ұл.
Өнердің, шын өнердің құдіретін сендер қайдан ұғайын деп
едіңдер! Ал енді таратып айтайын, былай: Мəші бір жолы
жақсы атағымды асырам деп, есігіндегі құлға шапанын шешіп ұсынды. Ашақ сондай жалшысының біріне бөркін сый
етті. Мəші қаңғырған бір жолаушыны құдайы қонақ деп əлпештеп, шапан жауып, ат мінгізді. Ашақ əлдекімге бір тоғыз
нар жетектетті. Мəші жетім қызға жеті үйір жылқы айдатты. Ашақ күңнің күйеуіне арнап он екі қанат ақ орда тікті.
Мəші қаладағы көк үйін татарға сыйлады. Ашақ сұр үйге
орыс кіргізді. Ежелгі байлар арасындағы қазына құрау, мүлік көбейту бəсекесі, енді өстіп тоздыру, шашу бəсекесіне
айналды. Онымен ағайынды екі азаматтың жомарт атағы
жайылмады. Бұрын Мəші-бай, Ашақ-сал дегенді ұрт толты344
ра сөйлейтін былайғы ел енді екеуіне бір-ақ ат, бір-ақ айдар
тақты: есуас! Дала уəлəятында бұл екеудің есімін естігендер не мырс-мырс күлді не тыржың етіп теріс қарады. Уа,
үшбу пəниде көз құрты – дүниені жиып та, шашып та жақпайсың ғой, пенде баласының қулығы мен һаярлығында шəк
болған ба, əп-сəтте халық іші алаяқ пен суайтқа толды. Екі
байдың сонша ысырап-қорлығы, түйінсіз төкпелігінің өзі
көпті қанағаттандырмады. Оларға шықшытты шаруа əлі де
шайқалмаған, əлі де тұнық, тұтас танылды. Ақымақ қолда
жез де жылтырайды екен, егескен бейбақтардың еріктерімен
ұсынғандары құнсыз, əрі аз көрінді. Содан Ашақ – Мəші арасындағы бəсеке шоғын қулар қолдан үрлеп қызарта бастады. Арамзалар лақапты былай таратады: «Ашақ – мəрт, жомарт, маған екі қыстық соғым берді». Мұны естіген Мəші
əлгі зырқияның алдына қысырақтың бір үйірін түгел салды.
Міне, көрдіңдер ме берекенің ұшуын?
Əу баста байлық, бақ тақастырған екеу енді қырсықты,
есерлікті де ерістіріп отырған жоқ па?! Бұ сөздердің астарында не жатқанын аңғардың ба, балам? Жə, жə! Шұлғыспай-ақ
қойыңдар! Бас шұлғығанмен, көңіл тұшынып, көз көрмейді, əлгі кітаптарың мұндайды жазбаған-ды. Тасқа басылмаса, тіске басылғанды сендер сөз танымайсыңдар. Əйтпесе,
үкімет тыңдар еді азаматтарын! Əй, əй, балалар-ай! – Қарт
терең күрсінеді, сосын, айнала беріп, екеуіміздің бетімізге кезек жалтақтайды. Жанарында жалыныш бар: «Əрі қарай айтқызыңдаршы, аяғына шейін тыңдаңдаршы». Мен ана жігітке қараймын. Ол əңгімешінің қыбын бағып, қылпып қалған
сияқты, демек, Батекеңнің сырына қанық. Соның ыңғайымен
отырсам қартқа кет əрі көрінбеспін деген ниетпен басымды
изеп-изеп жіберем, ара-тұра қабақ жиырып, қайысқан, қайғырған кісінің кейпіне енем. Себебі мен өзім тіленіп келдім.
Батырғали əңгімесінің де немен тынарын жобалаймын. Бірақ, серігім Сапардың сырттай таныстыруынша, мына шалдың сөйлеу мəнері, жалпы мінез-құлқы қызығуға тұрарлық.
Ақсақалдың қазіргі қылығы сол дəмеме дəме қосты. Сапар
да ескермеген əлденендей құпия жатқан сынды сезіндім. Сөзін онсыз да аяқтамай қоймайтынын түйсіне тұра, қосымша
ынта, үстеме пейіл танытпақ боп елпілдей түсіп ем, Сапардың ыңғайын байқап тыйыла қойдым. Серігім – аудандық345
газеттің қызметкері – түрлі адамнан сабақтап сыр тартып
үйренген əккілігін тағы бір паш етті: екіндіге тақап қалған
жаздың қызыл күрең Күніне шытына көз тастап, бір иығын
сəл көтерді де, сағатына үңілді. Батекең ерек мазасызданып,
қозғалақ қақты, «қ-қай жерге келіп ем əлі?» – деп тұтықты.
Іле өз үзгенін өзі жалғап кетті. «Қай жерге келіп ем» дегені əншейін дəнекер, бізді əңгімесіне ұйыта түсудің тағы
бір тəсілі сықылданды. Мен осыны аңғарып үлгергенше қарт
ерінін шəй дорбаның ауызындай бүріп тастап, ыңылдай толғанып алды. Сонсоң таңдайын тық еткізіп бір тамсанды: –
Сөйтіп, Мəші, əлгі алаяқтың қорасына қыруар мал қосты.
Тегін, еңбек-толғақсыз байлықтан дəмелілер күні-түні аттан
түспеді. Ел аралап, өтірік-шынды лақап таратумен жүрді. Ал
олардың желауыз қатындары – бір төбе. Өсек, лағуды күлше
көсеп, шоқша қоздатты. Сұрқия еркектерінен де асып түсті
олар. Бір тобы Ашақты, бір тобы Мəшіні мақтады. Уа, ұрғашы халқы қандай залым! Зұлыматтыққа келгенде көңілдері
қандай жүйрік! Азаматтың отыз ауыз сөзбен жеткізе алмағанын о бетпақтар емеурінмен-ақ тап бастырмай ма! О заманда не көп, шілдехана көп қой, ондай жақсылықта ауызға
ілінген жан ердің ері саналатын уақыт. Бір сұмпайы үлкендерден өтірік рұқсат сұрап алып, өзінше ұялған сыңаймен
сөз бастайды екен. Ол:
– Ақам ренжімесе, осы шаранасына Ашақ мырзаның
атын қойса, – деп күмілжір еді. Ал нақ осы жерде ата-енеге ерте жағып, қадір тапқан қақсал қатындардың бірі қақсап
қоя береді:
– Атай көрме, қайным. Мəші қайнаға тұрғанда Ашаққа
жол қайда! Əтекем ұйғарса, аруағы асып тұрған сол кісінің
есімі лайық.
– Жеңеше, жөнге жығыл, сөзге қонақ, Ашақтың ерлігі, жомарттығы Мəші қайнағаңнан асып жатпаса, алты ай жазға
үйіме бір қонбайын! – деп қарғанар еді əлгі қу.
– Ал, Алланың құлағына шалынсын, Ашақ! – деп тағы
біреу əдейі қыздырып басады.
– Мəші болсын! – дейді екіншісі.
– Жоқ, Ашақ!
– Жоқ, Мəші! – Көрдің бе, балам, суайттардың тірлігін!
Басында ойнап, өтірік дуылдасқан топ бара-бара шын қыза346
рақтасады. Мұны жылпостар сан құбылтып ағайынды екі
жарымеске жеткізіп тұрады. Жарымес деймін-ау, балалар,
есі бүтін кісі сөйтер ме! Пəм етіп қарап тұрсаң еке