уінің көзін
қабат басқан ақ шел – баяғы сиқыр дүние, байлық, соның
буы! Əйтпесе, кедей сорлы атақты қайтеді, ат қып міне ме?!
Ей, басы жұмыр пенде, сенің қай қылығыңды қос көрсін Құдай! Құдай, шұнақ Құдай! Пендені жаратқасын қанағатымен
қосып жаратпайсың ба! – Батекең барған сайын қызып, таусылып сөйлейді. Атам заманғы екі байдың шашылып кеткен
дəулеті осы қазір өз қорасынан шығып жатқандай, қараптан-қарап күйіп піседі. Ара-тұра бізге «сендер не түсіндіңдер, не білесіңдер» деп төніп-төніп алады. Қарттың көзіне
біз мұндай хикаяны түсіну былай тұрсын, тыңдаудың өзіне
құлықсыз, салқын, тіпті, татымсыз көрінетін сықылдымыз.
Мен серігіме жалтақтаймын. Ол міз бақпайды. Əңгімеші
одан бетер тызақ қағады.
– Иə, содан сол екі еріккен солай таласа, тақаса келе,
ақыры іргелеріне қарады. Қора-қора мал кетті, тай-тай мата
қызараң, көгерең етіп, əркімнің қойын-қонышына кірді. Күреңіте шұбырып басқұр, бау, кілем таусылды. Тап ана шағылдың жығылар бауыры сол екеудің ата күлдігі, айттым
ғой жаңа. Содан, не бастарыңды ауыртайын, берекесі бір
ұшқан шаруа қайдан оңалсын, індет те өкшелеп бітті, қыр
соңында мыңғырған екі байдың желісінде бір-бір баспақты
сиыр – шəй қатық қана қалған, көп ұзамай ол да аусылдан
өлді. Мал тозып, бағы тайған басқа ажал да үйір, бір жыл
өткенде Ашақ дүние салды. Алыстағы ата қауымына апарып
қоятын көлік табылмады, ой-дүние-ой, «ақыр байдың түбі
аштан өледі» деген рас та, Ашақты ана жатқан жусанды қоңырға көме салады. Сөйтіп, тіріде бүкіл дəулетін шашып шығара алмаған атағын ол өліп тапты. Əне, көрдіңдер ме сонда
Мəші үш күн бойы бас көтермей жылап жатып алады. Əлдекім: «Неге мұнша бақырасың, байғұс-ау, болды ғой енді, жұбансаңшы», – десе керек. Мəші сорлы былай депті-ау əлгіге:
«Мен Ашақтың өлгеніне жыламаймын, атақты бұрын алғанына жылаймын». Міне, басы жұмыр пенденің тасқындығы.
Мына алдарыңда жатқан ұлы қауымның ғұмыр-тарихы осы.
Қазір бұл елде Ашақ моласын білмейтін ақымақ жоқ, тек өздерің құсаған... əй, əй, сендер не түсінесің, түге – деп күң347
кілдеп, Батырғали орнынан тұра жамбасын қақты. Сонсоң:
«Сендер не түсінесіңдер, сендерді кісі көріп», – деп күңккүңк кейіді. Келесі минутта қаңтарулы атына мініп, тайып
отырды. Мен аң-таң боп Сапарға қараймын. Ол кенет кеңккеңк күлді де, ошағы түтіндеп жатқан қара қосқа қарай аяңдады. Мен артынан ердім.
– Пендешілік қой, – деді тілші бір кезде күлкісін тыйып, –
бұл қарт ғұмыр бойы колхозда істеп еді. Обалы не, осы шаруашылықтың отымен кіріп, күлімен шыққан адам. Жан
аямайтын. Денсаулығын да содан ауыр жұмыстан бұзған
десіп жүр. Ал қалай совхоз құрылды, солай көлденең шөпті
көтермей жатып алды. Туған інісі совхоз директоры. Бай тұрады. Сірə, қартқа қараспайтын тəрізді. Батекең қазір пенсиясыз отыр. Содан бүкіл жарық дүниеге өкпелі, қыңыр қарап,
қырсығып сөйлейді. Айдаладағы бізді кінəлап кеткенін көрдің бе? Əлгі мылжыңын тыңдағанымыз аздай... Əй, бұ жұртқа дауа болмас.
Мен не айтарға білмей тосылып қалдым. Қарияның
ағыл-тегіл сөзі, Ашақ – Мəші хикаясы, олардың ерігіп шашқан мол дəулеті – аспан да, мына күнгі қарапайым тұрмыс,
бір колхозшының пенсиясыз қалғаны – Жер сықылды, құлдырап бір-ақ түстім, өкпе-қолқам солқ етті. Қиял əлемінен
болмыстың қатал шындығына сана байғұс əрең ойысты. Неге
екені белгісіз, қарттың жаңағы кеткен бағытына қарауға да
батпай, сырт айналып, өз-өзімнен көлегейлене бердім...