Жас ағады мәжнүн тал
жапырағынан шашақты.
Сол секілді,
сенің де
кірпігіңнен жас ақты.
Мәжнүн тал – табиғаттың өзі де,
сен – сенесің әлдекімнің сөзіне.
Сенде – амал, һаярлық,
онда көңіл, ықылас:
біріңдікі өтірік,
біріңдікі ып-ырас.

Мәжнүн тал былжырап
ғұмыр бойы тұр жылап.
Саған керек Тозақ бір,
оған керек бір Жұмақ.

Кептіру жөн біреуін –
Жұмақ,
Жұмақ, жақ шуақ.
Лаула, Тозақ:
біреуін
өртеу керек жақсылап!

1983