Қара шашың — қара орман,
қара көзің — қара су.
Су мен орман арасын
таныған жөн адасып.
Бір білегің — Ақ Жайық,
Ақ Еділ — бір білегің.
Екі ақ білек мойныма
оралғанын білемін.
Ернің — бұлақ көкпеңбек,
дірілдей ме, немене;
келмей кеттің көптен деп,
бұртияды төбелер.
Туған өлкем, жетесің,
теңе қандай теңеуге:
сен ару боп кетесің,
мен ақын боп келгенде.
1969, 1982