ылдың қазан айы екендігі өзінен өзі шыға келеді. Өлең мәтінінің мән-мазмұны, тарихи оқиғалар, сол кездегі ақпараттар сондай дерек, дәлел береді.
Алғашқы орден тапсыру кезінде Жұмекен консерваторияда оқуда. Алматының мемлекеттік консерваториясының директоры, доцент Крухлыхин И.В. 1956 жылы консерватория сегізінші кезекті түлектерін ұшырды. 38 адамның ішінде 16 қазақ. 1955-1956 оқу жылында оқудан 24 студент шығып қалған, оқу үлгерімі нашарлығынан – 6 кісі. 1956 жылда консерваторияға түсуге 127 адам арыз берген, қазақтардан – 48. Қабылданған студент саны – 75. Қазақтардың саны- 32, оның ішінде 12 қазақ қызы. Ауылдық жерден – 4. Қазақ аспаптары кафедрасына осы оқу жылында тек қана музыкалық дайындығы барлар ғана қабылданған. Соның нәтижесінде бес–ақ кісі бірінші курсқа алынған, оның бірі біздің Жұмекен, дайындық бөліміне – 2 адам. Жұмекеннің Қарағандыда кеншілер сарайында ансамбльге қатысып музыкалық даярлықтан өткені пайдалы болды. Кафедраның 31.08.1956 жылғы алғашқы жиналысына қатысқан ұстаздар: кафедра меңгерушісі Жұбанов А.К., ұстаздар: Еркимбеков, Балгожин, Кудабаева, Иванов-Сокольский, Тастанов, Лапченков, Сабитова, Байзаков, Стианишевская, концертмейстер Попов, аға лаборант Разборова, барлық курстың студенттері. Қазақтың ұлы композиторі А.Қ.Жұбанов студенттерге осы жолы керемет үлгі өнеге көрсетті. Бір-ақ ауыз сөзімен. Ол жиналысты ашпас бұрын бәріне биылғы оқу жылын қарт ұстаз қайтыс болған Шабельский Сергей Ивановичсіз бастап отырғанын атап өтіп. Марқұмның аруағын еске алып, орындарынан тұруды сұраған. Неткен мәдениет, бекзаттық, тәлім-тәрбие. Жұмекен ғажап ұстаздарға кенде болмаған. Кенші генералдарынан соң консерваторияда да қазақ музыкасының маршалдарынан сабақ алып, емтихан тапсырған. Аттарын атағанның өзінен басың айналатын атақтылар: Жұбанов А.Қ., Хамиди Л.А., Шаргородсктий Л.М., Сарыбаев Б., Мұхитов К., Тастанов Х.Т., Мансуров Ф.Ш., Ш.Қажығалиев.
Реті келгенен кейін 1957 жылдың 6 наурызында Жұбанов А.Қ., Круглыхиның қатысуымен өткен жиналыста, хаттама нөмір 16, Шаргородскийдің айтқан бір ауыз сөзін алға тартайын: «Студенттер үшін оқу жоспарына қазақ халықтық аспаптарды орындаушылықтың тарихын енгізу керек. Студенттердің білімінің жалпы деңгейін көтеру үшін қазақ әдебиетін оқытуды қажет»,- деп санаған.
1958 жылы 24 маусымда консерваториядағы ұстазы Османов Т. өздерінің міндеті суреткерлерді дайындауда деген. Қандай ғажап жандар, асыл, бағасы әсте жоғалмайтын ой-ұсыныстар жасаған. Жұмекен консерваторияда оқуды Тастановтың класында бастаған, дирижерлік курстің дәрісін Ш.Қажығалиевтен алған. 50 жылдан соң Шамғон ұстаз өзінің шәкірті Жұмекеннің Қарағандыда өткен кешіне басшылық етіп, дирижерлік пультте тұрып «Менің Қазақстаным» әнін халықпен бірге шырқады.
1958 жылдың нөмір 17 хаттамасына сәйкес Ж. Нәжімеденов емтиханды келесі құрамдағы комиссияға тапсырған: Профессор А.Жұбанов, Л.Хамиди, Т.Османов, Ф.Мансуров, Б.Сарыбаев М.Аубакиров. Оның дайындығын талдағаннан кейін комиссия төрттік баға қойған. Бұның бәрін тәптіштеп, тізбелеп келтіруге мынандай себеп бар. Өнер мен ақын бар жерде атақ пен даңқ бірге жүреді. Ақиқат пен аңыз. Даңқ пен дақпырт. Бәрі де бірге ілесіп, қалыспайды. Өтірігі, өсегі және бар. Жұмекен жөнінде де небір аңыз тудырылған. Әркім әрқилы айтып, сан-сансаққа жүгіртеді. Кейде қиял мен қиянат қосақталып кетіп, көркем шеберлік құрбандыққа шалынады. Біз мұрағат құжаты мен тарихи оқиға негізінде, өлең мен өнерге, ақиқат, шындыққа жүгінеміз. Жұмекен жыры қазақтың, Қарағандының қайнаған қызуынан, ыстық жүрегінен, жылдар жүгін көтере алған мықтылығынан жаралды. Оның өнері елім деп өмір сүрді. Жүрегі ел-жұрты жүрегімен ұғысты. Үміті мен тілегі елімен бір болды. Ұлтын ұға білді. Ұлттық ақынды ұғынуға ұмтылу, оның жан дүниесін, болмысын, бастау бұлағын тану үшін оның өлеңдеріндегі қолданатын сөздеріне үңілу міндет. Санамен саралап салыстыру. Жұмекен Нәжіменденовтің қазақтың сүйікті «Менің Қазақстаным» әніне арқау болған өлең сөзі 1956 жылы жаз айында Қарағанды топырағанда жаралды деген ойымыз оның жыр жолдарынан туды. Қарағанды, Сарыарқа, Сарыжайлау тың өңіріне кіргені тарихтан белгілі. Тың жөніндегі Жұмекеннің ойларын «Таң сәріде» өлеңі арқылы талдап, таныстырдық. Бұл өлеңнің Қарағанды топырағында 1956 жылдың маусым айының аяғы, шілденің басында туғанына ешкім дау тудырмас, қандай да бір дерек келтіріп жоққа шығара да алмас. Енді, «Менің Қазақстаным» өлеңіндегі ақын пайдаланған, қолданған кейбір сөздерге тоқталайық. Мысалы, «мықты» деген сөз. Осы сөзді таңдап алуында небір сыр бар. Қоңыр ұғымы мен қатар Жұмекен мықты деген ұғымды бүкіл поэзиясында мол қолданады.
Нәсіп апайдың айтуы бойынша Жұмекен Арқаның әндерін сүйіп, сүйсініп орындаған. Мектеп қабырғасынан музыкаға жақын болғанын оның Қарағандыда кеншілер ансамбліне қабылдаған анкетасында Жұмекен жазған. Жырларында өзі де күйіп-пісіп көмір қаздым, ән салдым демей ме. Мәскеу сапарының алдында тағы да арнайы музыкадан дәріс алған. Музыкалық дайындығы мықты болғанынан консерваторияға қабылданғанын музыка маршалы А.Жұ