Бірінші өлең

Бес жасында ата-анадан айрылды,
Жеңге бар-ды,
айырылды одан да.
Арқалатады ғой тағдыр қайғыңды,
қырсықты да көтеретін адамға.
Қайғы – іші тарға біткен іш білем,
күштілерге өшігеді ол несімен!
Жазатайым жаза тартса күштіден,
одан сайын түседі екен өшіге.
Жетімдік пе – көне ме оған адам жай –
Әләуләлә, әләуләлә, әләуләй.
Жиырма бесте жан-жарынан айрылды.
бала бар-ды,
айырылды одан да.
Арқалатады ғой тағдыр қайғыңды,
қырсықты да көтеретін адамға.
қасіретті білді сонда сезіне,
Ол сезіну аспады тек бір түннен,
қайғы оның қонбақшы еді көзіне,
көзі бірақ босамады күлкіден –
Жесірлік не қайраты бар адамға,
Әләуләлә, әләуләлә, әләуләй.
Отыз жаста шалға шықты қайрымды,
қайны бар-ды,
айырылды одан да.
Арқалатады екен тағдыр қайғыңды,
қырсықты да көтере алар адамға.
Сұр жігіттен шалдар артық қызыл бет,
келіншегін күтеді олар бұзаудай,
еркелете атаса да қызым деп,
Қасірет жоқ дейді шалда қыз алмай.
Қасірет пе?
Бай болса оған – адам бай,
Әләуләлә, әләуләлә, әләуләй.

Екінші өлең

Тұрған соң сыр бүгіп
Кербез ғой күй мен жыр.
Бар болса бір жігіт
Кербезге үйлендір.

Бар болса әрине,
бар болса ниет шын.
Жақсының бәрін де
Кербезге сый етсін.

Бар екен ерде үміт –
Кербезге жолықтыр.
Ізіне телміріп,
Өлетін болып тұр.

Табылса жаман жар,
шығар ол қасың тек?
Әйгіле ғаламға,
Кербезден жасыр тек.

Дүние-ау, сөз бердің,
Өсірдің ерке етіп,
Қор етпе көзді енді
Жамандық көрсетіп!

Сұлу сөз –жанар тез
Сұлу боп отырып,
айтпашы жаман сөз,
айтсаң да өтірік.

Бар болса жамандар
шығар ол жау ғана?
Тым әлсіз жарам да
жауымнан аумаған.

Кел мұнда жәрдемге,
Сұлуға – бөлек ой.
Жақсылық бар жерге
Кербездік керек қой.

Арлыны пір біліп,
ақиқат сүйгенді
тауып ал...
Тұр жігіт!
Кербезге үйлендір.

1 Кербез – Динаның құрбысы жесір келіншек. Күй соған арналған.

1967