Қара мәрмәр, ақ мәрмәр –
аккардеон тілі сын-ды баспалдақ,
Днепрдің жағасынан басталған.
Аңыз айтады:
со кездері баспалдақ
апаратын жол болыпты аспанға.
Сол аспанда «Құдай барын» растап,
Таразы ақын ескерткіші тұр асқақ.
Таразы ақын басында жүр бұлт аунап –
қиын екен көтерілу бұл тауға!
Жүрек тулап,
тамыр толқын атады.
Самолеттен қарасаң
бұлт осылай жатады –
бұлты ұйыған Днепрдің беті, әне.

Көлеңкесін көрпе ғылып жаяды,
бұлттар сұйық – көлеңкесі көмескі.
Биіктіктің қырсығы ғой баяғы:
ақындардың аспаны
бұлтсыз болған емес-ті...

1983