дады. Тағы да өсек екенін сезе тұра, Сәукеленің тап осы
жолғы айтпағын естігенше ынтығып бітті.
– Сәулем-ау,– деді Сәукеле Сәттар шығысымен жан-жағына тімтіне көз
тастап.– Сәулем-ау, сені бір заттан сақтандырайын деп едім. Әйел қасқа күбір-
сыбырсыз жүре ме, өсекті мен де жек көрем. Тек дос болған соң, менің сені... саған
деген ниетімді өзің білесің ғой. Достық, жолдастық парызымды өтейін, білдірейін,
арылайын деп. Бұл орта – жаман орта, екі шоқып, бір қарамасаң болмайды. Мен
сенен бір көйлек боса да бұрын тоздырдым. Айтайын да қояйын. Әлгің – деп, есікке
қарап иек қақты,– онша сүйкімді жігіт емес екен. Жалпы, еркек кіндіктіге сене
көрме, сәулем, олар сондай, ежелден зырқия жұрт. Саған жаным ашығанда
шыбыным шиқылдап кетеді. Сосын ниет білдіріп жатқаным, айып етпе, өсекті
жаным жек көреді.
Бұлар сахна артындағы кішкене бөлмеде отырған. Қарсыда, бұрыштай
қойылған бір аяғы кем стол, оң қолда бірінің мойны сынған, екіншісінің ішегі үзік,
тағы бірінің қақпағы жарық үш домбыра. Жүзіне шаң ұйыған ескі мандол ішектерін
сүйретіп жерде, еденде жатыр. Күйрей, шашыла қираған үш-төрт жез шегелі ағаш
орындық бірінің үстінде бірі, қиқы-жиқы үюлі, сол жақта, бұрышта. Осы бөлмедегі
дені сау жалғыз отырғыш –өзінің астында. Сәукеле бір орында, екі аяғымен алма-
кезек тұрады. Адымдап, жүріп кетер еді, жер тар. Сөйлеп-сөйлеп ап,
домбырашының бетіне үңіледі. Анау көкшиіп, қатып алған, үндемейді. Сәмбетова
бірте-бірте батылданып, ашылып кетті:
– Жымын білдірмей жүретін жігіт бар ма қазір. Қадір білер жақсыларын соғыс
жалмады. Қалғандары ылғи қопи. Тірі жүргендеріне мақтанады. Өлердегі сөздерін
айтып, ант-су ішкесін ыңғайларына көне саласың-ау, не пайда, айнала беріп,
жұртқа жаяды. Аузына сөз тұрмайтындарын жақындатып, сәэулем, сорлайсың.
Сәттар сұмырайдың несі бар, тәйір-ау осы? Бір көрген үрғашы жайылып,
шалқасынан түседі. Жалғыз сен емес, ол сұмырай талай қыздың обалын арқалады
ғой! Ал, мен... мен тіпті пысқырып та қарамайым соған. Неге екенін білмейім,
тартпайды. Талай қылмаңдап көрді. Анда шақырды, мұнда сүйреді, алдады,
арбады. Бәріне піштуу-уу дедім.
– Сонда о кісі,– манадан қатқан сөзі-тін, ұзақ үнсіздіктен тамағы құрғап, даусы
ебедейсіз, қалтырай, жарықшақ шықты – сонда о кісі не депті? Сөзбе-сөз, өз
аузынан шыққандай етіп айтшы?
– Сәулем-ау, ұмытып қалдың ба, кеше ғой бізді забскладтың үйі шақырды.
Сендерді көп күттік. Келмедіңдер...
– Үйде қонақ болды. Оны қой, сосын?
–...Сосын, сендер келмегесін, қайтейік енді, өзіміз бастай бердік. Спіртті
жеткіліктеп койды. Еркектер ішті кеп, ішті кеп. Сұмырайлар.
– Сонымен о кісі не айтты, кімге айтты?
– Шалып қалдым. Сенің атын естілгесін құлағымды түре қойдым. Сүйтсем со-
оғып отыр.
– Иә?
– Тоқтай тұршы енді. Қазір қиқымына шейін білесің. Ретімен айтайын. Мұрша
берші. Бар ғой, нанбыт Құдайға, еркектер жиналған жерге барғым келмейді-ау,
барғым келмейді. Не тоңқаңдасып, жата-жата ғап кәрт ойнайды, не арақ ішіп ап
екеу-екеу гүжілдесіп кетеді. Әйелдер жайына қалады. Барып тұрған тоңмойын,
мәдениетсіз халық. Сұмырайлар. Кеше де сүйтті. Әсіресе шай мен еттің ортасында,
ата-бабалары арақтан елгендей, сылқитты-ау бір. Арамдарын айттағы, көздері
күлмиіп, өлгелі отырса да, мезгіл-мезгіл бізге қарап көздерін қысуды ұмытпайды.
Мені білесің ғой, пішту-уу дедім.
– Қысқасы ағай не айтқан болды?– Үні әлгідегіден гөрі де толқи, шапыраш
естілді, терезеден сыртқа әлденеден күдіктене, қобалжи жалтақтады. Сонсоң –
Құдай-ай, апама жетсе... о сорлы тірі өледі-ау енді!–деп күбірледі.
– Пішту-уу дедім. Өзің білесің, мені еркектердің ұнатпайтыны сол, мен білсем,
бәрі өзіме, тек маған ғана беріл дейді. Тіп-тіке айтып тастайсың. Қорқам ба ол
сұмырайлардан?! Сосын кешірмейді. Сүйтіп, сүйтті. Ауық-ауық арақтарын сіміріп
алып, көздерін қысады. Мен де қыссам сонда көзімді! Жандарына жағар еді-ау
сұмырайлардың! Піштуу! Сәттар сұмырай көзі жұмылып, әркімге бір
сығыраңдаумен отырды. Әйелін әкелмепті. Онысын менсінбейтін шығар. Өзінің де
асып тұрған іштеңесі жоқ. Өздерінше олар қандай әлдеғандай, еріктеріне жіберсе,
әрқайсы он қатыннан алар еді. Жүз катын алсын бәрібір, бөтен біреуге
қылмыңдауын қоймайды, сәулем, сенбе оларға дейтінім со ғой. Мен сенен ит
көйлекті бұрын тоздырдым. Жаным ашығасын айтам. Содан отырып кеп қалдық.
Бір кезде гт келді. Ана жақтан турап әкеліпті. Қасаптың еті, жұртқа қоятын
ұстаған-сүйектері болмаған соң ұялған ғой. Үй иесі сендерді есіне алды,
келмегендеріңе мықтап өкпеледі. Өкпесі орынды, мойындау керек, сәулем.
Шақырғанға барған жөн, әйтпесе менсінбеді деп ойлайды. Өз басымда да болған.
Құлағым шалып қалды, әлгі казиттің сұмырайы май-май қолымен Сәттар
сұмырайдың арқасынан қағып, құлағына сыбырлады, мас кісі сыбырлай ала ма,
әңгірлеп айтты:
– Отағасы, ана сұлуды, осы арада сенің атыңды дабырайтып, соны ғой апормит
етіп жүрсіз, а?– деп, қарқылдап кеп күлмесі бар ма. Сонда Сәттар сұмырай қайтты
дейсің ғой? Сұрама, сәулем. Ұйпалақ-ұйпалақ (бұйра деуге қимады) шашын
дірілдетіп, ба