Екі көз тұр – екі жұлдыз жанады,
бірін-бірі көріп тұрған жоқ, бірақ.
Ақ қағазға екі нүкте тамады,
бірін-бірі көріп жатқан жоқ бірақ.
Екі нүкте көрер болса бір-бірін
қос нүкте емес, сызық болар еді ғой.
Екі көзің көрер болса бір-бірін
бір басыңды бұзып болар еді ғой.
1965