көзбен көрсең?..
О, түсінем, түсінем:
Қарағанды кайнап жатыр, бір ыстық,
бір керемет жүректердің күшімен...
ЛАВА
...Лава аузында қарауытты шаң-дағы;
әр көлеңке қозғалады ұрлана.
Қараңғыға түсті шаңның салмағы,
шаң дариясын ұрттап-төгіп тұр Лава.
Дәл осылай сүгіреттер едім мен,
Маңдайымда шам болмаса - бағыма.
Шаң мен сәуле толқып келіп соғады
лавалардың тас қараңғы жарына.
...Шахтер - бір шам, келе жатыр жанып ол.
Тұр айнала қара тақта - қап-қара,
Еңбек деген жалғыз сөзді жарықпен
шахтер жазды сол қап-қара тақтаға.
Айқыш-ұйқыш сырықтары сәуленің
ұқсайды екен көп аяқты мосыға.
Комбайндар ілулі тұр шәйнек боп,
гүрілі мен ызыңмен қосыла.
ШАХТЕР АСПАНЫ
Аспан қанша болған сайын қап-қара,
жұлдыздары жарығырақ жанады.
Жыртылсын бір қоп-қою шаң - жабағы,
көтер, достым, жұлдызыңды жоғары!
Қабырғада ербеңдейді көлеңке,
көлеңкелер жүр адымдап төбеде.
Жарқ-жұрқ етіп жарықтың айбалтасы
қараңғының қабырғасын сөгеді...
Әр маңдайға шықты көлбеп бір-бір күн,
шам дейміз біз кішірейтіп оны да.
Бүкіл қала жатқандайын жылынып
шахташының шам ұстаған қолына.
Қара тасқа қадалғанда сұр қайла
уыс-уыс жұлдыз ұшып шығады...
жарығы бар, жылуы жоқ,
о, жұлдыздың шуағы!
ТАҢЕРТЕҢГІ СМЕНА
Таңғы самал сәл сергіткен, денелі,
қандай жақсы ер өңі
Келеді әне, қайсарлығы шахтердің,
әзілі мен анегдоты келеді.
Қандай ғажап күлгені оның күркіреп,
Сол күлкімен қалады өзі бір түлеп.
Қайлалардың жылт-жылт еткен ұштары,
қараңғыны жыртып өт!
Сұйық ауа қалар сонда қойыла,
көмір исі желпиді алғаш бетіңді.
Тізілген шам штректің бойына
керзі етіктің жез шегесі секілді.
Одан әрі Лава жатыр - тұнған шаң,
қайт ізіңмен бетті басып бұлдансаң.
Жану қиын ілкіде,
сөне алмайсың бір жансаң.
Кеше койған тіреуінді қайта аңдап,
күйбеңдейсің қолқабың мен балтаңды ап.
Қап-қара тер көрінгенде арқаңнан
қара вагон шығар толып қайқаңдап...
* * *
Тас қабырға бара жатыр шегініп,
балуан қолдар бұрғылады, құлатты.
Тас қабырға бара жатыр шегініп
жолаушының көкжиегі сияқты.
Комбайндар қабырғаға енеді,
бұрғы дір-дір қадалады кара тастың төсіне.
Қоңырайып көмір ағып келеді,
қодыр бұйра толқындары есіле.
Маңдайының терін сүртіп жеңімен,
шахтер демін екі иінінен тұр алып.
Қайнап қатқан қайсар тастың жігіне
болат бұрғы дәл келгенге қуанып.
Сол бұрғыны қадаған бір шағында
шахтер жігіт ұшып кете жаздайды.
Білектегі білеуленген тамыры
ток жүретін кабельдерден аумайды...
* * *
О! Мөлдір аспан, мөлдір аспан!
сен егерде көзі болсаң адамның.
үйренер ең ұшқан аулап, сыр бағып.
Қабат-қабат тұнар болса саған мұң,
Ашылар ең бір жауып.
Ұзақ ұстап тұра алмас ең күлкіңді,
ұзақ ұстап қалмас едің бәрін де.
Адамға ұсап өткізер ең бір түнді
сен адамның көзі болсаң әрине.
Сен адамның көзі болсаң шіркін-ай,
Таңданар ең біздің мына ғасырға.
Болса-дағы ашуың - күн, күлкің - ай,
көрмейсің ғой,
жасырма.
Әр кеудеде бір қызыл күн тұр жанып,
кетті айналып ақыл мен ой шыраққа.
Қарар едің бұдан да сен нұрланып,
сен адамның көзі болсаң бір апта
Бүгін емес, сол кезде де жер кейпін
көрсең - неше ғасыр көрдің, айт, неше? -
Сезбейсің де көрмейсің,
әлдеқашан қартаяр ең әйтпесе.
О! Мөлдір аспан, мөлдір аспан.
1963, 1982