Жеңіл мінез тасқа бітсе, тас-дағы
Безер еді атағынан бұрынғы.
Қайтер еді Алатаудың аспаны
Менің мынау шөп-басылау жырымды!
Бәрі, бәрі ұрар еді маңдайдан,
Бәрі, бәрі тұрар еді мелшиіп.
Жапырақта болар еді қандай жан,
Сыбдырлатып тұрмаса оны жел сүйіп.
Бірақ, бірақ... жеңіл күйлер сөнбейді,
Жеңіл ойлар туғаны үшін әлемде.
Жеңілдікке алғыс айтам мен кейде
Біткені үшін кей әдемі әйелге.

1965