, кетесің — құша алмаймын мен сені,
Күлкің бейне кекесін — көтертпейді еңсені.

Халім менің тым қиын, қажып біттім,
ақылым
жетпей отыр, қайда екен бұл азаптың ақыры!
Күтіп отыр сені әлі Фаиз сынды пақырың.

СҰЛУЛЫҚ ПЕН АЖАЛ

Ең бір әсем; әсем гүлге бақтағы
дүниенің сұлулығы тоқтады,
албырт гүлге, күннен өзге өппеген,
түнгі дауыл, жел де батыл етпеген,
таң шығымен тұрған гүлге тазарып, —
бағыбанның ауды бір күн назары.

Бұл бақшада көп болатын гүл өңі:
Бағыбанның жеді көзін біреуі,
өскен гүлді түбiтi боп бар гүлдің,
өскен гүлді үміті боп бар гүлдің,
өскен гүлді дауыл-желге ұрынбай,
Өскен гүлді қайғы-мұңды ұғынбай
кесті бағыбан, селт етпеді жүрегі.

Содан бері гүл-бақта ылғи жел түнде,
сол бір гүлден бір жапырақ желкілдеп,
бағыбанға бермейді ұйқы түн сайын,
«тағы мені... мені тағы өлтір» деп...

КҮЙІНІШ

Домбыраның күй төккен қос ішегі үзіліп,
Салтанатты сарайдың салқын тартты қызығы.
Ойың, ісің, талабың... бәрі, бәрі — алдану,
Шарап құйған көзелер қақ бөлініп қалды әне,
Кәусарыңның су ғұрлым қасиеті қалмады.

Өлген жанды көз-жаспен жуғаныңнан не пайда.
Бастан өткен дәуренді қуғаныңнан не пайда.
Не күтесің сен алдан, көзің нені көреді,
ашылмайтын есікті қағып қанша керегі.
Үмітіңнің жұлдызы ағып түсті жетеді!
Қазір саған жауың да аяушылық етеді.

Уа, мезгілдің мазағына ұшыраған сабазым,
болсаң қатал жазалы, тартқыз сен де жазаны!
Ерегісіп тірі бол,
Жеңілгендер әдетте
Кетеді ғой майданда бәрінен де өжет боп.

ОЙ

Үнсізбін ылғи, мұңдана
Жүремін неге көмескі?..
Сөзімді менің тыңдама
Пәлендей сорлы емеспін.

Мұң болса қайтед кеудеде?
Қайғы бір ұғым ең ескі.
Қайғырып жүрген әлемде
Екеуміз ғана емеспіз.

Мұңдансам қайтед дәл одан
Көбеймес қайғы жерде бұл.
Құтқармас жұртты «бәледен»
Жақсы өлең жазып бергенім.

Қайғырсын кімдер жаһанда -
Ол қайғы маған батады,
Менімен бірге қашан да
Қайғы-мұң келе жатады.
Меншіктеп алсақ нақ мына
қайғыны барлық? —
Мақұлда.
Жақын ғып болашақты да,
Өзіміз оған жақындап?

Неліктен жақсы бұ ғұмыр
Ақшалы менен ақымаққа ?
Кеттеді бүған ұғымым,
Бір ақымақ қатын ап та.
Білеміз-ау, күрестің
Ыза төгіп бүгінде
Кан төгерін түбінде;
Біз өлерміз,
Бірақ та,
Қайғы да қалма