Ол болмаса құдайыңа айт,
Ажалымды тездеткіз.
Әйел біткен тырнағының бояуын
қалай жуса,
Сен де солай, арасында қас қағым
Менің талай, жұлдызымды жуып алып
тастадың.
Тоқымашы жіп бояйды – сен үнсіз,
Кәрі дихан жер жыртады...
Көңілсіз.
О, қатігез көкірек,
Менің қайғым не саған!
Сен сусыған көк жібек бір парақсың,
Ұлы теңіз!
Менің қайғым не саған!
Өмір сүріп бола ма екен күдікпен,
Ұлы болсаң – күліп бол.
Дүниенің шын еркесі сенсің ғой, –
Аспан ғана қарай алар менсінбей,
Бар өмірін патшалық пен құлшылықтан
құраған.
Адам тірі,
қара нанның арқасында тірі адам.
О, көк айдын,
Сонда ғана иланам –
тереңіңнің құпиясын құй маған.
Сен бір жібек парақсың,
Неғыласың жұрттың күдік-күмәнін,
Кешкі кабак түтінін,
Алыс жаға тұманын.
Хрусталь-шаң көтеріліп жел күні,
Қаһар шашып жатасың сен бар маңға,
Жанымызды достар жайлы қасірет
Солқылдатып сорғанда...
Біздің қайғы не саған!
өмірі өзі тыныштықтан туады,
тыныштыққа айналады қайтадан.
Сен бір ұлы анасың,
Ай сәулесін балапан ғып шайқаған.
Сен бір жібек парақсың,
Күн сәулесі сызған жолмен жазамын,
Өмірім мен өлеңімнің азабын!

ТЫНЫШТЫҚ САҒАТЫ

Сай қуып тыныштық
Босап кетті-ай.
Ауыл, қала арасын
қосып кетті Ай.

Бір бұта жоқ сын-ды
Сүрінер, соқтығар
Тауларды жуып кетті
Сұп-сұйық көк мұнар.

Дүние, қалғандай
Бір сөзден іркіліп
Жабыса береді
Жұлдыздың кірпігі

Орманды басты ұйқы,
Түс көріп не қилы.
Тек бақа аулақта
Речитатив оқиды.

Күндізгі жүрген жер –
Таң қалып танисың.
Гүл өскен бақтардан
Аңқиды бал исі.

Күндізгі бейнеттен
Міне рахат табылған.
Перделер түсіріліп,
Есіктер жабылған...
қалғи ғой, ұйықтай ғой.


МАЗМҰНЫ
Алғысөз .............................................................................
Эллегия .............................................................................
Тыныс ................................................................................
«Кешір!» ............................................................................
Ұстараның жүзінде ...........................................................
Күрсіну ..............................................................................
Ұйқыдағы қыз ...................................................................
Кеш ....................................................................................
Прага жаңбыр саусақтары астында ................................
Жел-диірмен .....................................................................
Жабайы қаздар .................................................................
Кішкене ән .......................................................................
Нонтюрн ...........................................................................
Жеңіс үшін алғыс .............................................................
Арман етем ........................................................................
Жастық қандай әдемі .......................................................
Кәрілік неткен әдемі ........................................................
Корей бишісі ....................................................................
Жол жиегінде ...................................................................
Қанаттар ...........................................................................
Таулар ...............................................................................
Екі өзен .............................................................................
Өсиет .................................................................................
Сентябрьде .......................................................................
Теңіз ..................................................................................
Тыныштық сағаты ............................................................