Өрістен қайтпай жатады
нар қоспақ-шабыт, қасқа бір,
қайғы-мұң деген ботаны
белдеуге тіздеп тастадым.
Нүкте-қазықты сіңіріп,
байладым асау ой басын:
айқайынан
сыбыры
мықты екен деп ойласын.
Тері теңеуді іи қылдым,
сөздерімді есіп шылбыр ғып
байладым есек-пиғылды,
бақыртпау үшін қылғынтып.
Жүйріктер ытып жүр әне,
атылып шығып тасадан,
қуамын, тағы қуамын,—
ұйқастарымды қашаған.
Образ-сарай сиқырлы,
алдым мен соған көшіп кіріп.
Тек анау шынжырлы итімді
біреулер жүр-ау өшіктіріп...
1969, 1982