Қинар әлі сені шын,
қиындық бар не түрлі,
қиын боп тұр мен үшін
өз үйіме жетуім.

Интервью болар ма
газетшіге,
біл тағы:
қиын боп тұр одан да
бір мықтымен тіл табу.

Өтсем деймін ток секілді тыз етіп
қиындықтан осы бір;
тұрмын міне күзетіп
бір бастықтың есігін.

Ауға түскен сазандай
бұлқынасың тар көздерден өте алмай:
бір есіктен безе алмай,
бір есікке жете алмай.

Асығамын мен саған,
саған балам,
тасып қан,
жақсы өлеңдей,
оқушы
жүрегіне асыққан.

1969, 1982