Болғаным жоқ соғыста,
Ауырғам жоқ ракпен –
Міндет те емес шығар бұл.
Басқа түссе шыдармын.
Алпыстамын,
Ойланбасқа болмайды:
ақтадым ба азаматтар үмітін,
жоқ па әлде?–
сол қайғы...

* * *
Адамдардың өздерінен әні артық:
сенімдірек болады,
қайғылырақ болады,
берікірек болады.

Әнді сүйгендей етіп,
еш адамды сүйіп көргем жоқ әлі.
Адамдарсыз өмір сүріп көрдім көп,
ал, ән-жырсыз – ешқашан.
Сүйіктімді талай-талай алдадым,
ал, ән-жырды – ешқашан.

Ән де мені алдаған жоқ ешқашан.
Дүниедегі тәтті дәмнен не түрлі,
Саяхатынан бар елдің,
Қызығынан әлемнің
алған емен ләззат
Әннен алған секілді.

ҚЫЗЫЛ АЛАҢ, БІРІНШІ МАЙ

Қызыл алаң бірінші той – Майды алып,
аралайды бүкіл әлем алаңын айналып.
Туын алып, алмай да,
әнін салып, салмай да
кетті кезіп бүкіл әлем алаңын.
Қызыл алаң биік мақсат, шынар-шың,
Қызыл алаң –
Бостандықтар көксеген
Бұзып кірді түрмені
қабырғасы бір аршын.
Бүкіл... бүкіл параллелдер арқылы
Қызыл алаң тарап жатыр елесі.
Май тойында,
бүкіл дүние Қызыл алаңға айналды,–
Лениннің сөз сөйлеген жері осы.

* * *
Балаларға берейікші жер шарын
Ең болмаса бір күнге.
Берейікші, боялған доп құсатып,
Ең болмаса бір күнге.

Ойнасыншы құмарлары қанғанша,
Жұлдыздардың арасында ән салсын.
Берейікші, қызыл күрең алма ғып –
күлсін, тістеп, тамсансын.

Балаларға берейікші жер шарын
Ең болмаса бір күнге.
Білсінші жер адалдықтың құдіретін
Ең болмаса бір күнге.

Алсыншы олар біздің қолдан жер шарын…
Мен осыны аңсай-аңсай шаршадым.

КЕТЕРДЕ

Жұмысым көп бітіретін кетерде:
бір бұғыны азат еттім аңшыдан,
бұғы бірақ есін жиған жоқ әлі,–
Жүрегі әлі қауіптене соғады.
Апельсинді алдым жұлып бұтадан,
Қабығын бірақ арши алғам жоқ әлі,–
бұ да бітпей жатқан ісім болады.
Талай-талай жұлдыздармен достастым,
санын бірақ білген жоқпын мен әлі –
бұ да бітпей жатқан ісім болады.
Бір шелек су алып едім құдықтан,
стақанға құйылған жоқ ол әлі,–
су – шелектің қос бүйірін соғады.
Гүл-гүл жасап үлгіргенім жоқ әлі,–
бітіретін менің ісім көп әлі.
Көп сұлуға ғашық боппын бекерге,
есіме алсам көкірегім толады...
Жұмысым көп бітіретін кетерде.

ЛЕНИНМЕН БІРГЕ

Шыққан сынды қараңғыдан жарыққа
қыпың қақтым – неге тудым?
Не үшін тірлік етемін?–
Жауап іздеп бас қатты.
Күн нұрындай шашыраған бастапқы
Болсам деп ем мәңгі жас,
қалсам деп ем мәңгілік,
күн нұрындай шашыраған бастапқы.
Жасыл Жер, Қызыл ту,
ақ көгершінмен бірге,
Тұрсам деп ем көктем сайын жаңғырып.
Ленинмен бірге қалсам мәңгілік,
дүниенің салтанатын ән қылып.
Бір тосқауыл, бір құрылыста, бір әнде
Ленинмен бірге тұрам мен.

* * *
Алпыстамын бүгін мен,
он тоғыздан бері бір түс көремін:
қысы-жазы, жаңбыр асты – лайсаңда
Ояу жүрем түсімде,
қилы-қилы оқиғалар ішінде.
Түс көремін толғана.
Айрылыса-айрылыса нем қалды?–
үмітімді шақырымдап қырықты,
шаттығымды – тонналап.
Шаш баяғы – тарағаным,
қол баяғы – қысқаным,
түсімді де сол күйінде ұстадым.
Сапар шектім түсіммен сол,
Евразия, Африканы шарладым,
Америка шақырмады – бармадым.
Теңіз, Дала, Тау адамын сүйдім мен,
сүйіп өту – арманым.
Түсім менің түрмеде
Еркіндіктің сәулесі.
О, көңілдің әуресі:
жүрген кезде айдауда,
түсім менің нан табатын қайдан да.
Атар таңды бірге атырдым түсіммен,
батар күнді бір батырдым түсіммен.
Түсім менің, түсім ұлы елімнің
бостандығына айналған.

ҚОРҒАСЫН

Мұнда ауа зілдей бейне қорғасын.
Айқай салам,
шақырамын,
шақырам:
Кел,
Қорғасын, кел, кел бері,
Сендерді
Мен –
балқуға шақырам,
Қорғасын да сөз білетін болғасын.
– Сен өзіңнің үніңмен
өзіңді өртеп, айналасың көк күлге,
Керім құсап жана-жана кеттің не?!
«Қасіретті өртеу үшін мың ескі –
жағам жаңа,
ашам жаңа күресті».
Дір еттім:
құлағы бітті жүректің.
Мұнда ауа ауыр бейне қорғасын.
Қорғасынға былай деймін:
– Мен-дағы
Мейлі, мейлі Керім құсап
жана-жана күлге айналсам болғаны.
Мен жанбасам,
сен жанбасаң,
біз жанбасақ –
мына біз
түн-түнекті қалай түріп шығамыз!..
Ауа ауыр қара жердей,
Қайда қоям, Жер, сені?
Ауа ауыр қорғасындай,
езіп барады еңсені.
Айқай салам,
ышқынамын,
шақырам:
Кел, Қорғасын, кел, кел бермен,
сендерді
мен –
балқуға шақырам!

ҚАЛА, КЕШ ЖӘНЕ СЕН

Құшағымда қала, кеш және сенсің,
түрленіп –
кешкі шам мен шаш исі бетіме ұрып тұр менің.
Қайсыңның жүрегің сонша қатты қағатын,
Сонша үндесіп соғатын әр деміммен алатын?
Жүрегі ме қаланың, әлде сенің жүрегің,
жүрегі ме іңірдің,
Бәлкім менің жүрегім?
Қала қайдан басталды,
Басталды екен кеш қайдан?
Қала қашан бітеді,
басталып ең сен қайдан,
бітер екем мен қашан