рға ораған кісінің ісін елеп,
сырын ашқан хақтың да,
өлең жазғыш,
кәрі құдірет – Гомер шал, саған да алғыс,
саған да алғыс, құдайлар, жамандалғыш!

Аңыз!
Өткен күннен біз хат аламыз,
аңыз дейміз біз соны – атағы аңыз,
о да шындық әйтпесе: Өмір. Адам.
Зардың әні... көпке ортақ – танымал ән,
Жесір ана дауысы аңыраған,
күрсінгені жетімнің құр тұншығып,
күншілдердің күңкілі шіркін, шірік –
бәрін қоссаң – баяғы бір тіршілік.
Заманына жасалған ыңғайланып,
күрес салған қашан да тынбай халық:
Прометейлер, Ян Густер салған ылаң,
халық деген күш туды қалғанынан.
Құмға айналса Троя,
желді күні,
құлағыма қайғылы үн келді, міне.
Ұғынбаған қашан да ештеңені
ескі, жаңа заманның кещелері
кещелігін де ұқпайды,
нені ұқпаса
соған тағы керемет өш келеді.
Кещелерін, әр елдің соқырларын
жинап алып, ортада отыр ғалым:
соқыр жыршы не көрсін деген егес
(Көзі бардың да бірі Гомер емес!)
Құдай жайлы Қытай мен Қырымдағы
жырды өтірік, деп қойып, мұның бәрі
әлдекімді іздейді мұқатқалы,
әйтсе де өзі қалыпты жұтап тағы
бір сызылған межеден тірі аспайды
жұрт білгенді ғана тек растайды.
Құдайлардың тірлігі аңыздағы
аңыз болғаны үшін тек маңызды әлі.
Тек аңызбен Эллада әйгі ел еді:
жаяу қосқанмен ерін бәйгеге елі,
Пегас болса аттары – теріс несі,
перісіне сай келсе періштесі,
құдайына пәндесі сай келеді.
Бірақ мезгіл саралап алған бәрін:
әлдебіреу түсінген талғам барын –
мүсіндеген аңның да арландарын,
т.б. дегенге қосқан қалғандарын.
Ал, әйелдің сұлуын ғана салған –
міне, міне жері осы аласарған:
ұрғашыны ұстаған сәл кешіріп,
баяғы сол, баяғы пәндешілік.

Пәнде-құдай Аполлон тыныш кісі,
Жүзім көрсе – келеді бір ішкісі
әйел көрсе – айналсоқ қасқа бала
сия алмапты сондықтан астанаға.
Қырындаумен қастары қима-қызға,
құдайларға симап ед – сыйды аңызға
Кей аңыз – су, кетті ағып,
ылай қалды,
ылай жұтты талай бір құдайларды.
Аспан жақта деуші еді кеңселері,
оларды ешкім көрмесе сол себебі.
Өз басы үшін жұмсаған сана-күшін,
бір жақсылық етпеген адам үшін
құдай-құдай бола ма,
жоқ белгісі,
Христос та көкке ұшып кеткен кісі.
Қызығы: оған да ұнаған күнәлі адам,
ақ пен адал оған ұнамаған.
Адал сатушы болса тұрақты, әйгі
алымқор ревизор да ұнатпайды.
Шіркін, көздер ой мен тек тұнса ызадан,
қалай ғұмыр кешеді мұңсыз адам?!
Ұнау дейді, кімге ұнау, қалай ұнау –
сұрақ қою оңай да,
ағайын-ау,
жауап беру...
Қойшы әрі, мазаны алмай,
көрген емен өмірі азап ондай.
Жайын білгем сұрақ деген “бүйінің” мен,
Талай шағып оятты ол бүйірімнен.
Бүйі де емес,
Көп сауал – маса ғана –
әлжуаз ғып табиғат жасаған, ә?!
Дауысы да жоқ,
үні бар – ызың ғана,
найзасы жоқ,
инесі – ұзын ғана.
Онша қырғын жау емес маса да аса,
табиғат тек санын көп жасамаса.
Он шақтысы ызыңдай жабысқанда,
жылап барғың келеді-ау Арыстанға!
Тек құдайлар жерінде...
жоқ Арыстан,
қыран да жоқ қайқайып жоғары ұшқан,
тек дыбыс бар әлсіздеу, ызың-ызың,
ащы тұмсық-тілдер бар ұзын-ұзын.
Дабырайтсын Зевсті қаншама аңыз,
Тіл қатар деп Олимп-тау шаршамаңыз:
құдай – атақ, аңыз тек құр мақтайды,
табиғат тек мүлгиді, тіл қатпайды –
неге ұрысты құдайлар, не бөлісті?
Алма өсіріп не керек – алмаса үзіп,
құр қаңқу боп не керек,
қалмаса ізі
“мұны – құдай жасады” деген істің?!

Су асты Бір бұтаға тұрған ықтап
айтты дейді бір балық бір балыққа:
– Сайраңдап қал әзірше,
Шап, тайраңда,
Кездесерміз түбі бір ақ қайраңда! –
Ақ қайраң не?
Су шығар жоқ балдыры,
ылайланбас жел, дауыл соққан күні,
түбі – әппақ құм,
суы пәк, тыныш, тұнық,
ондай жерде іске аспас жымысқылық.
Адамшаға аударсақ, мағынасы:
тексерілер не пиғыл, не күнәсі,
түрлі айла-амал ете алмас түрлі өтірік,
қияметтің, сол шығар, “қыл көпірі?”
“Қыл көпір” жоқ әрине,
бірақ ары
таза адамдар “қылмен” де жүре алады.
Тым тазалық... қиындау жұмыс мүлде –
жүру керек ұдайы қыл үстінде!
Қаққандарға дүниені даңғыра ғып,
соны ескерткен болар ма әлгі балық?!
Балықтарға тіл бітсе...
Түңілме, інім,
Одан гөрі барлау ғой тілім менің!
Қорқытпаймын бірақ мен еш адамды:
жылпосты да,
жауызды,
есалаңды,
“қыл көпірмен”, не тозақ түтінімен,
алғы күнмен,
әділет үкімімен.
Өйтіп қайтем?!
Жүргенмен көзге күле,
Ел атанған осынау мекен ұлы
“қыл көпір” не, кімнің кім екендігін
Балық-достар сезеді өздері де.
– Осы сені желпінткен ненің лебі?
– Жақсылардың көптігі елімдегі,
содан кейін көтерді сенім мені,
сенімім сол: сенемін күрегіме,
белбеуіме сенемін белімдегі,
қаламыма сенемін жасаң әлі.
Сенім-дағы еңбектен бас алады:
бұған тағы қосылып тағы, тағы
тұнығымның тоғаны ағытады
табиғаттың еңбексіз жасағаны.
Еңбексіз бе?
Кім білген, мен де білмен,
Мен әйтеуір келемін еңбегіммен.
Аспан көгіс,
Көкте күн күлімдейді,
нұр құйылуы үшін де жерге көктен,
табиғат та шығар-ау еңбек еткен, –
бірақ оның еңбегі білінбейді:
бала-балғын бұтаның басында асыл
жабуы үшін жапырақ жасыл-жасыл,
шөптер ішіп ышықтан сусын құрап,
жел есуі үшін де,
су сылдырап
ағуы үшін сайлармен,
түзде құсы
жүруі үшін сол судан іздеп ішіп,
өсуі үшін көк тасқа мүк түнеріп,
болуы үшін тамырдың мықты-берік –
айтуы үшін осыны тілім менің
кім біледі, қанша еңбек сіңіргенін?!
Кім біледі...
не керек қуып ойлап,
тауым куә бәріне, суым айғақ:
а