ескентем
бе деген оймен. Бəйкен бетіме зəрлене бір қарады да, торсаңдап барып есікті аржағынан жапты. Мен айтқан «тиісті
орынға» – аудандық партия комитетіне, шамасы бұрынырақ
қимылдайын дегені болар, менің үстімнен сол күні арыз түсіріпті. Келгелі екі адамды қызметтен шығарып, үш қызметкерге қатаң сөгіс жариялап едім, соған шейін біліп, тізіп үлгеріпті. Қойшы, əйтеуір, не басыңды ауыртайын, содан бері Бəйкен-пəпке үшеу болды. Пəпкелер күннен-күнге өсіп келеді,
қалыңдап келеді. Партконтрольдың адамдары қызметімді
тексерді. Райкомда да əңгіме болды. Бірақ жұмысым дұрыс.
Барымша адал атқарып, жатырмын. Уфф!
– Сонда не керек екен о кісіге? – Сұңғат қолын бір сілтеп
күрсініп қояды.
– Не керек дерің бар ма. Талай жыл əкім болған адам, жұрт
Бəке, Бəке деп əбден елеп, елпілдеп үйреткен. «Отардағының
орыны» ашиды да. Əйтпесе шаруа күйі жақсы. Не жетпейді?
Биліктен басқа? Кісіні қызметіне қарап құрметтеуге дағдыланған обывательдер енді Бəйкеңді қайтсін.. Қиын ғой...
– Қызық екен, – деймін мен.
– Қызық! Қызық! – Сұңғат мұны əдейі қайталап, кекей,
жирене айтады, сонсоң бір танауынан ғана мырс етіп күледі.
Онысы, қолында мұрын орамалы болса, сіңбіріп отыр екен
дерлік. – Көрер ме еді өзін?
– Көрсең көрерсің, асықпа! Жоғарғы жақтан келіп жатқан
журналист бар дегенді естісе, өзі-ақ табар сені.
– Əй, қыз, ақшаңды ал!
Терезе көзінде сары жапырақтар арбаң қағады. Даяшы
манағыдан да гөрі бейілдірек жылжып кеп, есебін айырды.
«Колхозшылар үйі» атанатын шағын қонақ үйіне кіре бергенімде есік алдында отыратын əйел мені біреудің күтіп
отырғанын айтты. Мен бөлмеме кірерімді де, кірмесімді де
білмей тұрып қалдым...