АШАҚ – МƏШІ ƏҢГІМЕСІ

– Со-онау шағылды көресің бе? – Мен қарт саусағының
бағытымен көз шалымы жетер жерді көзбен тінте бастаймын. Шағылдан көп нəрсе жоқ, жағалай сары құла құм, жаржар. Ақсақалдың қайсысын мегзеп отырғанын білмесем де
көрген, таныған боп басымды изеймін. Батекең бағзы хикаясын бастарда өстіп көне жердің бір биігін куəға тартады дегенді естігенім бар, не де болса сонысын айтқызып, тыңдап
алғым кеп, бас изегенім аздай, «Иə, көрдім, танимын» деп
елп еттім.
– Көрсең, Ашақ деген дырауыңның өзі. Ашақтың жайықбас-арқасы мола – қауым. Қауымды сен білесің, ал оның
неге олай атанғанын ұқпауың мүмкін. Мүмкін, – деп қайталап шал бір шекесіне жалт қарады. Онысы шау тартқан кəрі
қыранның өлексеге түскен назары секілді қайғылы көрінеді. – Ашақтың батыс жақ жығылар астында көне заманғы
күл мен көңнің орыны жатыр. Ашақ – Мəшінің ата күлдігі.
Уа, Ашақ, Мəші ағайынды жігіттер екен. Пенде қай уақытта да атақ, даңққа қызыққан ғой, олардың көздері тым қызарғыш болды. Əкелері Ескелді бай ерте өліп, мыңғырған
мал, абдыра-абдыра алтын, күміс қалды. Ердің аруағын тасытатын тағы бір ұлы қазына – өнер, жомарт Құдай оны да
осы екеуінен аямапты. Екеуі аттан ат таңдады, жүйрік тазы,
алғыр қыран, ойхой, дүние-ай десеңші, солай күркіреп жүріп жатты. Бөліп-жарғанды қай ақымақ жақтырған, көп ұзамай əрқайсысы ішінен бір-бірінен бағын, атағын күндей
бастайды. Əрқайсысы бір өзім ғана болсам дейді. Құданың
құдіреті де, екі мырза құс салса – ілген аңдарының саны да,
сапасы да тең; Ашақтың тазысы үш қоян ұстаса, Мəшінің342
иті де сөйткен; бəйгеге қосқан аттарына шейін қатар келеді.
Қойшы, əйтеуір, не бастарыңды ауыртайын, мен құсаған
кəрі-құртаңдардың көне түсінігінше – Құдай, ал, қағаз, сөз
қуған сендер, əлгі не деуші едіңдер, ие, өмір, тағдыр атанған Құдайларың онсыз да бір-бірін баса алмай жүрген екі
көкіректі, өстіп, егестіре, тақастыра түсіпті. Уа, адам баласының күпірлігінде шек бар ма, бір күні екеуі бір-бірінен
жасырын мал айдатып Астархан асады, үй салдырады. Бірін-бірі көрмей салдыртқан сарайларының сəн-салтанаты,
бояу-түсіні, мұқым, терезелерінің санына шейін бірдей болып шығады. Орамда екі адам Ашақ байдың үйіне таңданса,
Мəші байдың үйіне сонша адам сүйсінер еді. Бұдан да бірінбірі ала алмайды.
Күндердің бір күнінде Мəшінің қатыны босанып, егіз ұл
табады. Тап осы жолы анық оздым деп, бай əке тасып отырғанда, Ашақ ауылынан шапқыншы жетеді: «Сүйінші, тақсыр, Ашақ үйіндегі келініңіз егіз ұл тапты». Міне, нақ, бұл
арада Мəшінің шыдамы жетпеді. Іштегі талайдан жасырынып келген шиқанның ауызы бір-ақ жұлынды: хабаршыны
қайың қазыққа таңып қойып, есін аударғанша сабатты. Содан бастап ағайыншылық, туыстық атты жылтырақ сөздерден жылу қашты. Бір ананың қос емшегін тартқылап өскен
екеу – күндеске, кəдімгі қатын-күндеске айналды. Уа, мына
боқ дүние! Сені теріп қай қоңыз тоңқаңдамады! Атан түйені ап деп атқан барыс білек балуан түймедей алтынды ұстағанда қалтыл қақпай ма! Арыстанның ауызына қарсы шапқан батырың гауһартастың қырындағы жалтармай ма сəуледен! Уа, шоқ, дүние, саған күймеген қол қайсы! Аз дəулет
азап болғанда, көп дəулет тозақ демеуші ме еді?! Сол, сол
батырдың жанарын, балуанның талабын шаққан сиқыр дүние ағайынды екі азаматтың арасына жарық боп енді, сына
боп қағылды. Балам, мен бұның бəрін дүниенің сайқалдығынан көрем.
Батекең бір мезетке тоқтай қап, əрқайсымыздың жүзімізден əңгімесінің əсерін іздейді. Өзі кеудесі гуілдеп, шарта
жүгініп отыр. Екі мықынын таянып алған – «ф» əрпінен аумайды.
– Уа, – деп, сəл алға қарай итіне түсіп, сөзін жалғайды, –
уа, азаматтар, көкейлеріңді көздеріңнен көріп отырмын, анық343
батыр мен анық балуан жылтыраққа қызықса жылаңқының
жараны жас боп ағып түспей ме демексіңдер ғой – мейілдерің. Дүниені əркім өз қара басының қайырына бола жиса,
ешкімнің өзегі өртенбес еді, əңгіме, балалар, артық дəулетте – астамшылықта жатқан жоқ па! Мақтан үшін, өңкенің көзіне түрту үшін əдейі қызартқан мүліктен не қайыр,
не қасиет! Батыр да, балуан да – пенде. Бəрі баяғы Құдай
атқан қу мақтан, жұрттан артық қасиет таныту... солай емес
пе? Білем, сендер келіспейсіңдер, себебі, əлгі мұғалімдерің
олай үйретпеген. Мақұл, мақұл. Əріге бармай-ақ қоялық.
Осы отырған аталарыңа – Батекеңе артық жылтырақ ғұмыры біткен емес. Қоңыр үй, қоңыр қазан, қоңыр тұмақ, қоңыр күй. Күнделікті керегіңнен ауыспайтын тұрмысты кім
күндейді?! Əне, көрдің бе? Сөйтіп, Ашақ пен Мəші жаулықтан, біріне-бірі ойлаған қазауаттықтан жындана жаздады.
Беттерін самал болып, рақаттандыра желпіген ауқымды
мол қазына құйындай ұйтқытып жүре берді. Тең-тең асыл
бұйым қаңбақтай ұшты. Ақ үйлердің əуелі түндігі желпілдеді, сосын үзігі қайырылды, белдеуі жұлынды. Жел аннан
да, мұннан да бұрқырады. Азамат басынан əуелі бөрік құлады, сосын белбеу шешілді. Сөз бен ғайбат есірігі онымен
қайдан тынсын, іргенің, бөксенің осалдығын сезген соң
екілене түсті. Ақыры шапан етегін бір-ақ түріп əкетті. Иеее, сендер ескі сөздің қадірін қайдан түсінейін деп едіңдер.
А-аа? Менің нені айтып отырғанымды шамаладыңдар ма?
Əй, қайдам. Тіл мен жақтың адыра қалған заманы ғой б