аршы өлімге де өмірге,
Өткенді аңсап жыладың босқа, алдандың.
Жеңіс тілегеннің жайылған алақанысың,
Қанатысың орындалмайтын арманның.

ЖАБАЙЫ ҚАЗДАР

Ауыл тұр момын баяғы,
Баяғы құстар, баяғы үй.
Басса арба баяғы өлеңге,
Ұшады қаздар төбеңде.

Он екі қаз жүр,
Қаз дауыс
шығарып салып жазды алыс.

Қаздардың үнін әлгі алыс
Етеді сәби алданыш.

Алданып соған
Көкпеңбек
Ауылын тастап кеткен көп.

Арманды арман ұштады,
Ұш, ұш жылдам, ұш тағы.

Жақсы еді ескі мектепте
Әліппе ашып,
Доп тепкен.

Қой санаушы ек ақыры
құрбыларды шақырып.

Жаңылсақ, саннан сүрінсек,
Төмен қарап тұрушы ек.

Шөп қурап,
тыныштық керемет
ауылды кетті шегелеп.
Кірледі пештер жақпаған,
Ұмытылды өлең жаттаған.

Төбеде қаздар қаңқылы,
Төменде орақ жарқылы.

Ақ қаздар кетті, бар ма айып,
Сол жазда күнге сарғайып.
Үнге алыс үн қосып
Тұрасың отша тілдесіп.
О, қаздар –
Қиялым болсаң, тезірек
Аулымды көрсет көзіме.

КІШКЕНЕ ӘН

Алтын әтеш бұлт үстіне шықты ұшып,
алтын көмей айтты бір ән мықтысып.
Мына таңның дәннен үлкен еместігі туралы,
Кенет сол дән
сол әтештің көмейіне құлады.
Бірақ одан түсті ол дән егіске;
егінші жүр орағының жүзін шыңдап, тегістеп.

Алтын әтеш қайтып өтті төбеден,
Алтын көмей айтып өтті көп өлең.
Тағы бір дән жерге тамыр байлады, –
Тағы да бір егінші отыр орайын деп сайланып.

... Сіз тым ұзақ қалғыдыңыз,
қалғыңыз,
баяғыда-ақ атырғанбыз таңды біз!

НОКТЮРН

Су бұтағы үстінен бағыбанша иіл де
Мына алманы үзіп ал.

Ыстық не бар алақаннан,
Шикі алманы алақанында аунатып
Пісуіне уақыт бер.

Бақ үстінен шықса таң ағараңдап балағы,
Көзі түссін жеміске,
Қолыңдағы жаңағы.

Қара да аспан – анаға жұлдыз – қызын
ұзатыс, –
Алақанды қыса түс.

Көктің әйнек шамдары тауып түсіп қолыңды,
Жарқыратсын жолыңды.
Күреңітер сонда алмаң алақанда аунаған,
Көлдің алыс шетінен ай боп туып аумаған.
ЖЕҢІС ҮШІН АЛҒЫС

Чехтың жасыл таулары!
Күзетіңдер жеңісті!
Үш түсті жалау тағы да желбіреді төбеңде
Жасыл әскер секілді шырша, қайың төменде
Неткен биік көк аспан,
Неткен байтақ жер үсті.
Ана ғана қан төгер болар бұлай ұлы үшін.

Құшақтаған қаусыра мына байтақ отанын,
Чехтың жасыл таулары!
Құшақта ұлы елімді.
Жұмақ отан тағы да қолға тиді сенімді,
Жасыл жиек көл енді шашады ақ күмісін.
Чехтар енді отарын еркінірек бағады,
Тағы да еркін бал жинап,
Салар тағы ескі әнін.
Айтар жүрек тағы да әділеттің қосқанын,
Радогас пен Перунды
славяндардың қашанғы
құдайлары тіріліп
Күл-қоқыстың атынан көктер тағы бір үміт.
Бұрынғыдай тірлік қып,
Ән шығарар, тер төгер.
Сәби үшін,
халық үшін,
Отанының даңқы үшін.
Уа, Отаным, ерлерің жайлы жырың шалқысын!
Енді қарау пиғылдар қызғаныштан өртенер.
Шөп сөйлесін, су айтсын, – чех тілінде сөйлесін,
Сонікі атақ, кім басса қаулаған өрт түтінін,
Ұмытпауға өлгенді шығар жүрек үкімін.
Орыс досқа басыңды и,
Оққа тосқан кеудесін.
Сенің үйің үшін тек соғысты олар түтіндеп,
От басы үшін өзінің соғысқандай соғысты.
Моравия, Чехия!
Ал бастаңдар көп істі!
Словактар, силездер!
Іргемізді бүтіндет.
Бізбен бірге шырқаңдар жеңіс әнін – жаңа әнді,
Өзен, көлдің аузымен хор айтайық бір мықты,
Қоңырауыңның барлығын оят, Прага, дүрліктір.
Жыр етейік жеңісті,
жыр етейік заманды.

АРМАН ЕТЕМ

Арман етем:
Шетсіз, шексіз кең әлемі құдайдың,
Қан төкпей-ақ болса екен шырайлы!
Өлеңімді шәй ғылып іш іздеген,
Бірер кесе ұсынайын сізге мен!

Арман етем:
Мына дүние подвалындай аспаздың,
Ыдыс-аяқ салдырынан басталды.
Дәм татыңдар өлеңімнен ысыған –
Моравияның өрнекті табағымен ұсынам!

Тыныстауға ерте болса бізге әлі,
Ессе әлі де қауіп-қатер ызғары,
Өлеңімнен бірер аса,
Қол бұлғап
Алыс жолға аттанардың алдында.

Белді бекем буу керек болса әлі,
Бейнет болса уақытша жол сәні,
Нан мен қант орынына,
Азыққа
Ұсына алам азбас өлең жазып та.

Арман етем:
Сөнбесе екен күн мәңгі,
Мәңгі тұрып ұзатса екен жылдарды.
Әтеш болып шақырам мен ел үшін, –
Осы теңеу – күшті теңеу мен үшін.

ЖАСТЫҚ ҚАНДАЙ ӘДЕМІ

Жастық қандай әдемі,
Уа, мәуелі көктемесі әлемнің!
Шақырады құмар ғып
Бұғағы мен білегі боп әйелдің.

Жастық қандай әдемі,
Жасты көрсең – есіңе би түседі,
Жанап өткені секілді
Цығандардың скрипка ішегін.

Жастық қандай әдемі,
Жастық сынды ғұмыры бар қысқа әттең
Бір қарасаң – күз боп қапты,
Скрипкаң – бір қарасаң – қу ағаш,
Ал, шынында сол скрипканы ұстап па ең?!

КӘРІЛІК НЕТКЕН ӘДЕМІ

Кәрілік нетк