Күн де шықты,
көгілдір
дүние енді қызады.
Күн астынан көрінді
күнбағыстың жүзі, әне!

Талма-түстің шағында
құбылада тұрды күн.
Қарады енді қағына
Күнбағыс та бір қырын.

Бағыты енді түзелді –
Күн батуға барады.
Күнбағыстың жүзі енді
Күн-батысқа қарады.

Көп жүздіні қағытып
күліп едік көптен көп.
Бір тұрақты бағыты,
бағдары жоқ неткен бет!

– Қате түйсік бұл нағыз,
қателес, тек, таспа аса.
Болмаса олай,
Күнбағыс
аталар ед басқаша?!

1983