ен әдемі,
Көзінде ой тұр тұнып.
Ақ самайдың астында
Көк тамырлар бұлқынып.

Сабыр тапқан жүректе
Сан махаббат сақталар.
Біріңнен-бірің сұрарсың:
«Ажал атты ауылдан
Жоқ па әлі, – деп, – хат-хабар?!»

КОРЕЙ БИШІСІ

Корей қызы,
Аз айтқан жоқсың сен маған,
әсемдеп айттың
әңгімені бұрын болмаған.
көп айттың сен,
Қимылмен атанасың ән,
көп айттың сен,
кей журнал мақаласынан
Біз оброз іздеп,
жалғыз сөз ойлап таппай-ақ,
қызыл сөз – батпақ,
кеңірдегіңмен батпай-ақ
Өлеңім менің!
Үйренші, қане сен одан.
Өнердің нашы
Жасалсын бізде жаңадан.
Арманда, қинал,
Мені де қина тап бүгін.
Бос сөздің жырға
көрсетші, қане, жаттығын.
Қинашы жанды, қинашы мынау денені,
Болат пен гүлдей болсаңшы менің өлеңім.
Дауыл бол,
Бұлт бол,
Жапырақ бол мейлің, – деп қалам, –
Құрғақ сөзге, өлеңім,
Ұқсай көрмеші тек қана.

ЖОЛ ЖИЕГІНДЕ

Жұмысшылар көрді түсте:
Қара жолдың сыз-дымында
Кесіртке жатты, сұлап түсіп
Рахаттана қыздырынған.

«Біз тер төгіп жүрміз міне», –
деп біреуі шегеледі.
Тағы бірі: «манаурапсың
Уәйімсіз неме» – деді.

Сонда бірі тіл қатты өктем,
Болар бәлкім түйрегені:
«тимеңдер, әй кесірткеге...
Ақындарға тиме», – деді.

ҚАНАТТАР

Қанат жайдым – қаққаным жоқ құс құсап,
Не шегіртке секілденіп іске ұсақ,
Самолеттер, самолеттер ұшқыш-ақ, –
Ұқсамайтын біріне
Қанатымды жайдым мен.

Шағала да, дауылпаз да – құс, білем,
Ұшатұғын желкендердің үстімен,
Діңгектерді сықырлатып ұшты жел, –
біріне де ұқсамайтын қанатпен
ұштым мен.

Кеңістікте планета-аралық
Ұшқаным жоқ көк аспанға оранып
Алтын күмбез шеркеулердің үстіне
Сапқа тұрған емендердің үстіне,
Жайғаным жоқ қанатты.

Астаналар тынысындай салқын бақ,
Сабын-көбік кәрі теңіз аңқылдақ,
Кешкі шапақ сөнген кезде даңқ ұрлап,
соңғы сәуле жұғынымен алтындап,
Жайғаным жоқ қанатты.

Патшалардың сарайлары үстіне,
Пирамида кәрі ойлары үстіне,
Ақша бұлттың арайлары үстіне,
кешкі көлдің – шар айнаның үстіне
Жайғаным жоқ қанатты.

Қан майданға қарағам жоқ үстінен,
Құрбандарды санағам жоқ үстінен,
Стадионды көру үшін үстінен,
Қаққаным жоқ қанатты.

Жәй адамның көру үшін тұрмысын
Биік шықсам – шығып едім тырмысып.
Дұшпандардың қайтаруға бір мысын,
биік шықсам – шығып едім тырмысып,
...Әлі мені түсіне алмай жүрмісің?!

Тірнектеп тірлік еткен ай-күнмен,
Бейнетқор жан тұрмыс ұққан, жәй білген,
Бар азабың – махаббатың, қайғыңмен
Қарапайым бағыбанның үстіне
Қанатымды жайдым мен.

ТАУЛАР

Таулар, таулар! Ала қызық,
Ала өзен ағад – дақпырт па.
Салшылар келед сал ағызып,
ағады бірге ақ бұлттар.

Таулар, таулар –
Қанатсыз бүркіт пе екен?
Ақ үйлер – әппақ аққу,
секілді үркіп кетер.

ЕКІ ӨЗЕН

Сена кірін жуады,
ақ көбікті шайқайды.
Ойлы кісі боп бір сәт
басын шайқап байқайды:
«Сена атанбай тұрып мен
Кір жуғам,
Көбік бүріккем...»
Кіндігің бір Влтавамен,
Қайғырма, Сена, жу кірді,
Ақ көбікті төгілдір.
Ормалы Влтаваның
Сенікіндей көгілдір.

ӨСИЕТ

Ұлым! Қан, ет, сүйек пен жұлдыздардан
жасалған,
Жазылмаған кітапқа,
ескі аңыздан бас алған,
Алақаныңа сенің – алып келген тағамым, –
Мына әлемді бір уыс кәмпит етіп саламын.

«Кемпір қосақпен» орап жердің шарын ұсындым,
Праганы ойыншық қып ұсындым – түсін, біл.
Қызғана ұста, қапы етпе,
Қызығын көр бір-бірлеп,
Бірақ ойыншық қой деп сындырма да бүлдірме.

Күмбездердің қарайған көлеңкесі бар тағы,
Құс шуылын сіңірген жасыл ауа тартамын.
Қоңыраулардың дауысы... алыс-алыс жаңғырық,
Найзағайдың жарқылы,
Үнсіз дала мәңгілік.

Тапсырамын қолыңа паспортымды шетелдік:
Әрқашанда еліңе қайту үшін екен бұл.
Алыс жақтан сувенир тасығанда сөмкелеп,
пәтеріңді адаспай табу үшін сол керек.

Екі таңды, қабыл ал, осы күннен, жасыңнан
Күн сәулесі – алдыңнан шлагбаум ашылған,
Салтанаттар қақпасын қалдырамын мен саған,
Содан аттап шығарсың мақсатыңа аңсаған,
Құлшынарсың соны аттап ерлік іске жан сала.

Туған елдің ертеңін қалдырамын, қабыл ал,
Алғы күннің елдерін, қалаларын қалдырам,
Екіленген ерлігін,
Мен өсиет еткеннің бәрін, ұлым, қабыл ал!
Қан төгіссіз, соғыссыз бейбіт күнді қабыл ал,
Және сүйген қызыңның махаббатын қабыл ал!

СЕНТЯБРЬДЕ

Күз шығынын жомарттанып, тасқындап
Төлеп жатыр алтынымен жапырақтың,
Ғашықтық пен дұшпандықтың ақыры –
Қурап, ұшып құрығалы жапырақ тұр,
Бәрі қалар – жапырақтың астында...

Жылайсың сен, кірпігіңнен үзілген
Көз жас емес, жапырақ па деп қалам.
Жүдеді бақ, тыйылды шу ызыңмен
Көз жасың жоқ сенің бірақ тоқтаған.
Еңіреп тұр