Қара жіптер тұзақ болсам екен деп,
қара жолдар ұзақ болсам екен деп,
тыртыспаған сияқты.

Асқар таулар биік болсам екен деп,
айдын көлдер тұйық болсам екен деп,
қырқыспаған сияқты.

...Біз де, достым, білсек еді ұятты.

1969