Әлди, дала, баладай
әлди, әлди, әлди ғой.
Құшақтайын, далам-ау,
құшағымда қалғи ғой.

Аймалауы ананың –
Жайлы, жылы самалың;
Неғып жатсың қалғымай,
Әлди, әлди, әлди-ай.

Болса біреу кінәлі –
Жуады да шуағың.
Беткейлерден мына бір
бесік исі шығады

Ақ тікенің – тік кілең,
тісің шықты, сүйінші!
Ақ селеудің үстінен
бұрқырайды күн исі.

Әлди, әлди, еркемді,
тапсын ақыл, тапсын ой.
Бүгінгі ұйықтау, ертеңгі
оянуға жақсы ғой.

Алтын қамдам – көңілім,
Әлі қандай батыр шын, –
талпынғанмен момыным,
тани алмай жатырсың.

Әлди, әлди
қоңыр ән,
Менің әнім – керегі.
Жұбатпау үшін соңынан
Жылатпайын деп едім.

Әлди, әлди
Еркемді
есейтсін де тапсын ой.
Бүгінгі ұйқы, ертеңгі
Оянуға жақсы ғой...

1967