ОРКИІК

1
Онсыз да тоқ, көбең көңілдерді ауыздықпен алысқан сəйгүліктер тіпті көптірді. Əрқайсысы-ақ күмпіп сөйлейді, кеңкілдеп күледі. Үзеңгіні аяқ ұшымен тірей, алыс-алыс көз жіберіседі. Бəріне осқырынып, үркіп қарасады. Елеуреген көкірек есірік көздерге иелік ете алмайды: көздің көргені миға
жетіп үлгермей ғайып боп жатыр. Жаңағы боза қатып ішкен
қымыздың қызуы енді-енді бетке тепкен. Топ біресе бөріктей дөңгеленіп, əңгіме, əзіл қағыстырады, біресе бұлың-бұлың сайды қуып, желіс, жорға салысады. Жастау жағы көлік
үстінің байырғы желігіне де жіпсіп, болып келеді. Жүздері
бал-бұл жанып, мына серуенге əлі де бірдеңе жетпейтіндей,
əлі де айыздары қанбай сөйлейді. Бір жігіттің:
– Шіркін, ат бауырын созып алар тепсең жер-ай! – деп салып, ауыз жиғаны сол-ды, дала кенет жазылып жүре берген
сықылданды. Əлгі төбе-сай, шоқал-шоқпыт та, тұқай қағар
бұта да жоқ, тұсарлықтан келетін бір тегіс қырбық көк. Əй,337
кеп көсілт! Қырық аттылы ағытыла кетті. Үзік-созық, іркестіркес боп келе жатқан жұрт енді қатарласа қойды. Алға тек
озып шығу шарт екенін бəрі бір мезетте ұғынды. Мына тегістіктің шет-шегі байқалар емес. Неткен рақат! Шапқан сайын
жайылып, кеңіп барады.
Бұлар – ұлы ханның нөкерлері – шетінен дос, тату, жастары да шамалас жандар: əзірге ел, жер деген сөздердің сыртын қызықтап жүрген хан сарайының сый-сияпатына ғана
батқан балпаң еркелер еді. Аң қағуға шыққан беттері-тін.
Жарау жүйріктердің солығы басылғанша талай жерді жиырып салғанын ешқайсысы аңғармады. Жел гуілі мен тұяқ
дүбірі делебе қоздырады. Əдейі еріктіріп көлеңкеде бақтырған жиырма-отыз ит шаңқ-шаңқ үріп алға түсті. Əне, шетінен жылтыр, жылмаң тазылар. Бірінің бірі басынан секіріп
ойнайды. Тосын көзге аттылар осынша далбаңдап шапқанда
алдарындағы бір қора итті қуып келе жатқанға ұқсар еді...
Кенет егделеу бірі ат басын тежеп, серіктеріне түсініксіздеу
бір ишаралар жасаған құсады. Қара мұрт астынан ақсаңдаған тісі оның əлдене нысанаға сілтегенін аңғартқан соң көпшілік солай жапырылған. Ең ілгергі тазыдан арқан бойы
жерде мүйізі қылтыңдап Оркиік қашып бара жатты. Солақ екен, бүйірі қызған жігіттер қиқулай жөнелді. Тұяқтар
көсіп лақтырған топырақ төбеден жауады. Неткен рақат!
Жел жаңағыдай құлаққа ұрмайды, сайгүліктердің жалында
ғана суылдайды. Əлсін-əлсін «һай-һой, айтақ» деген ессіз
шат дауыстар естіледі. Бірер қайың-қаптал ұли қыңсылап,
ұмар-жұмар боп қалды. Оған көңіл бұрар уақыт болмады.
Жұрт көзі алда, Оркиікте. Киік тура тартып отыр. Суырылып шыққан қызыл тазының бірден-ақ тілі көріне бастады.
Бірақ маңайлар түрі жоқ не қалып қоймайды, бір қалып.
Киіктің құлағы селтең қағады, көсіліп шаппайды. Бұлт-бұлт
орғиды.
Аң атаулыны қайырып ұстап əккіленген тазылардың бір
тобы қабырғалай тиген – жуыса алмаған соң біртіндеп кеп
дүрмекке қайта қосылып, жаңағы қызыл құмайдың соңынан
шұбады.
Жігіттер мұнша ұзақ сайысты күтпеген-ді. Қырдың қай
аңын да мынадай иттермен екі-үш қабақтан асырмайтын.
Екі көрінімдей қуғасын əркім ерін, айылын тексеріп əбігер338
леніп қалысты. Ат сыр алдыртайын дегенде ердің мойынға
кеткіш келетін əдеті ғой. Бүйтіп кете берсе тағы бір шəй пісірімде түгел шылбыр жетектеп қалатындарын жаңа сезінді.
Семіз көкіректерге біртіндеп жүдеушілік кірді. Бұ жүгіріске
иттер де төтей алмады. Əлгі бір əзірде екі-үшеуі ақсап шыққан, сол қатар енді бірте-бірте молайып барады. Салақтап
кеткен тіл ұштарынан сілекей сорғалап шеттей береді, бұт
көтеріп саритын бұта жоқ, қайсылары жерді иіскеп-иіскеп
ап ызалана қыңсылайды, тағы біреулері шоқиып отырған
қалпы қалып барады, əлсін-əлсін ауыздарын ашып есінейтін
сияқты – ұлығандары шығар. Киік соңында манағы қызыл
құмай. Жұрттың ендігі үміт артары да жалғыз сол еді.
2
Күн екіндіге таянғанда қырық еркек киік етін жеп отырды. Жарты күнге созылған қан-сорпа шабыс, шөл, күдік, үміт
азабы аң бауыздалғанда-ақ ұмытылған-ды. Қазір бəрінің жүзі
жарқын, сөздері екпінді. Сақал-мұртының ағын санаса – бір
қолдың саусағы жетердей біреуді ақ сақал атап, жабыла
қошаметтейді. Анау қызарақтап дембіл-дембіл маңдайын,
мойынын сүрткілейді. Серіктері одан сайын қусыра түседі:
– Қосағасы, сенің қызыл құмайыңның арқасында ауызымыз асқа тиді. Рəбім мұндай итті де ырысты жанға сыйлар
болар. Аллаға шүкір.
– Жөн айтасың, Бибатыр! Оркиік талайдың таңын жыртты ғой. Аталы ердің аруағын Алла сыйласын! Мал да кірлі
қолға бітеді. Осы қызылдың бесінші атасының бір сарығаны
қырық жылқы болды деседі.
– Паһ, болған-ақ екен бəтшағар!
– Итте ата жоқ дегенмен...
– Ата қайда кетсін, жеті қазынаның бірі де жарықтық!
– Жөн айтасың, Бибатыр. Нұқ пайғамбардың өзі етегінде жатқан тазының ұйқысын қимай, шапанының шалғайын
кесіп қалдырған екен.
– Аталы əңгіме. Топан суында Нұқтың кемесін тышқан
теседі. Жыртық кеме бүйірлеп батуға айналғанда Хақтағала
мысық жұмсапты. Сол хайуанның ұйқысына бола пайғамбардың етегін қиғаны рас, тауарықта бар сөз.339
– Білмесе Бибатыр Бекей биден туа ма! Жəкемнің қызыл
құмайы он қыздың құны да. Заты хайуан демесең салқы
төс саңлағыңның нағыз өзі. Садақ оғындай ағады екен сабазың!
– Жігіттер, бір күшіктің мақтауы жетті білем. Сендерд