Болмаған соң махаббатсыз.
сүюсіз,
өмір өссе – атамақсыз:
тыюсыз.

Қалай ғана тыйылады,
ырғалған
қыз бен жігіт күйіп-жанып
тұрғанда.

Жазғырасыз жанды-гүлді,
түк ойсыз:
махаббаттың мәңгілігін
тілейсіз.

Қалай мәңгі демек едің,
бір жанға:
айрылысу менен өлім
тұрғанда.

1967, 1982