е
илан, дәл солай етеді Ел-ағаң. «Махамбеттің» клубы өз қолымда дей бер! – Идаят
соңғы сөздерге де мән берген жоқ, тек:
– Иә, Алтын? Иә?– деп қайталады.
– Сол Алтынжанды айтам-ау, қандай бала. Құзырғали, әкесін айтам, ақ көңіл,
адал кісі. Қайтсын! Мынаны алып қояйық. Арақ ішетін ыдыстарың жақсы екен.
Сирағы көкқұтанның сирағындай. Жеңгеңе бір онын ала кетсем! Совхоз бар
дегесін... саған ағалығымды айтайын деп... жеңгеңнің мотоцикл алғалы жиған
қаржысын салып ап, ағаң тартып отырды. Е,- айтпақшы сол Алтынжан жақсы
сауыншы. Аудандық советке депутат. Құлынды биелерін қайтып алды. Шүкір,
күйлі. Сүгіреті газетке шықты. Итке лақтырылған таяқ құда түсушілерге тиеді. Әзір
қол алысқан ешкімдері жоқ көрінеді. – Ғұмар сөйлеп отыр. Әңгімені бірте-бірте
арақ әсері жеңіп барады. Алтынның туыс-туғанын, көршілерін, тіпті шолақ құлақ
«Майлан» атты итіне дейін қайта-қайта мақтады. Одан Әжекеңе, сол айтқан
әңгімелерге ауысты. Қуантай, Сандыбай, Сейсімет, Сисенбай, Темірәлі тәрізді, екеуі
бірдей білетін, өлі-тірісі бар, ауыл кісілері түгел сөз етілді. Соңғы сөзден кейін
бұның жүрегі орнықты. Тіпті, жадырап жүре берді. Ғұмақаң сөйлеген сөздің бәрі,
енді аңғарды, қызық, күлкілі сықылданды. Кенет, ол дүниедегі ең адал, ақылды,
ең білгіш, жаңашыл жан боп көрінді. Ауыл дейміз, ауылда да мәдениетті, парасаты
мол азаматтар бар ғой?! Солай емес пе?
– Так, сонымен қайтасың ғой ауылға?
– Қашан?
– Ертең. Менімен бірге. – Идаят таңданғанынан үн қата алмады. Иығын
көтеріп, мұрыны астынан пыс етіп бір күлді. Сөзді басқаға аударуға асықты:
Екі күннен соң Ғұмар ауылға қайтты. Өкпелеп кетті. «Опырай, шырағым-ай,
өзің біл енді, бәлкім біз оқымаған, қараңғы адам өмірден, заманнан қалыңқырап та
жүрген шығармыз, дегенмен...» Соңғы сөздерде мысқыл, кекесін жатқанын бұл
бірден сезді. Сондықтан үн-түнсіз поезға шығарып салды. Сөйтіп, Ғұмар
«Әжекеңнің ұрпағымен» әрі қайғырып, әрі түңіліп қоштасты. Өзінің үш күн бойы
айтқан ақылының дарымағанын поезд жылжи жөнелгенде ғана ұғынған...
– Консерватория деген не сөз? – Бір білгіш:
– Консерт дегеннен алынған,– деп сәуегейленді. Бұл бұдан төрт жыл бұрын,
Идаят оқуға түскенде ауыл кісілерінің арасында болған әңгіме-тін. Содан бері
Идаяттың аты аталған жерде консерватория бірге жүрді. Түсіндірушінің көптігінен,
ақыры, ешкім ештеңе ұқпай қойды.
– Оны бітіргенде не болады?
– Не болсын, әртіс болад-тағы.
– Жоқ, домбырашы болады.
– Сонда, кәдімгі күй тарта ма?
– Жоғарғы жақ білетін шығар.
Осымен әңгіме тәмәм, өйткені, «жоғарғы жақ» деген тіркеске әулиедей иланады.
Кеше Ғұмар Кемел сөзінен мықтап шошынды. «Жоғарыда, астанада оқып жүрген
жастар осылай түйіндесе, қараңғы біз қайтпекпіз?!» Жолда Идаяттан қайта-қайта
сұрап бітті:
– Бұ жігіт бітіргенде кім болады?
– Кісі болады.
– Өзің кім боласың?
– Белгісіз. – Ғұмарды түңілдірген көбіне көп, осындай сөздер-тін. Оған Кемел
мен Идаят кешікпей «бірдеңеге ұшырайтын» сияқтанды.
Кемел о күні ерсі қылық көрсетті. Әншейінде әзіл, қалжыңы залалсыз, пәк
болатын. Мына жолы әр сөзінің басына у тамызып сөйледі. Ғұмар не айтса –
тырысып, тыржыңдап тыңдады. Ауылдан келген аңқау ағайын алдында осынша
кісімсінгеніне бұл түсінген жоқ. Кемел есекпен де тіл тауып сөйлесе алатын жігіт-ті.
Ғұмармен ұғыспады. Қай бір сәттері екі жақ та ортақ тіл іздегенге ұқсады. Бірақ
одан сайын ара алшақтай, ашыла берді. Сырт көзге бұл екі жан арасындагы қысқа
диалогтар ауыл-қала драмасының соңғы картинасына ұқсар еді...
14
Неге? Қашаннан бері қалқан қара мұндай, кісі кешпейтін кердең боп алды?
Кемел аузын ашса, ішкен кезін қоспағанда, көз жұмып тыңдайтын көнбісің еді ғой?
Көкірек түбінде жатқан кесірлігін не көтерді, кім айдап шықты? Мынау болар: тым
атақты боп кетті. Иә, бұ сын-ды даңқты композиторды кешірмей көр! Өзі жап-жас.
Тек, тфу, тфу, тіл-көздан аман қылсын. Ал, Кемел, кешіре береді. Өйткені ол
ақылды, Ақылды кісі бәр-бәрін кешіріп, бәр-бәріне төзіп қана өтуге тиіс. Әйтпесе
қайтіп күн көреді!
Бұл өстіп соңғы уақытта өз атағына өзі сеніп, өзіне-өзі құлап қалған. Содан
қашаннан момын, жібектей жайлы, әдепті мінезі өзгерді. Салақ, ұмытшақ болды.
Өзінен өзгенің сөзін – сөз танымады. Ешкімді зейін қойып тыңдамайды, тыңдаған
сыңай ғана көрсетеді. Тыңдай қалса – өзі, композитор Садықжанов хақындағы
сөзді тыңдайды. Одан басқа сөз етуге татитын... әй, қайдам, мына іш-қыртысын
түсініп болмайтын, бұққан, қу дүниеде не бар дейсің. Қу дүниенің қиямет-қайымына
шейін қосып, орап-түйсең мұның бір әніне аспайды. Солай емес пе? Ал, бұлардың
айтатыны баяғы бір ақшаның ауысқандығы, қойшының табысы профессордан кем
түспейтіндігі, микроауданда тұратын бір жұмысшының лотореядан машина ұтып
алғанда аузына алғаш түскен сөз, тағы басқа осыған ұқсас мылжың.
Идаят, әлгінің үстіне, жұрттың сөзін сыртынан, астыртын бағып, бағалауды
әдет қып келеді. Бұ да атақты болғалы тапқан өнері. Екі-үш кісі кезіксе – өзі,
Садықжанов туралы сөйлесетін секілді көрінеді де