ің
маған қалай əсер еткенін көру үшін бетіме қайта үңілді. Сыр
бермедім. Білмеймін, естігенім жоқ деуге, өзінің атақ, даңқына шексіз сеніп үйренген шал адамды аядым ба, ұялдым ба,
белгісіз, əйтеуір:
– Білем ғой, Бəке, – деп ыңғайына жығылдым, – бұл
ауданда Сізді білмейтін ит бар дейсіз бе.
– Хһа-хһа-аһ-аһ, айтады екенсің өзің де! Бəсе-е-е!
Бəкең қатты риза болды. Ғұмырымда бірінші рет білем дегеніме мен қуандым. Бəкең маған қарап тағы қарқылдады.
– Хһа-хһа-хһа.
Сосын басын шайқап көзін уқалады.
– Қайда істейсіз, Бəке? Қазіргі жұмысыңыз не? – деп сұрадым.
– Істегенмін ғой, бала, мен істегенмін...
– Білем ғой, – білмесем де білетін сияқты болам, – қазіргі...392
– Қазіргіні қайтесің. Жұмыстың не шұрайын қылғанбыз,
бала. Несін сұрайсың. Пішен бригат, одан ушетшік, одан мелиция, одан басқарма, сəбет... Туһ! Əтте-ең, соңғы кезде оқыған-соқыған деп айтады бір кəйкі бастарды əкеп... шеттерінен
есер. Сəбет үкіметін өздері орнатқандай ие бола қапты...
Мен Бəкеңнің қызмет істемейтін адам екенін сезе қойдым. Барынша жұмсарып, еппен, орағытып сұрақ бердім:
– Соңғы жұмысыңыздан қашан ауыстыңыз?
Алдымда үюлі жатқан нөмірдің материалдарын столдың
шетіне ысырдым. Бүкіл өмір-тарихын баяндап болып, арызын сонсоң айтады ғой жұрт. Мына адамның да сөйтпей тынбайтынын біліп отырмын. Бəрібір айтатын болғасын, тезірек
айтсын деген де баяғы. Сұрағымды естігенде Бəкең кіржің
ете қалды.
– Қашан қалдың демейсің бе одан да!
– Мейлі, солай-ақ болсын, қашан қалдыңыз?
– Қай қалғанымды сұрайсың? Қызметтен бе, прездумнан
ба? Қызметтен дейсің бе? Одан қалғаныма төрт жыл болды.
Байқайсың ба, төрт жыл. Мен онда сəбет едім... əділдік жоқ
қой, əділдік... Қайда барсаң, көретінің – заңсыздық... Қайда
барсаң, əскəрбит етеді.
Бəкеңнің жүзінде жаңағы жылылықтың жұғыны жоқ. Сөйлеп, сөйлеп кеп бір тоқтайды, тоқтаған сайын жұтынады,
жұтынған сайын қылғына түседі. Өңі шамның түтін шалған
тұрбасы құсап қара күңгірттеніп бара жатыр. Аумақты көзінің
ақ еті екінді бұлтындай шарпылып, албырай жанады. Оң жақ
ұртындағы бармақтай қара сүйел түйенің құлағынан жаңа
ғана суырып алған тас кене тəрізді, көк сұрланып, тырсылдай көрінеді. Бəйкен баяғыдан, сол төрт жылдан бергі көрген
«заңсыздығын» айтып тауыса алар емес. Ағытып отыр. Төрт
кластық білімі бар Бəкең кезінде қыруар жұмыс атқарыпты.
Отызыншы жылдары «Еңбекші» тозы алғаш құрылғанда
соны басқарады. Кейін біреулердің «заңсыз», «əділетсіз»
əрекеттерінен пішен бригадке түседі. Соғыс жылдарында
қайта көтеріліп, Дыңғызыл советіне қарасты Ворошилов
атындағы колхозға басқарма боп тағайындалады. Одан кейін
милиция, сəбет... қойшы, əйтеуір, істемегені жоқ. Осыдан
төрт жыл бұрын пенсияға шығарылыпты Бəйкен айтқан көп
сөзден, көп «заңсыздықтан» менің ұққаным осы болды. Оның393
пікірінше, бір кезде өзі істеген орында отырған адамдардың
бəрі бұзық, арам, жүлік, ақылсыз, «заңсыз» адамдар. Шетінен көз бояушы, парақор, жағымпаз, жауыз, пайдакүнем.
Қоғамның соқыр ішегі іспетті, бөлек, иір, артық бұлтық.
– Бəлкім, бəрі болмағанмен, кейбіреуі рас та шығар, – деймін мен, – оны тексеру керек қой?!
– Ə-əй, сендердің осыларың-ай, – Сұңғат қабағын жиырып, таңдайын қағады, – кейбіреуі рас шығар. Ал рас! Рас
болса қайтеміз?! Шын ал. Бірақ сол шындықта ешқандай
эфект... Кім тыңдайды оны? Айтып, жазып отырған Бəйкен.
Соңғы төрт жыл ішінде ол арыз түсірмеген мекеме қалды
ма? Арызқойдың аты – арызқой. Домалақ арыз. Əй, сендердің осыларың-ай. Арыз бір жазса – арыз; екі жазса – арыз.
Үшіншіде алдына «домалақ» деген эпитет қосылады.
Сонсоң-ақ бітті емес пе шаруасы?! Оның арызы сондай.
Жылқы фермасының меңгерушісі сауынға бие бермейді.
Бəкең сол үшін төрт-бес парақ арыз жазады. Жəне арызын
ылғи үш жана ғып қолмен (қырда машинка жоқ) көшіреді:
бірін сол, бие бермеген колхоздың председателіне, екіншісін парткомына, үшіншісін, баяғы соры қайнаған аудандық
газеттің редакциясына жолдайды. Уфф! – Сұңғат алақанымен маңдайын сүртеді. –...Мен, өзің білесің, Махамбеттен
ауыстым ғой. Теңіздің редакторы Махамбетке, менің орныма барды да, оның орынына мен келдім. Газетшіден, басқа
қалмаса да, қағаз қалады ғой, менің əріптесім де біраз папке
мұра қалдырған екен. Ішінде бір папкеге бірден ден қойдым.
Ол шағын қоңыр папке-ді. Сыртында, шетіне ала үлкен əріптермен бір ұқыпты қол Бəйкен-папке деп жазыпты да, сол
екі сөздің əр əрпін көкесінің көз құны қалғандай бояп, астын
рельсше иретілдіріп екі сызыпты. Мен Бəкеңмен əңгімелесе отырып, осының бəрін бір-бірлеп есіме келтірдім. Бəкең
осының бəрін газетіңе бас, əшкереле, масқарала дейді. Асханадағы қыздың үстінен тағы бір арыз жазып əкеліпті. Қай
уақытта жазғанын білмеймін, бес парақ дəптердің екі жағы
бірдей. Сонымен екеуіміз бір жарым сағат сөйлесіп, ақыры,
ренжісіп айрылыстық.
– Сен газет жазатын адамсың, партияның оң көзі болуың
керек, – дейді маған.
– Ал болдық. Сонда қайтеміз?394
– Жоқ, сен болған жоқсың.
– Оны немен дəлелдейсіз?
– Еңбекшінің жалбысына немқұрайды қарайды екенсің.
– Ақсақал айтарыңыз осы болса, түсіндім, рұқсат, бара
беріңіз.
– Əлі сөйлесерміз.
– Иə, тиісті орында...– дедім мен қартты ептеп с