Екі айна тұр: бірі қоңыр, бірі аппақ,
Бір тар жолмен келемін мен өткелі.
Екеуі де бір нүктеге тұрақтап,
Екеуі де көретіндей тек мені –
Бірі менің жеңісімді көреді,
Сондықтан да ылғи күліп тұрады ол.
Бірі менің кемісімді көреді,
Сондықтан да қоңырайып тұрады ол.
Ал, мен келем екі айнаға жалтаң боп,
Бейне екі қыз бірдей сүйген жас жігіт:
Бірі қирап қалатындай талқан боп,
Біреуіне қарамасам қас қылып.
1965