еу тауып бірге оқыған құрбысын,
қара шылым сыйлап тұрды бір қысым.
Айрылысқандар бұдан талай жыл бұрын,
қайта туып табысатын күн бүгін!
Ал, мыналар бір қалада жүрсе де
өте сирек көреді екен бір-бірін.
Басқа жерде кездессе олар
сол үшін
білер еді-ау бокалдардың толысын.
Бірін-бірі шығарғандар сапарға
ғашықтарша қымсынысып тұр жайсыз,
бір-біріне жымияды ыңғайсыз...
кош! деуге де ыңғайсыз,
тос! деуге де ыңғайсыз,
неткен тірлік тұрлаусыз!
Әлі тұрмыз вокзалда.
Шығарған жұрт,
қарсы алған жұрт - со қалпы -
біреу - тауып,
біреу жатыр жоғалтып.
Куаныш боп атар таң жоқ сары алтын,
батар мұң жоқ не малтып,
бір бұрышта жаудай қарап жолдасқа
бөтелкенің аузын сүйгеннен басқа
тимеді-ау, дос, саған түк.

* * *
Жұмыр жерді түгел көріп өтем деп,
Мен отырмын бір төбені мекендеп.
Анда барсам мына жақты көрмеймін,
Мында келсем ана жақты көрмеймін.
Айтыңдаршы, айтыңдаршы өр Адам.
Бір мезгілде бәрін қалай көре алам?!
Түн болсам да көрер ем тек бір бетін.
Күн болсам да көрер ем тек бір бетін.
Ал, егерде аспан болсам мына мен -
бар жағынан бірдей көріп тұрар ем!..

* * *
Тамшы терді сығып алып денеден,
жұлдыз қылып жағайыншы деген ем...
Оу, көк аспан тесіліпті-ау тегенең,
Тегенеңде құюлы екен көп өлең.
Алыс жақтан албырт сәуле себелеп
құйылып тұр, құйылып тұр не керек!
Жер ырысын бекіттік біз шамдармен
көшелерді қатар-қатар шегелеп!
Маужырап тұр, бүгін тыныш түн біздің,
тыныш түнде тұйық қызды күлгіздім.
Тыныштыққа денең балқып кетердей
сәулесімен араласып жүлдыздың.
Әр тірліктің түні мынау, күндізі -
Әр тірліктің жұлдыз болып күлді ізі.
Жұлдыз көп қой,
жұлдыз көп қой аспанда,
Одан да көп біздің жердің жұлдызы!

* * *
Көкте те жұлдыз, жер де жұлдыз - бәрі ұшқын,
жұлдыздардың сәулесімен жарыстым.
Жері қайсы, көгі қайсы - кім білсін,
жер мен көктің арасында бір гүлсің.
Нәзіктікке табынғандар,
сәуленің
жалғыз ғана дір еткенін жыр қылсын!
Көз алдымның бәрі жұлдыз - бір керім,
көк болды ма жер деп менің жүргенім!
Шойын-бұлттар Күн нұрынан балқыды:
соның бәрі өтеді
адамдардың жүректері арқылы.
Арқасынан асыл болаттардың біз
таспа тіліп жүрміз көп -
сом балғадан ұшқын ұшты жұлдыз боп.
Жұлдыз болып жарқырамас қандай жан!
Жұлдыз болып терім тамды маңдайдан.

КӨКТЕМ ӘСЕРІНЕН

Жасыл түсті секілді нұр, арай да,
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Тастардан да сабыр қашқан тәрізді,
кәрінің де ақылы жоқ абайлар.
Көк теректер көтеріліп еңсемен,
желпінетіндей биікпін деп, мен сенен,
мен де терек жапырағы боп сылдырап,
мен де еменнің бұтағы боп теңселем.
Көңіл шіркін әр қилы ғой, әр қилы,
әсері де ән күйдің:
ақ гүлдердің арманы боп ашылып,
қызыл гүлдің қиялы боп қалғимын.
Баяу жылжып капрон-бұлт, ақ мұнар
мына қырдан ана қырға қақтығар.
Жел үп етсе көңіл құсап өрепкір -
өрепкуге дайын тал мен терек тұр.
Бір ғажайып нұрлы шақ:
фонтандар тұр көкке күміс бұрғы сап.
Сәске түсті бүкіл осы Жетісу
газ-орамал жамылғанға тұрды ұсап.

ТАҢҒЫ ТАПСЫРМА

Ей, нұрлы таң, нұрлы таң,
жел үп етсе үркейін деп тұр бұтаң.
Боз сәулеге беті-қолым жуып ап,
көк бұлақтың мөлдірінен бір жұтам.
Жалаңаш таң, жарық таң,
дүниеге жарық болып дарып қал!
Таң жарығы... адымымен жарықтың,
сен де достым, біраз жерге барып қал!
Таң сәулесін елден бұрын көл көрген,
ол да маған бір құмарлық, шөл берген.
Түннен қалған ойларымның іздерін
Таң самалы, жуып кетші кеудемнен!
таң торғайы бұлбұл болып шырқасын,
аскар таулар құлатпасын бір тасын.
О, нұрлы таң, сүйші, сүйші мен болып
жер шарының әр биігін, қырқасын!-
Мен болып сен қарашы бір көкке де,
досқа өкпеле Мен секілді, бірақ, бірақ кектеме.
Тауларын да мен болып бір мақтан ет,
Сайларына мен болып бір өкпеле!

* * *
Шығыста шабысады арайға арай,
арай да шабысардай абайламай.
Мойыны ұзарып тұр қарт шындардың,
ентелеп күншығысқа қарай-қарай.

Керуен-тау іркілумен, тоқталумен,
секілді сенім тауып топқа кірген.
Шу-шулап мезгіл өзі тебінеді,
Алатау секілді бір ноқталы інген.

Батқанда санға Қамшы, белге - бұрау,
көк терін кептіреді желге омырау.
Өркеші иір-иір, иір-иір
құлады көлеңке боп көлге мынау.

Шұға-нұр ши қызыл ғып аспанды көк,
қомдығын Алатаудың жастанды кеп.
Жар салды жас орманға бала-бұлбұл,
Тағы да бір тамаша басталды деп.

* * *
Бірге алып мұнарды да, тұманды да,
ірмеліп дөң-белімен бұраң-бұраң
Күн бата - күнбатысқа көшті Алатау,
Таң ата шығу үшін күн алдынан...

ТАУ ТОЛҚЫНДАРЫ

Өргізіп өзен-суын алса ғана
қарайды тау қарауытып сан салаға.
Қайтеді ей, мына толқын ән сала ма,
жартастың төсін сорып тамсана ма?

Шұбырып шұбар ала су төменге,
топшысы тасқа тиді сілтегенде.
Сұсты, пәк, жартас жүзін жел жасырып
ұқсайды жібек шәлі бүркегенге.

Қайқаңнан алабұртып асқан бұлақ,
домалап кетті, әнеки, тастан құлап:
Толқынның біреуі озып, бірі е