Маңдайға әжім терең-терең қазылып,
Бір терең жыр кетсе дейсің жазылып,
Көп сыншының өзіңе айтқан кінәсын,
Опынасың, аз ұғып.
Қайбір әділ достарыңды қазы ғып,
Соларға ойша қарайсың да шағынып,
Сонау күні кетіскен бір құрбыңды
Отырасың сағынып.
1967