Туған жердің ауасындай жұпарын,
Құнығып кеп, суырып кеп жұтамын.
Саусақтары – қызыл гүлдің сабағы, –
байқап ұста үгітіліп қалады!
Жанары оның – шілдедегі түн асыл,
жасырады бақыты мен кінәсін.
Сол бір жанар жасын төксе егіліп
көздің өзі кететіндей төгіліп.
Үні – әндей, әні бірақ – ынжық ән,
керуендей әрең-әрең жылжыған.
Аяқ басса билегендей болады,
бірақ оның биін көргем жоқ әлі.
Отырғаны, не тұрғаны сезілмей,
қарайды ол бәріне де төзімдей!
Кеудесі тоқ – талапсыздың көңіліндей,
шашы қара – қасіреттің өзіндей...

1965